Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

  • Басты бет
  • Жалпы ақпарат
  • Оқу бөлімшелері.
  • Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы

Duisebekova

Дүйсебекова Айсәуле Есенғазықызы 
"Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру" кафедрасының меңгерушісі
Филология ғылымдарының кандидаты, АрқПИ профессоры

Тел.: 8 (71430) 7-13-81,7-24-88
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 
Қысқаша тарихи мәлімет:
«Бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасы бастапқыда 1997 жылы құрылып, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша студенттер даярлайды.
Кафедраның алғашқы меңгерушісі қызметін педагогика ғылымдарының кандидаты Абдрахманов Қайдауыл Абдрахманұлы атқарды.
Кафедра құрамына Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық институты, Шығыс Қазақстан университеті, Қарағанды педагогикалық институтының түлектері енді. Олардың қатарында: Оспанов Базар Оспанұлы, Шайменова Ләззат Серікқызы, Жандилдина Роза Есентайқызы, Ли Елена Дмитриевна, Жубакова Сауле Сайбулатқызы, Шакирова Қатира Мейрамқызы, Айгисина Жанар Балтабайқызы болды.
2000 жылдан бастап «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша мамандар дайындала бастады. Кафедра меңгерушісі қызметін п.ғ.к. Б.Р. Қасқатаева атқарды.
2002-2007жж. кафедра меңгерушісі аға оқытушы П.Ә.Ахметова болды.
2007 жылдың қыркүйегінде «Педагогика және психология» кафедрасынан мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім беру және бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мақсатында «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасы өз алдына жеке бөлініп шығып, кафедра меңгерушілігіне ф.ғ.к. А.Е. Дүйсебекова тағайындалды.
Қазіргі таңда кафедрада 6В01201 -«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және 6В01301-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 6В01202 «Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі және педагог-психолог» мамандықтары бойынша мамандар дайындалады.
Кафедра міндеттері:
• Елбасының «Балапан» бағдарламасының аясында ашылған кафедра жанындағы «Балдырған» зертханасының жұмысын жандандыру;
• «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтылуын дамыту;
• Оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтарды дайындап, институт баспасынан шығаруға ұсыну.
Профессор-оқытушылар құрамы:
Кафедра профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны –14, оның ішінде:
 - ғылым кандидаты – 1
 - PhD доктор -1
 - аға оқытушы, магистрлер – 7
 - оқытушы, магистрлер – 1
 - қосымша жүктемеде аға оқытушы, магистр – 4


Кафедра ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары «Болашақ тәрбиеші-педагогтардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері» бағытында жүргізіледі.
Конференция және семинарларға кафедраның қатысуы:
Кафедраның ПОҚ құрамы республикалық, облыстық, институтішілік деңгейдегі конференцияларға ат салысып отырады.
Кафедраның маңызды жариялаулары:
Аға оқытушылар К.Ш.Темирханова, Ә.Б . Қара, А.А Дүйсековалардың бірлескен «Мектепке дейінгі педагогика әдістемелері» атты оқу құралы жарияланды.
Оқу-әдістемелік жұмыс:
2019-2020 оқу жылында 2 кафедралық, 3 институтішілік ашық сабақтар жоспарланған. Жоспарланған сабақтар кестеге сәйкес өткізілді. 2019 жылдың қазан айында аға оқытушы, магистр Ә.Б.Қара «Дефектология және логопедия негіздері пәнінен: Сөйлеу тілі кемістіктерін жіктелуі» тақырыбында институтішілік сабағын өткізді. 2019 жылдың қараша айында аға оқытушылар, магистр К.Ш.Темирханова «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі пәнінен:Байланыстырып сөйлеуді дамыту әдістемесі» тақырыбында, магистр Р.К.Жунусова «Профессиональный русский язык пәнінен:Этика профессионального общения» тақырыбында институтішілік ашық сабақтарын өткізді.
Қоғамдық шараларға қатысу:
Кафедра ұжымы институтішілік қоғамдық іс-шараларға үнемі ат салысып отырады. Мысалы, Р.Е.Жандилдина, Қ.Ш.Темирханова, Р.К.Жунусова, Ә.Б.Қара, Д.К.Омарова сынды аға оқытушыларымыз өз идеяларымен, шынайы белсенділіктерімен танылса, оқытушы Саттар Т.Т. мамандық студенттері арасында қыз балаларға арналған «Наз» қыздар клубының жұмысын ұйымдастырып, көптеген игілікті істер жүргізді.
Мақтаулы түлектеріміз:
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының түлегі Жақсылық Ақсауле, ал «Бастауыш оқыту педгогикасы мен әдістемесі» мамандығының түлегі Итенова Нурбибі мен Нишанбаева Саяра Абай атындағы ҚазҰПУ-не магистратура бөліміне оқуға түсті.
Кафедра жаңалықтары:
Кафедрамызда аға оқытушы К.Ш.Темирханованың жетекшілігімен 2020 жылдың қабылдауына 6В01202 «Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі және педагог-психолог» білім беру бағдарламасы дайындалып, оқуға студенттер қабылданды.
Сонымен қатар 2020 жылы 21-22 мамырда Қорқыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өткен онлайн ХІІ Республикалық пәндік олимпиадасына Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік институтының 5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының 2,3 курс студенттерінен құралған «Құлжанова ізбасарлары» тобы (жетекшісі аға оқытушы, АрқМПИ доценті Р.Е.Жандилдина) қатысып, «Ең үздік таныстыру» номинациясымен марапатталды.

 

 

 

Talk to us

87143072488