Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

  • Главная
  • Жалпы ақпарат
  • Оқу бөлімшелері
  • Шетел тілдері,орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы

Шетел тілдері, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы

Асанова Асель Карлыбаевна

                                                 Шетел тілдері, орыстілі мен әдебиеті кафедрасы меңгерушісі, аға оқытушы

Тел.: 8 (71430) 7-13-81, ішкі телефон: 123
Кафедра АрқМПИ-дің басты корпусында 3-қабат, №331 кабинетте  орналасқан.
Почта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Твиттер: @ppkriya1 
Инстаграм: pkkriya
5В011900 - «Шеттілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша 2000 жылдан бастап, мамандар дайындайды.
Оқыту мерзімі: толық күндізгі – 4 жыл, қысқартылған күндізгі – 3 жыл, қысқартылған сырттай – 3 жыл, 2 жыл
Академиялық дәрежесі: шетел тілдері бакалавры
Қысқаша тарихи анықтама:
1993 жылы академик Қ.К.Күзембайдың ұсынысымен шетел тілдері кафедрасы, ағылшын-қазақ мамандығы ашылып, 1994 жылы неміс-қазақ мамандығына студенттер қабылдады. Кафедраны Халық ағарту ісінің үздігі, институт ашылғаннан еңбек етіп келе жатқан Рахметова Сәуле Әлекенқызы басқарды.
 Алғашқы күннен бастап, кафедраға шетелдерден оқытушылар келіп, дәрістер оқу жұмыстары жақсы жолға қойылған.
1996 жылы Евразия Университетінің лекторы Хольген Барген және Германияның лингвист ғалымы Шперекеліп, неміс тілінде «Елтану» пәнінен лекция курсын оқыды. 1999-2001 жылдары кафедрамызда американдық волонтер Тиван Сигетти жұмыс істеп, «Елтану», «Шетел тілі әдебиеті» курстарынан лекция оқыды.
2008 жылы Қостанай қаласын акелген ГФР Бонн қаласындағы Гете атындағы институтының өкілі, волонтер Яна Думмлер оқытушылар мен студенттер арасында семинарлық сабақтар өткізді.
2009 жылы Бристоль Университетінің оқытушысы волонтер Катарина Бук 2-4 курс студенттері арасында сабақтар жүргізді.
Профессор-оқытушылар құрамы:
Кафедра 13 оқытушыдан тұрады
1 – филология ғылымдарының кандидаты, доцент;
10 – аға оқытушы;
7 – магистр;
2 – оқытушы.


