Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

  • Главная
  • Жалпы ақпарат
  • Ы. Алтынсарин туралы

Ы. Алтынсарин туралы

f 1Қазақстанның тарихына Ыбырай Алтынсарин көрнекті ағартушы, педагог, ақын, қоғам қайраткері ретінде енді.Қазақстанның тарихына Ыбырай Алтынсарин көрнекті ағартушы, педагог, ақын, қоғам қайраткері ретінде енді.
  Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы, Арақарағай болысында (бұрынғы Затобол ауданы), ауқатты отбасында дүниеге келген. Ыбырайдың өз әкесі ерте қайтыс болғандықтан, ол атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өскен. Сол кездің Балқожа би қазақтың халық ауыз әдебиетіне жетік, өлең шығарған, тілі шебер шешені болған.
Балқожа би немересін 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының осы қалада қазақ балалары үшін ашылған жетіжылдық мектебіне оқуға береді. Оның мектепте оқыған кезі туралы мұрағат құжаттарының бірінде оның табандылығымен, өздігімен жұмыс жасай алатындығымен ерекшелегендігі айтылған.
   1857 жылы Ыбырай мектепті аяқтап, Орынбор шекара Комиссиясына тілмаш болып қызмет атқарады. Ол осында білім деңгейін көтеруді жалғастырады, туған елінің тарихын, әдебиетін, шығыс, орыс және батыс – европа мәдениетінің ғылыми еңбектері мен көркем шығармаларын ықыласпен оқып үйренеді.
Туған халқына қалай пайдамды тигізсем деген зор ынтамен шабыттанған Ы.Алтынсарин өзінің қабілетін байқап, педагогикалық жұмыспен айналысуды армандайды.
1860 жылы ұзақ машақат пен қиындықтан кейін оған Орынборды тастап Торғай қаласына ауысудың сәті түседі. Бірақ бұл жерде жергілікті патша үкіметі ұзақ уақыт бойы Ыбырай Алтынсаринге өзінің сүйікті мұғалімдік ісімен айналысуға мүмкіншілік бермейді. Соттың көмекшісі, біресе судья, уезд басқармасының көмекшісі, басқарманың міндетін атқарушы қызметіне тағайындайды.
  1865 жылы ғана педагогикалық жұмысқа ауысудың сәті түседі. 20 жылға жуық халық ағарту саласында басшылық қызметтер атқарады. Торғай уезіндегі халыққа білім беру бойынша инспектор қызметінде ол өзін көрнекті ұйымдастырушы, талантты педагог, белгілі ағартушы-жазушы және ірі қоғам қайраткері ретінде көрсетті.1865 жылы ғана педагогикалық жұмысқа ауысудың сәті түседі. 20 жылға жуық халық ағарту саласында басшылық қызметтер атқарады. Торғай уезіндегі халыққа білім беру бойынша инспектор қызметінде ол өзін көрнекті ұйымдастырушы, талантты педагог, белгілі ағартушы-жазушы және ірі қоғам қайраткері ретінде көрсетті.
  «Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы, - деп жазды Ыбырай Алтынсарин, - барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі – осы, тек осы мектептерде».
  Ағартушылықты жақтаушы Ы.Алтынсарин білімді адамның ардақты борышы-балаларға білім беру деп санаған.
Оның қазақ балаларын оқытуға деген ынтасы, олардың өз халқына пайдасы тиіп, жетістікке жетулері екінші жақтан қарсылық тудырды. Патшалық әкімшілік төменгі буыннан чиновниктер даярлануын қалады, орыс тілінде іс жүргізу, хатшы, тілмаш, аудармашы патша үкіметінің отарлау саясаты рухына бейімделіп тәрбиелегендерін қалады. Сондықтан олар Алтынсариннің  қазақ балаларын орыс тілінде оқытуына қарсылық білдіре қоймайды, бірақ  кең көлемде білім беруіне қолдау көрсетпеді. Бір жағынан, өңірлік дінбасылар көпшілікке Ыбырайдың қазақ балаларын орысшаландыру арқылы орыс әскеріне дайындап жатыр деді. Алтынсарин шын мәнінде надандыққа, діншілдікке, ескі салтқа ислам дінін өз мақсаттарына пайдаланған патшалық идеологияға, «магометке сүйене, ақ патшаның құлы болыңдар» дегендерге қарсы шықты.
