Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

  • Басты бет
  • Жоғары оқу орнының стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың нәтижесі жөнінде ақпарат

Жоғары оқу орнының стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың нәтижесі жөнінде ақпарат

Педагогика және психология кафедрасының ЖОО-ның стратегиялық жоспарын жүзеге асыру қорытындысы жайлы ақпарат

   Педагогика және психология кафедрасы өз қызметін 2013-2020 жж. арналған АрқМПИ Стратегиялық даму жоспары негізінде атқарады. Қызметтың стратегиялық мақсаты – білім беру жүйесінде құзыреттілігі бар бәсекеге қабілетті педагог-психологтарды дайындауды жүзеге асыруға бағытталған.
Әзірлік 5В010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша жүргізіледі.
Студенттер контингенті- 149 , соның ішінде 92 – күндізгі бөлімде, 57 – сырттай оқу бөлімінде. 149 білім алушының 68-і мемлекеттік грант иегерлері болып табылады.
Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру аясында кафедра келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізді:
    1. Көптілді педагогикалық кадрларды даярлау.
2013-2014 оқу жылынан бастап мамандықтың оқу жоспарына ағылшын тілінде жүргізілетін “Plan-program of course "Personality and her psychological devolopment" элективті пәні енгізілді. Пән көптілділік саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік бере отырып қазақ және орыс бөлімдерін біріктіріп өткізіледі. Пән 1 курста жүргізіледі, 3 кредиттен тұрады.
   2. Мамандықтың оқу үдерісінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуін күшейту
Педагогика және психология кафедрасының ПОҚ жоспарлауымен жыл сайын оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу және шығару жүзеге асырылады. Соңғы жылдарда әзірленіп шығарылған құралдар саны: 2014-2015 – 3 оқу-әдістемелік құрал:
- «Педагогика пәнінен 1001 тест жинағы» (автор Бижанова Ғ.Қ., Тауекелова А.Е.)
- «Практикум по педагогическому мастерству» (автор Есиргепова В.Ж.)
- «Семейная психология» (автор Бузулуцкая Т.М.)
2015-2016 – 2 электрондық құрал, 3 оқу-әдістемелік құрал, 2 әдістемелік құрал:
-«Қазақстандағы білім және педагогика ғылымдарының тарихы» (автор Калкеева К.Р., Бижанова Ғ.Қ,. Ахметова П.А.)
-«История развития педагогической мысли в Казахстане» (автор Калкеева К.Р., Ахметова П.А., Алькуатова А.Л.)
-«Современные образовательные технологии в преподавании психолого-педагогических дисциплин» (автор Есиргепова В.Ж., Батырова З.Н.)
-«Оқу үдерісінде студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытудын негіздері» (автор Тауекелова А.Е.)
-«Психология салалары бойынша тест жинағы» (автор Мусирова Г.Б., Тауекелова А.Е.)
-«Болашақ мамандарды даярлауда жобалап оқыту технологиясының ерекшеліктері» (Какина Д.Ш., Сейдина Б.З.)
-«Формирование ценностных ориентаций современных подростков в процессе социализации» (автор Алькуатова А.Л., Есиргепова В.Ж.)
3. Өлкенің дамуы және 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуге байланысты мамандарды даярлаудың оқу-әдістемелік базасын жаңарту
Кафедра жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып және ҚР БҒМ хаттарының негізінде жыл сайынғы оқу жоспарларын жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Соңғы 3 жылда оқу жоспарларына келесі пәндер енгізілді: «Педагог-психологтың шағын кешенді мектептегі жұмысы», «Педагог-психологтың инклюзивті білім беру жүйесіндегі жұмысы», «Қазақ елі», «12 жылдық білім берудің психологиялық-педагогикалық негіздері», «Медиапедагогика», «Психикалық денсаулық профилактикасы және суицидалды мінез-құлықтың провенциясы», «Білім берудегі жаңа технологиялар», «Отбасы психологиясы», «Коммуникация жүйесіндегі вербальды емес қарым-қатынас құралдары», «Криминалды психология», «Еңбек психологиясы», «Өнер психологиясы», «Клиникалық психология».
4.5В010300 – Педагогика және психология мамандығы студенттерінің оқу үлгерімі және сапасы жайлы көрсеткіштері
Мамандық бойынша мемлекеттік емтихандағы орта балл:
2012-2013 – оқу жылы: 4,0 балл;
2013-2014 - оқу жылы: 4,3 балл;
2014-2015 – оқу жылы: 5 балл;
2015-2016 – оқу жылы: 4,0 балл;
2016-2017 – оқу жылы: 4,8 балл;
2017-2018 – оқу жылы: 4,7 балл

Дипломдық жұмыстарды қоғаудағы орта балл:
2012-2013 - оқу жылы: 4,4 балл;
2013-2014 - оқу жылы: 4,7 балл;
2014-2015 – оқу жылы: 4,8 балл;
2015-2016 – оқу жылы: 4,9 балл;
2016-2017 – оқу жылы: 4,8 балл;
2017-2018 – оқу жылы: 4,9 балл
5В010300 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің үлгерімі мен білім сапасы жайлы 2012-2013, 2013-2014 оқу жылдарындағы оқу жетістіктерін сырттай бақылау (ОЖСБ) арқылы саралауға болады. ОЖСБ мәліметтері 1,2 кестеде көрсетілген.

