Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Ректор

Rector

Куанышбаев Сейтбек Бекенұлы

  Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігінің бұйрығымен С.Б.Қуанышбаев Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалды.Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігінің бұйрығымен С.Б.Қуанышбаев Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалды.
  С.Б.Қуанышбаев-география ғылымдарының докторы,профессор. 2014 жылы Қазақстан Педагогика ғылымдары Академиясының нақты мүшесі болып сайланды. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің 1989 жылы «География» факультетін бітіргеннен, кейін осы аталмыш оқу орнында тәлім-зерттеуші ретінде еңбек өтілін бастады, ал 1991 жылдың қазанынан 1994 жылдың наурызына дейін университеттің геоморфология кафедрасының ассисенті қызметін атқарды. 1994-2004 –ші жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент, геоморфология және картография кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1996 жылы Қырғыз мемлекеттік университетінде «Ғарыштық түсірілімдер негізінде қазіргі рельефтүзуші процестер» тақырыбында диссертация қорғап, география ғылымдарының кандидаты атағын алды. 2010 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясының География Институтында докторлық диссертациясын қорғады.
  Сейітбек Бекенұлы Қуанышбаев картография проблемалары, қазіргі рельефтүзуші процестерді зерттеу және топография мен картография оқулықтарын жетілдіру туралы елуден астам ғылыми еңбектердің авторы.2004 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін Қостанай мемлекеттік институтының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры болып істеді. 2007 жылы Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісімен марапатталды. 2014 жылы осы институтқа сіңірген айрықша еңбегі үшін оған Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Құрметті профессор» атағы берілді.2012 жылдың қаңтар айынан бастап Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалды.
  С.Б.Қуанышбаев білім саласындағы менеджмент бойынша тәжірибе алмасу және біліктілікті көтеру сертификаттарының иегері (Менеджменттің жоғары мектебі, Бразилия тәжірибесі. Рио-де-Жанейро қаласы.), «Автономдық жоғары оқу орындарын корпоративтік басқарудың үздік тәсілдері» сертификаты (Назарбаев университеті), «Көшбасшылық, жоғары оқу орнын басқару және қаржыландыру» сертификаты (АҚШ, Пенсильвания) және Калифорния университетінің біліктілікті көтеру курсын тәмамдады (АҚШ, Брекли қаласы).

Talk to us

87143072488