  Шалғай түкпірде мектеп ашу жұмысының қиыншылықтарына қарамастан, ағартушылық идеялармен қанағаттанған Ы.Алтынсарин  көздеген мақсатына кірісті. Ауыл-ауылды аралап, халыққа кәсіптік білімнің маңызы мен мақсатын түсіндірді. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салуды қолға алды. Торғайда, Елек қорғанында, Ырғызда, Ақтөбеде орыс-қазақ мектептерін ашты. Қазақ қыздары үшін Ырғызда жанында интернаты бар мектеп аштырды.
«Бізге ең ауыр, жауапты кезең кез келіп отыр: бұл кезеңде біз бәрін жаңадан бастап жасауымыз керек, осы жаңалықтың бәрін қараңғы халықтың арасына енгізіп, күшіміздің келгенінше, біліміздің жеткенінше, олардың көзін ашуымыз керек. Сол себепті мен ел аралап, қоғамнан және әр түрлі қоғамдық уездерден, облыстық болыстардан ақша сұрап жүрмін. Оның ынтасының арқасында 7 бастауыш мектеп, 4  екікластық қазақ балаларына арналған училище, сонымен қатар қыздарға арналған орыс-қазақ мектебі ашылды. 1883 жылы Орскіде қазақ мұғалімдер семинариясы ашылды. Ы.Алтынсарин зиялы халық мектептерін ашып қана қойған жоқ, сонымен бірге дидактикалық оқыту принциптері мен балаларды тәрбиелеуге арналған әдістемелік нұсқаулықтар жазды.

f 2Алтынсарин бүкіл өмірін туған халқына арнады. «Қазақ халқы өз-өзін білімге құштар екенін көрсетеді», - деп жазды.  Алтынсарин бүкіл өмірін туған халқына арнады. «Қазақ халқы өз-өзін білімге құштар екенін көрсетеді», - деп жазды.
Алтынсарин орыс халқы мен қазақ халқының достығына сенімді қолдаушы болды. Ол орыс демократиялық насихаттады, орыстың педагог-жазушылары К.Д.Ушинскийдің, Л.Н.Толстойдың тәжірибесін пайдаланды.
Алтынсарин ағартушы ретінде білімге табынған және білімнің қоғамды, әрбір жеке тұлғаны дамытудағы күшіне сенген.
Ы.Алтынсариннің әдеби қызметін бақылаған замандастары, оның еңбектерінің қаншалықты халықтың қажеттігіне жарайтындығын көзі тірісінде бағалаған.
Өзінің қатардағы әдеби шығармашылық еңбегінен басқа – «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы», «Қазақ хрестоматиясы» (1879) еңбектері ана тілінде құрастырылған.
Бұл кітаптарда орыс графикасы негізінде жасалған жаңа қазақ алфавиті пайдаланылды.
«Қырғыз хрестоматиясының» кіріспе сөзінде Алтынсарин: «Жалпы біліммен пайдалы мағлұмат беретін кітап Азия халықтарының бірде-бірінің тілінде жоқ, сондықтан орыс тіліндегі кітаптан ізденуді мақұл көрдік. Осы себептен біз хрестоматия өзінің мақсатына сай келуі үшін оны орыс алфавитімен шығаруды қолайлы деп таптық», - деп жазған.
