Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

  • Главная
  • Жалпы ақпарат
  • Үштілді білім беру

ҮШТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ

2015 жылдың қарашасында Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында жоғары оқу орнында үштілді білім беруді жүзеге асыру бойынша жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобы қызметінің негізгі мақсаты – үштілді білім беруді жүзеге асыру саясатын, сонымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ – да үштілді білім беруді енгізу нәтижесін насихаттау.

Үштілді білім беруді жүзеге асыру саясаты туралы мәселе 2006 жылдың қазанында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ съезінде ресми түрде мәлімделді. 2008 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын жүзеге асыруды Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында анық көрсетті.

Осы орайда институтта үштілді білім беру саясатын қолдау және дамыту жұмыстары жүргізілуде. 2013 жылы институтта үштілді білім беру аясында жоғары оқу орны профессор – оқытушылар құрамын кәсіби дамытуға және сапалы нәтижелі жетістікке ынталандыратын жағдай жасау, жоғары білікті көптілді педагогтар даярлауға қатысу мақсатындағы үштілді курс енгізу тәжірибесі басталды.

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты ректорының 2015 жылдың 20 қарашадағы №119 бұйрығына сәйкес жоғары оқу орнында үштілді білім беруді жүзеге асыру жұмыс тобын ЖОО – ы профессор – оқытушылар құрамының келесі өкілдері құрайды:
Жұмыс тобының жетекшісі:

Б.А. Рахметова – қазақ, орыс тілдері және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Жұмыс тобының мүшелері:

  • Ж.И. Ахатова - информатика кафедрасының аға оқытушысы;
  • И.А. Адильбеков - Қазақстан тарихы және құқық, экономика негіздері кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі;
  • Г.Х. Ахметова – қазақ, орыс тілдері және шетел тілдері кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі;
  • Ж.С. Ахмет – тәрбие жұмыстары басқармасының маманы, туризм магистрі;
  • Р.Е. Бермағамбет - Қазақстан тарихы және құқық, экономика негіздері кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі;
  • А.Е. Ибрагим - қазақ, орыс тілдері және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі;
  • М.С. Оскина - қазақ, орыс тілдері және шетел тілдері кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі;
  • Б.Н. Тургумбекова - қазақ, орыс тілдері және шетел тілдері кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі;
  • Қ.М. Шакирова - қазақ, орыс тілдері және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі.

Yazyk

Институттың үштілділік білім беруді жүзеге асыру жоспарына сәйкес 2015-2016 оқу жылында төмендегідей іс – шаралар жүргізілуде: 

2015 жылдың 23 қарашасында тілдің рухани құндылығы туралы ұғымды қалыптастыру, төзімділікке тәрбиелеу мақсатында қазақ, орыс тілі практикалық курсы және шетел тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Полиглот» тақырыбында зияткерлік ойыны өткізілді. Іс-шараға 5В011900-«Шетел тілі:екі шетел тілі» мамандығының І-ІІІ курс студенттері қатысты. «Үздік полиглот» атағын ІІ курс студенттері иеленді.

Poliglot 2

Poliglot 3

2015 жылдың 9 желтоқсанында «Мәңгілік Ел – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» тақырыбында Тарих және өнер факультетіне қарасты Қазақстан тарихы және құқық, экономика негіздері кафедрасы оқытушылары мен студенттерінің ұйымдастыруымен үштілділік білім беруді дамытудың негізгі мәселелері қарастырылған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын насихаттау мақсатында семинар өткізілді. Семинарда 5В011400 – «Тарих» мамандығының І курс студенттері Кәрім Арайлым «Мәңгілік Ел - Қазақстан», Алданазарова Зәуреш «Туған тілім – тірлігімнің айғағы», ІІ курс студенті Қабыл Еркіман «Мәңгілік Ел болу жолындағы үш кедергі» тақырыптарында баяндама жасады.

Seminar

2015 жылдың 24 желтоқсанында қазақ, орыс тілдері және шетел тілдері кафедрасының О.Байкоңыров атындағы Жезқазған университетінің шетел тілдері кафедрасымен бірге көптілді білім беруді жүзеге асыру және көптілді жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері төңірегінде «Көптілділік –білім берудің басым бағыты» тақырыбында онлайн-семинар ұйымдастырылды. Семинарға қатысушылар үштілді білім беруді жандандыру аясында өз ұсыныстарын жасады.

 

Poliyaz

Poliyaz 6

2016 жылдың 23 - 24 ақпанында үштілділік білім беру бағдарламасы аясында І курс студенттері үшін қазақ тілі, орыс тілі практикалық курсы және шетел тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен үштілділік білім беруді жүзеге асыру және көптілді тұлға қалыптастыру мақсатында «Үш тілді меңгеріп, жетістікке жет» тақырыбында олимпиада өткізілді.

Meropriyatiye

Meropriyatiye 2

2016-2017 оқу жылы

   2016 жылдың 23 қыркүйегінде 5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті, 5В012200 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандықтарының РО, РКШ – 32 тобы студенттері магистр А.Е. Ибрагимнің жетекшілігімен Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесіне арналған «Полиглот» интеллектуальды ойынын өткізді. Іс – шараның мақсаты – үштілді білім беруді дамыту саясатын насихаттау.      Іс – шара Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, Қазақ тілі мен әдебиеті, Шетел тілі: екі шет тілі мамандықтарының 2 курс студенттерінің арасында өтті. Аталған ойынды 6 кезеңнен құрады, қатысушыларға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тапсырмалар ұсынылды. Ойынға «Лингвистер» және «Клич» құрама командалары қатысты. Ұжымдық жұмысқа қатыса отырып студенттер өздерінің тілдік мүмкіндіктерін пайдалана білді. Ойын қорытындысы бойынша «Лингвистер» командасы жеңді. Қатысушыларға мақтау қағазы және сыйлықтар тапсырылды.

trex

trex2

trex3

Talk to us

87143072488