Кесте 1 . 5В010300 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің 2012-2013 оқу жылындағы ОЖСБ жайлы мәліметтер

Студенттердің жалпы саны

Оқыту тілі

Пәндер құрамы

Балл сомасы

Орта балл

Педагогика

Психология

Пед. өтк. әдіст.

Псих. өтк. әдіст.

1

23

қазақ

31

29

23

19

102

101

2

5

орыс

22

24

30

25

101

Кесте 2. 5В010300 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің 2013-2014 оқу жылындағы ОЖСБ жайлы мәліметтер

Студенттердің жалпы саны

Оқыту тілі

Пәндер құрамы

Балл сомасы

Орта балл

Педагогика

Психология

Пед. өтк. әдіст.

Псих. өтк. әдіст.

1

21

қазақ

29

21

45

29

124

123

2

5

орыс

31

33

28

29

121

5. Мамандықтың стратегиялық бағдарлануына орай арнайы енгізілген элективті пәндер
ЖОО-ның стратегиялық жоспарына сәйкес элективті пәндерді енгізудің бағыттары келесідей:
-«Шағын кешенді мектеп»
-«Көптілділік»
-«ҚР 12 жылдық білім беру»
Осының негізінде педагогика және психология кафедрасы 2013-2014 оқу жылынан бастап оқу жоспарына төмендегідей элективті пәндерді даярлап енгізді:
1. «Шағын кешенді мектеп» бағыты бойынша элективті пән – «Шағын кешенді мектептегі педагог психологтың жұмысы» (3 кредит);
2. «Көптілділік» бағыты бойынша элективті пән – “Plan-program of course "Personality and her psychological devolopment" (3 кредит);
3. «ҚР 12 жылдық білім беру» бағыты бойынша элективті пән – «12 жылдық білім берудің психологиялық-педагогикалық негізі» (3 кредит).
6. Кафедраның ППҚ қатарынан магистратураға, докторантураға мақсатты орындарға түсу бойынша шаралар кешенін әзірлеу және қабылдау

  Кафедраның академиялық және ғылыми деңгейленуін жоғарылату мақсатында ППҚ мақсатты білім беру гранттары арқылы ҚР жетекші ЖОО магистратура және докторантураға дайындық жүргізеді.

Оқытушының аты-жөні

Магистратураның/докторантураның мамандығы

Оқу орны

Түскен жылы

Бітірген жылы

1

Смаилова Г.С.

докторантура, 6Д010300 – Педагогика жәнепсихология

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

2012

2015

2

Бондарева Т.О.

докторантура, 6Д010200 – Педагогикажәнебастауыш білім беру әдістемесі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

2013

2016

3

Алькуатова А.Л.

Магистратура, 6М010300 – Педагогикажәне психология

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

2013

2015

4

Балтабай Ж.

Магистратура, 6М010300 – Педагогикажәне психология

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

2015

2017

5

Калимжанова Р.Л.

докторантура, 6М012300 -

Әлеуметтік педагогика жәнеөзін-өзі тану

Л. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университеті

2015

2018

    7. Оқу-білім ортасын жетілдіру
Оқу-білім ортасын жетілдіру мақсатында кафедра қашықтықтан оқыту үшін видеодәріс әзірлеу және жазумен айналысады. 2014 жылы «Психология және адам дамуы» пәні бойынша видеодәрістің толық курсы әзірленді (30 дәріс сағаты); 2015 жылы «Тәрбие жұмысының әдістемесі мен теориясы» пәні бойынша видеодәрістің толық курсы әзірленді (15 дәріс сағаты).
   8. Қазақстандық патриотизм рухында руханилылықты, гуманизм, ұлтаралық және конфессияаралық келісім идеясын қалыптастыру
Қазақ қоғамының берік этномәдени негізін қалыптастыру мақсатында 2013-2014 оқу жылында элективті пән арқылы «Қазақ елі» бағдарламасы енгізілді.Бұл пән 1 кредиттен тұрады және практикалық-бағыттылық сипатқа ие. Осы пәннің мамандықтағы аясының пайызы жыл сайын көбейіп отырды, егер, 2013-2014 оқу жылында ол 18 %-ды құраса («Педагогика және психология», «Тарих» мамандықтары меңгерді), 2014-2015 оқу жылында – 75 %.
   9. Мамандықтың білім беру бағдарламасының ұлттық және ұлтаралық аккредитациядан өтуі
2015 жылы 5В010300 – Педагогика и психология мамандығының білім беру бағдарламасы мамандандырылған аккредитациядан өтті. Аккредитацияны БСҚА (Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі) жүргізді. Білім беру бағдарламасының аккредитациясы 7 стандарт бойынша өткізілді. Түйіндеуге сәйкес, білім беру бағдарламасы барлық 7 стандартқа сай келеді.
   Өзін-өзі бағалау, алдын ала аудит, сыртқы келу бойынша есеп беруге жүргізілген талдау негізінде БСҚА 5В010300 – Педагогика және психология мамандығының бағдарламасын аккредитациялауды ұсынды.

 

і.

Talk to us

87143072488