Ы.Алтынсариннің ақындық шығармашылығында ең алдыменн халыққа білім берудің маңызын насихаттарды, жастарды білім алуға шақырды. Білімнің қажеттілігін Алтынсарин заманында дәлелдеу керек болды. Мектеп ашу ғана емес, оқушыларды жинауға қиынға соқты.
Алтынсарин балаларды оқуға, білімге шақырған өлеңдер жазды. Солардың ішіндегі «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңі жас өспірімдерді оқуға үміттеген жалынды ұран болып қалды. Бұл өлеңде адам өміріндегі білім мен ғылымның пайдасы туралы айтылған.
Ғасырлар бойы көшпенділер байлық басы мал деп санаған. Бірақ баянды, шынайы байлық білімде екенін Алтынсарин өлеңдерінде айтып, осыған жастарды сендіруге, көзін жеткізуге тырысады. Адамды тек білім ғана бақытты, құдыретті ететіндігін көрсетеді.
«Өнер-білім, бар жұрттар» деген өлеңінде өнер-білім, техниканың пайдасын айта келіп, балаларды, жас өспірімдерді мәдениетті халықтың қатарына қосылуға, соған жетуге, солардан үлгі-өнеге алуға шақырады.
Қоғамдағы әділетсіздік тақырыбындағы ақынның шығармаларына елдегі әлеуметтік теңсіздікті, байлардың зорлық-зомбылығын, сараңдығын, кедейлердің аяусыз басып жаншуын, жер-жерлерді байларды құрметтейтінін, жоғары қоятынын әшкерелейтін өлеңдері бар.
Ы.Алтынсарин туған табиғаттың суретін де шебер жырлаған. Өзіндік үндестік, үйлесим заңдылығымен табиғаттың үні мен болуына таң қалмаған ақын кемде-кем шығар.
Ы.Алтынсариннің жанына мәңгі жақын-дала табиғаты, ел көрінісі, ауыл келбеті. Әсіресе, жаз мезгіліндегі дала оны қатты тебірентеді. «Жаз» өлеңінде табиғат көрінісі халықтың өмірімен астасып жатады.
Ыбырай бұл өлеңде жерді көк майса шалғын басып, дүние гүл жайнап, даланың хош иісі адамды керемет рахатқа бөлеп жатқан ең бір әсем кезеңнің тамаша картинасын жасайды. Өзеннің ағысы өмір сырын бейнелеп, тынымсыз ағып, адам, жан-жануар біткенге нәрін ұсынады.
Жаз адамға қуаныш сыйлайды. Алтынсариннің көреген көзі жас сәбидің желкілдеп өскен көк майсада сайран салуын, керуен жолына әсемденіп, көңілдері көтеріңкі әзілдері жарасқан әйелдерді, таң сәрідегі ғашықтардың айырылысуын аңғарады.
Ы.Алтынсарин – табиғатты жіті бақылаушы ғана емес, әсем суреттей білетін ақын. Ол – өмір жайлы көп толғанатын, өмірдің мәңгілік жаңаруын, жаңғыруын күтетін философ, ақын.
Ақынның көз алдындағы табиғат – ұлы сауықтырушы, тыныштық орнатушы. Ол өмірді ерекше ықыласпен қабылдап, оның кереметтігіне, тамаша екендігіне сенеді. Бұны тек «Жаз» өлеңінен ғана емес, «Өзен» өлеңінен де көруге болады. Бұл, бір жағынан, жағада өскен желкілдеген көк майса шалғын, өрісте асыр салған тай-құлындар, мөлдір ағыста шоршыған балықтар, ал екінші қырынан, өмір ағысының мәңгілік бейнесі:

Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады,
Өксіген оттай жанып жануарлар,
Өзеннен рахат тауып басылады.
  Міне, Ыбырайдың табиғат туралы өлеңдері осындай, бастан-аяқ адам тіршілігіне байланысты.Міне, Ыбырайдың табиғат туралы өлеңдері осындай, бастан-аяқ адам тіршілігіне байланысты.
