Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Ректордың блогы

Басып шығару Эл. почта
 Куанышбаев Сейітбек Бекенұлы
Ректор,
география ғылымдарының докторы, доцент

Құрметті достар!

Сіздерді өзімнің жеке блогімде қарсы алуыма қуаныштымын!


Оставить комментарий

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәлеметсіздерме, мен екінші жоғарғы білім алуға сіздерге тапсырсам деп жоспарлап отырмын. Ол үшін кешенді тестілеу тапсыруым қажетпе?

Сәлеметсізбе, егер сіз екінші жоғарғы білім алғыңыз келсе кешенді тестілеу тапсырмайсыз. Тек әңгімелесу нәтижесінде оқуға түсе аласыз. Кешенді тестілеу орта білімді талапкерлер үшін ғана.

Сіздерде сырттай бөлімде оқу ақысы қанша тұрады?

Жылына 180 мың теңге шамасында

Сәлеметсіздерме, сіздерде колледжден кейін өз мамандығым бойынша күндізгі жеделдетілген бөлімде оқуға мүмкіндігім бар ма? Болса неше жыл оқимын?

Сәлеметсізбе, әрине жеделдетілген түрде оқи аласыз. Күндізгі және сырттай бөлім бойынша өз мамандығыңыз бойынша жедел топтарында оқу мерзімі 3 жыл.

Қайырлы күн, мен биыл колледжден кейін жоғарғы оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу тапсыруға дайындалып жатырмын. Соған байланысты сіздердің қабылдау комиссияларыңызға өтініш пен құжаттарымды қашан тапсыра аламын?

Сәлеметсізбе, биыл кешенді тестілеуге өтініш пен құжаттар қабылдау 01.06.2018-20.06.2018ж аралығында болады. Байланыс телефоны: 7-11-57, 87783372373

Студенттер жыл сайын қай уақытта және қандай құжаттармен қабылданады?

Студенттер жыл сайын жатақханаға 25 тамыз айынан бастап өзінің жеке бас куәлігі, ректордың атына өтініш, медициналық тексеруден өтіп және жатақхана ақысын төлеп қабылданады.

Жалпы студенттерге қандай жағдай жасалынып отыр?

Барлық студенттерімізге жатын бөлмесі мен төсек- орыны,жуынатын бөлмесі, тоңазытқыш, ас дайындайтын асханасы т.б жағдайлар жасалынып отыр.

Студенттер үйіне бірінші кезекте қандай студенттер қабылданады?

Ең бірінші тұл-жетім, жартылай жетім, мүгедек студенттер, "Серпін- 2050" бағдарламасы бойынша Қазақстанның әр өңірінен келген студенттер қабылданады.

Talk to us

87143072488