Абай 175 жыл
Биыл Абай Құнанабайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс – шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Мұның бәрі – той тойлау үшін емес, ой – өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек.
Абай – халқымыздың ең аяулы перзенті, дана ұстазы.
Біз, білім алушы – студенттер Абайдың бойынан табылатын тұлғаға лайықты, мақтан тұтатын рухани тірегіміздің барына алғыс айтуымыз керек. Ұлы мерейтойды мерекелеу - болашақ жастардың тарихи санасына сіңіру және еліміздің рухани мәдениетін жаһандық форматта ілгерлетуге бағытталған Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болмақ.
Уақыт өткен сайын Абайды жаңаша көреміз. Екі ғасыр бұрын Абайдың ойынан шыққан тәлім – тәрбие осы күндерге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ.
ААбай қазақ деген халықтың ғана Абайы емес. Абай бүкіл адамзаттың асқан ойшылдарының бірі екен. Бүгінде ғалымдарымыз Абайтану ғылымын жасап, ұлы ақынды көпке танытуда үлкен ізденісті жұмыстар жүргізуде. Дей тұрғанмен, ақын тойы тойланар күн жақын қалды. Осы атаулы мерейтойға дейін Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ жастарының арнайы ашылған сайты да Абай өнегесімен ауқымды жұмыстар атқара бермек. Тәуелсіз еліміз үшін руханиятқа қажет болып отырған бұл бастама – АрқМПИ сайты студент - жастар үшін де аса қажет бастамаға айналады.