Табиғат әлемінің әр алуан сұлу да, көркем көріністерін баланың көз алдына келтіріп, көңіліне эстетикалық әсер қалдыру арқылы өмір танытады.
Ы.Алтынсарин өлеңдерден басқа, демократтық, гуманистік, ағартушылық идеядаға әңгімелер жазды. Әңгімелерінде XIX ғ.60-70 жылдарындағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, өмірі суреттелген.
Жазушының «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Надандық», «Өтіріктің зияны», т.б. әңгімелерінде қоғамдық өмірдің негізгі мәселелері: әлеуметтік теңсіздің, надандық зияны, білім мен ғылымның пайдасы жайлы айтылады.
«Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде  құрдас екі баланың ескі жұртта қалып қойып, жаңа жерге көшкен ауылды іздеп тапқандығы туралы айтылады. Олардың хикаяларын айта отырып, Алтынсарин балалардың мінездерін, әлеуметтік жағдайларын, өмірлерін, тәрбиелерін, дағдыларын көрсетеді.
Әңгіменің негізгі түйіні – мінездері бір-біріне қарама-қарсыәлеуметтік жағдайлары екі түрлі балалар өмірі. Үсен – кедей баласы, еңбекқор, ол сонысымен өзін көрсетеді. Еңбек нағыз адамды тәрбиелейді, өмірдегі бар қиындықты жеңе алады, ал жұмыссыздық – кеселдіктің тамыры.
«Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі педагогикалық мақсаты көздейді: оқытады және бағыт көрсетеді. Алтынсарин қиындыққа емес, мінездің ақарапайымдылығы мен айқындылығына ұмтылады. Бірақ, бұл мінездер дерексіз емес, олар – шынайы өмір көрінісі. Өмірлік ұстаным, дидактикалық ойға еркін бағыттайтын – «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі қазақ оқушыларының арасында ғана емес, орыс оқырмандарына да кеңінен танылған. 1890 жылы «Родник» журналында әңгіменің орысша нұсқасы жарияланған.
Өмірді түсінуге, демократиялық және гуманистік көзқарастарды қалыптастыруда маңызды орын алатын әңгімесінің бірі – «Қыпшақ Сейітқұл». 70-жылдарда жазылып, «Қырғыз хрестоматиясында» басылған. 70-жылдары патриархалды-феодалдық тәртіптің орнауына байланысты казақ кедейлері отырықшылыққа көшіп, егін шаруашылығымен айналыса бастайды. Алтынсарин оларды қолдайды. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесіндегі еңбекқор Сейітқұл байларды жек көреді, олардан құтылу жолдарын іздейді. Ол өзінің кедей ағайындарымен бірге өзен жағасына көшіп, егін шаруашылығымен айналысады. Алтынсарин үлкен ықыласпен диқаншылар еңбегін, кедейлердің ынтымақтастығын, бір-бірін тартуын жазады: «Сейітқұлға көшпелі кедейлер қосылды. 5-6 жыл ішінде ол басқарған шаруашылық саны 400-ге жетті» Сейітқұлмен оның достарының жеңісін Алтынсарин диқаншылық шаруашылыққа деген ынтасы деп біледі. «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесіндегідей Алтынсарин еңбекке шақырады – адам еңбегі еш жерде жоғалмайды, бақыт оны іздеп табады.
«Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде Ы.Алтынсарин – антитезаны, салыстыру әдісін қолданады. Еңбекқор Сейітқұлға қарсы образ оның үлкен ағасы, ол өзгенің малын ұрлаумен баюды көздейді. Соңында оны белгісіз біреулер өлтіріп кетеді. Автор ұрлықпен келген жақсылық пайдаға аспайтынын көрсетеді.
Ы.Алтынсариннің шығармашылығы қазақ әдебиетінде үлкен орын алады. Көрнекті ағартушы – педагог, ақын, аудармашы, қазақ прозасының негізін қалаушылардың бірі – Ы.Алтынсарин қазақ даласының жоғары мәдени құндылық әлеміне зор үлес қосты.
  Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы – қазақ публицистикасының қайнар көзі.
Қазақ журналистикасының бастауы – XIX-XX ғасыр басы. Оның басында тұрған ағартушылар барлық жақсы қасиеттерді: еркін ойлау, ұлттық ерекшелік, түрлі көзқарас-ұмтылушылық жинады. Оның қалыптасу жолы кеңестік түрде болғандықтан, ұлттық қадамын жойды. Сондықтан болар, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, А.Бөкейханов, С.Торайғыровтардың баға жетпес, маңызды ойларына оралу орынды. Қазіргі уақытта ұлттық журналистиканың дамуы мен жан-жақтылығына бар жағдай жасалған. Бірақ ол үшін 100 жыл бұрынғы арман-мұраттарға қайта оралу керек.
Ы.Алтынсариннің шығармашылығын зерттеушілер оның публицистикалық қызметі жайлы аз сөз қозғаған. Дегенмен, ол-қашаннан белгілі Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаевтармен бірге публицистиканың негізін салушы. Қазақ журналистика тарихының негізін салушы Х.Н. Бекхожин идеологиялық догма үстемдік еткен кезде Ы.Алтынсариннің шығармашылығына қадам жасау үстірт болғандығын берілген дәлелдермен негіздейді.
Тарихи ұстанымның ізімен, Алтынсариннің өмірі мен қызметін өзі өмір сүрген кезеңнен бөліп қарауға болмайды. Жаңашылдықтың құрамдас бөлігі оқу-ағартусыз бүкіл халықтың дамуы мүмкін емес. Жеке баспаханасыз, кітап басылымынсыз білімділіктің дамуы алға жылжымайды. Мәдениеттіліктің игілігімен қатар, отырықшылыққа көшу қазақ халқына кері әсерін тигізді. Жүз жылға жуық уақыт ішінде қазақ халқының өзіндік мәдениеті қалыптасты, оның таратушысы Ы.Алтынсарин болды. Өкінішке орай, сол уақыттың саяси – қоғамдық жағдайына байланысты ұлттық мәдениетті дамытуда берекелі негіз болмады, сондықтан да біз осы уақытта оның сақталуына мүмкіндік туғызған қазақтың ағартушы публицистерін алдыңғы қатарға қоямыз. Халық ауыз әдебиетінде пайда болған арман, білім, мұрат жазба әдебиетінде көрініс тапты. Сол кезде қазақша жазу-сызу болмағандықтан, Алтынсаринге орысша жазуға тура келді. Ол түрлі жанрда шығармашылық мұра қалдырды. Кейін ол қазақ публицистикалық дамуына көп септігін  тигізді. Ағартушының еңбектерін оқи отыра, публицистиканың маңызды сапасын атап өту керек. Өзекті мәселелерге қатысты көзқарасын оқырманға тікелей ұсынады, өзіндік пікірімен бөліседі. Алтынсариннің публицистикадағы ерекшелігі оның кіріспе сөзінің тақырыбын таңдап, оны дайындауынан көрінеді. Оның қаламынан туған мақалаларының көпшілігі шынайы маңызды педагогикалық-адамгершілік бағаға ие. Ы.Алтынсарин шығармаларын зерттеушілер оны Ломоносовтың Ресейге сіңірге еңбегімен бекерге салыстырмайды.
Алтынсарин публицистикасы терең қарапайымдылығымен, жүйелі тілімен ерекшеленеді. Оның туындыларын қазақтың педагогикалық-адамгершілік публицистикасының бастауына қосуға болады. Шығармаларының көпшілігі орыс тілінде жазылғанымен, ол қазақ жазба әдеби тілінің негізін қалаушы. Ыбырай кез-келген тілдің бірегейі оның қайталанбастығында, өзіндік жүйесінің қалыптасуында екендігін түсінді. Баспасөздің күш-қуатына баға бере келіп, Торғай облыстық мектептерінің  инспекторы қазақ газеттерінің ашылуына қолдау көрсетті.
