Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

  • Главная
  • Жалпы ақпарат
  • Оқу бөлімшелері
  • Информатика кафедрасы

Информатика кафедрасы

Alibek2

Ескермесұлы Әлібек
Информатика кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, Философия ғылымдарының PhD докторы
Тел.: 8 (71430) 7-13-81, ішкі тел: 135
Кафедра АрқМПИ-дің бас ғиматратының 2-қабатында орналасқан, , №227 кабинет

 Информатика мамандары 1990 жылдан бастап, «Физика» және «Жоғары математика» кафедраларында «Физика және информатика», «Математика және информатика» мамандықтары ретінде дайындалды.
 Информатика пәнінен дәріс берушілер негізінен университет, педагогикалық институт бітірген мамандар мен орта мектепте жұмыс істеген тәжірибелі мұғалімдер және ұйымдастырушылардан құрылды. Информатика пәндері бойынша п.ғ.к. Алимухаметова Г.Е., п.ғ.к., Базарбаева Г.С., аға оқытушылар Нурушев Х.И.,Ахатова Ж.Е., Нургалиева Г.М.,Байдалина Ж.Д.сабақ берді.
 Информатика мамандарын қосымша даярлау 2003 жылы аяқталып, 2004 жылдан бастап математика, физика және информатика кафедрасы негізінде 050111 - «Информатика» мамандығына студенттер қабылданды. Бұл кафедрада алғашқы меңгерушілер болып п.ғ.к. Базарбаева Г.С., аға оқытушы Абдигалиева Ж.Ж., ф-м.ғ.к., доцент Үмбетов А.Ү. жұмыс істеді.
 2009 жылдың 7 қыркүйегінен бастап информатика кафедрасы ашылды. Алғашқы кафедра меңгерушісі аға оқытушы Қапаров С.Е. болды.
2010 -2011 оқу жылынан бастап 2012-2013 оқу жылына дейін аға оқытушы Алматова А.М. кафедра меңгерушісі міндетін атқарып келді. 2013 – 2014 оқу жылында аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Утельбаева А.Б. кафедра меңгерушісі міндетін атқарды.
 2014-2015 оқу жылынан бастап 2016-2017 оқу жылының қыркүйек айына дейін аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Алматова А.М. кафедра меңгерушісі міндетін атқарды.
 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап, PhD, аға оқытушы Ескермесұлы Әлібек Информатика кафедрасының меңгерушісі қызыметіне тағайындалып, міндетін атқарып келеді.
  Кафедрада 1 - PhD, аға оқытушы; 5 - магистр, аға оқытушы; 3 магистр, оқытушы жұмыс істейді.
 Кафедра оқытушыларының басым бөлігі Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын «Математика және информатика», «Физика және информатика» мамандықтары бойынша бітірген – Ескермесұлы Ә. (1999ж), Байзақова С.С. (2002ж.), Валиуллов М.Р.(2001ж), Шонғалова Қ.С. (2007ж)., Алиева Г.С. (2007ж).. Назарова Б.К. (2002ж.), Сүндетбаева А.Ж. (2012ж.), Жамалова С.А (2007ж), Ажибекова П.С. (2013ж.)
1990 жылдардан бастап ақпараттық технология орталығы жұмыс істейді. Информатика пәні бойынша барлық дәріс, тәжірибе, зертханалық сабақтар сол орталықта жүргізіледі.
 2008 жылдан бастап информатика пәндері институттың жаңа технологиялармен жабдықталған ақпараттық технологиялар орталығының дәрістік-аудиторлық, мультимедиалық-аудиторлық кабинеттерінде өтіп жатыр. Бұл орталықтың аудиторлық кешендері соңғы үлгідегі компьютерлермен, интерактивті тақталармен, аудио-теле-видеоаппаратуралармен жабдықталған 6 аудиториялық кешенннен тұрады.
Кафедра міндеттері:
• Жоғары білікті мамандарды, информатика бакалаврларын дайындау;
• Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу;
• Информатика бойынша оқу үрдісін қамтамасыздандыру МОӘК, ПОӘК;
• ПОҚ, институт қызметкерлерін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білуге үйрету (білікті көтеру негізінде).

Профессор-оқытушылар құрамы
• 6 - аға оқытушы
• 3 - оқытушы
Информатика кафедрасының ғылыми-зерттеу бағыты:
Білім беруде технологияға көшу үрдісін зерттеу қызметі
Кафедра ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:
Мақсаты
Профессор –оқытушылар құрамы мен студенттердің ғылыми-зерттеушілік құзыреттілігін ақпараттық технологияларды ғылыми-педагогикалық зерттеу арқылы қалыптастыру.

Міндеттері
1. Кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының білім беру үрдісінде жұзеге асырылуына жағдай жасау.

2. Студенттердің оқу-зерттеу жұмыстарын жетілдіруге, іс-әрікеттеріне ықпал ету.
3. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарын ақпараттық технология арқылы жетілуіне қолдау көрсету.

Talk to us

87143072488