  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығында қазақ қоғамының және ғылыми ойларының жарқын өкілі, шығармашылығымен іргетасын қалаған Ы.Алтынсариннің этнопублицистикасының маңызы ерекше. Қазіргі уақытта жастар арасында тәрбие мен мәдениеттегі келеңсіздіктер көп орын алуда. Келешектің орнын толтыру үшін біздің ойымызша, кейбір жауаптарды Алтынсарин публицистикасынан алуға болады. Тарихи сұрақтардың жаңаны бұзуы теорема секілді дәлелдеуге келмейді. Күнделіеті өмірдің даму заңдылықтары мен тарихи үрдіс адамдардың саналы қызметімен тығыз байланысты. Ол өз уақытының тәртібімен өмір сүреді, оларға ерекше қолтаңба қалдыртады. Сондықтан қоғамдық тәртіп табиғат заңдылығы мен жаратылыстану ғылымдары сияқты бәріне бірдей әсер ете алмайды. Сондықтан Ыбырай Алтынсариннің жеке шығармашылығының, публицистикалық және хат түріндегі туындыларының жаңа XXI ғасырда баламасы жоқ. Әлемдік қоғамның ауызша, жазбаша түрдегі журналистика ұдайы өзгеріске қарамай, халыққа тиесілі рухани құндылықтың сақтаушысы болып қала береді. Хат түріндегі Ыбырайшығармалары осы этапта өзіндік орын алады. Жазылмаған сөз тарих жадынан мәңгі жоғалар еді. Халық ауыз әдебиеті бізге ата-бабамыздың Ұлы оқиғаларын жеткізді. Қазіргі қазақ журналистикасының зерттеуіне Ы.Алтынсариннің хат түріндегі мұралары бірінші кезекте ықыласпен ұсынылады. Ұлы ағартушының нақты шығармашылығы шығармалар жиынтығын ұсынады, бастапқыдағы қысқа көлемдегі туындылары кең көлемді жинаққа айналып, қоғамдық публицистиканың мәніне ие болды. Хат түріндегі мұралары журналистикада, әдебиет және  публицистикада шығармашылық ерекшелікке ие болып, жазба жұмыстарына айналды. Алтынсариннің «Оренбургский листок» газетінің беттеріндегі кіріспе сөзі педагогтің, ағартушының, зерттеушінің, публицистің шығармашылық тұлғасының көп қырлылығын дәлелдейді. Ы.Алтынсариннің публицистикалық талантының көркеюіне мына жағдайлар: елдегі сауатсыздық, баспаханалар мен басылымдардың болмауы, патшалық идеологияның үстемдігі кедергі болды. Сол себепті Ыбырай Алтынсарин жазған «Қырғыз хрестоматиясы» газет, журнал беттерін ауыстырып, қазақтарды сауаттандыруда қызмет етті. Жалпы алғанда оны қазақ  публицистикасының бастауы деуге болады. Себебі осы кітапта өткен ғасырдың соңындағы көшпенділік, отырықшылық, ағартушылыққа насихаттау, адамгершілік сынды өзекті мәселелер сөз болған. Осы жерде біз қазақ қоғамының даму жолын, қайта өрлеуін анық байқаймыз. Оның хат түріндегі публицистикасы – отандық публицистиканың жүздеген жылдар бойы дамуына үлгі. Қазіргі кезеңде және болашақта Ыбырай Алтынсариннің білімі мен шынайы талдауға қадам жасауы, публицистиканың мамандырылуы мен кешенділігі оның шығармашылық әлеуеттілігін қайтадан және жаңа масштабта бағалауға мүмкіндік береді.

Talk to us

87143072488