Кафедра ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:
Тақырыбы: «Кафедраның зерттеу құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік моделі» Кафедраның ҒЗЖ 2020 жылға төмендегідей бағыттарды қамтиды:
Мемлекеттік және шетел тілдерін оқытудың ғылыми-әдістемелік мәселелерін назарда ұстау;
Әртүрлі деңгейде өтетін ғылыми конференцияларға қатысу;
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік;
Ғылыми-әдістемелік құралдарын шығару;
Пәндік олимпиадаға студенттер дайындау.
 Оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында 2018-19 оқу жылында кафедраның төмендегі профессор-оқытушылары біліктілікті жетілдіру курстарынан өтті. Мысалы, кафедра аға оқытушысы Г.Х.Ахметова 2018 ж 17-28 қыркүйек аралығында Астана қ “Назарбаев Зияткерлік’’ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлеміндегі оқыту курсын аяқтады. (Астана қ)
 Шетел тілдері, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Боранбаева А.Б 2018 ж 1-12 қазан аралығында Астана қ “Назарбаев Зияткерлік’’ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлеміндегі оқыту курсын аяқтады. (Астана қ)
 Шетел тілдері, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Аубакирова Ж.З 2018 ж 19-30 қараша аралығында ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушы құрамын оқыту бағдарламасы бойынша 232 академиялық сағат көлеміндегі курсты аяқтап сертификат алды. (Астана қ).
 Аға оқытушы Асанова А.К “Methodology of teaching foreign language for special purposes’ атты семинарға қатысып 72 академиялық сағат оқып, сертификат алды.(Мамыр 2019 ж, Алматы).
Әдістемелік семинар
 2018 жылдың 14 қарашасында «Шетел тілдері, орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі А.Қ.Асанованың басқаруымен кафедра оқытушылары және О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған Университеті оқытушыларымен біріге отырып «Шеттілдік білім берудегі қазіргі ақпараттық технологиялар және жаңартылған білім беру» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинар жоспары бойынша оқытушылардың ұйымдасуымен шеттілдік білім берудегі қазіргі ақпараттық технологиялар және орта білім берудегі жаңартылған білім беру мәселелері талқыланды.
 2019-2020 оқу жылы қабылдауына 5В011900«Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының білім беру бағдарламасын даярлауға Астана қаласының Н.Назарбаев атындағы мектептің мұғалімі Нургалиева Алмагуль Адилбековна және Арқалық қаласының №4 орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Нурекешова Жадыра Сериковна тартылды.
 2019-2020 оқу жылы қабылдауына 5В011800 «Русский язык и литература» мамандығының білім беру бағдарламасын даярлауға Астана қаласының Н.Назарбаев атындағы мектептің мұғалімі Зюльдубаева Разида Кусаиновна және Арқалық қаласының №4 орта білім беретін мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі Шалдыбай Ақерке Ибәділдәқызы шақырылды.
 2019-2020 оқу жылы қабылдауына 5В012200«Русский язык и литература в школах с нерусским языком обучения» мамандығының білім беру бағдарламасын даярлауға Астана қаласының Н.Назарбаев атындағы мектептің мұғалімі Искакова Салтанат Толендиновна және Арқалық қаласының №4 орта білім беретін мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі Саитгареева Ирина тартылды.
  Қала мектеп оқушылары арасындағы ғылыми жоба сайысы: ”Турнир юных лингвистов” тақырыбында өтті. Ғылыми жоба сайысы 2018 жылдың қараша- желтоқсан айларында өтті. Қала мектептеріне ақпараттық хат жіберіліп, кафедра оқытушылары қашықтықтан өткізілген ғылыми жоба жұмыстарын қорытындылады. Қорытындылай келе Родина жалпы білім беретін орта мектептің 8 б сынып оқушысы Олжабай Диана 3-ші орынды иеленді, ғылыми жетекшісі Тулегенова Айзат Ертаевна.
Оқу жылының ақпан айында кафедра аға оқытушысы А.Қ.Асанова және 11 сыныптың пән мұғалімі Ж.С.Нурекешованың қатысуымен «Университетті жұма » тақырыбында № 4 орта мектеп оқушыларына мектеп оқу жоспары бойынша 11 сынып оқушыларына ағылшын тілінен сабақ өтілді ( хаттама №9а 22.02.2019).
 Шетел тілдері, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Ахметова Г.Х 25-26 cәуір 2019 ж Қарағанды қ өткен “Language Lesson Planning” атты мастер классқа қатысып сертификат алды.
 Аға оқытушы Г.Х.Ахметованың жетекшілігімен ЕШТ-31 тобының студенті Қаршыға Мадина «Ағылшын халықтарының мәдениетіндегі мінез-құлық ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми жұмысын 2018-2019 оқу жылының Тұңғыш Президент Қоры атындағы студенттердің республикалық үздік ғылыми жұмыстар сайысына ұсынылды.
Аға оқытушы Г.Х.Ахметованың жетекшілігімен 2019 жылдың 12 сәуірінде ЕШТ-31 тобының студенті Қаршыға Мадина «Ғылым және білім – 2019» атты ХIV Халықаралық ғылыми конференцияның Рухани жаңғыру: ұлттық тіл мәселелері секциясында «Тіл тұғыры – ел тұғыры» тақырыбында баяндама жасады.
 Оқытушы Боранбаева А.Б жетекшілігімен «StartUp ArkGPI-2018» бизнес жобалар байқауына ЕШТ-21 тобының студенттері Айтжан Асылзат пен Адақ Таңнұр қатысып,нәтижесінде Айтжан Асылзат «Ең үздік әлеуметтік жоба» номинациясы мен қаржылай сыйлық ұтып алды, Адақ Таңнұр және РКШ-22 тобының студенті Әбдіғаниева Жания алғыс хаттармен марапатталды.
Оқу-әдістемелік жұмыс:
Ғылыми семинарлар жұмысы:
 2018 жылдың 22 қазан күні Қостанай мемлекеттік институты мен Кирилл және Мефодий университетінің ұйымдастыруымен “Canine theraphy” тақырыбында онлайн-семинар өткізілді. Аталған семинардың ұйымдастырушысы Кирилл және Мефодий университетінің докторы - Ева Сметанова. Аталған семинарда шетел тілдері, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының ПОҚ қатысып берілген тақырып аясында мәселелер талқылады.
 14.11.2018 ж .А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің педагогика, психология және филология кафедрасының меңгерушісі Кашкимбаева З.Ж ұйымдастыруымен «Шеттілдік білім берудегі қазіргі ақпараттық технологиялар және жаңарталған білім беру» атты вебинар өтті. Вебинарға шетел тілдері, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының ПОҚ мен институт кафедра оқытушылары қатысты. Вебинар барысында шеттілдік білім берудің мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтиже, қарастырылытан мәселелер аясында сұрақтар талқыланды.
 Ағымдағы жылдың 16 қарашасында Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру бөлімімен шетел тілдері, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы ұйымдастыруымен өткізілген «Үштілділік-бәсекеге қабілеттіліктің негізі» республикалық ғылыми-практикалық конференциясынының материалдарына институт ПОҚ мен студенттері ғылыми мақаларын жариялады. Сонымен қатар, аталған конференцияның секция жұмыстарына өз баяндамаларын қорғады.
4 қаңтар 2019 ж Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің педагогика, психология және филология кафедрасының ұйымдастыруымен өткен “Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында тілдерді оқыту” семинарына шетел тілдері, орыс тілі мен әдебиеті кафедра ПОҚ аға оқытушы Асанова А.К, Багитжанова Ш.С, Боранбаева А.Б қатысып ,сертификат алды
11 Ақпан , 2019 ж шетел тілдері, орыс тілі мен әдебиеті кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен «Action Research in pedagogical process» кафедраішілік семинар өтті. Семинарда шетел тілінде баяндамалар жасалынды. Кафедра оқытушылары семинарда Action Research жобасы туралы талқылап өздерінің тәжірибесі мен зерттеулері туралы тәжірибе алмасты.
 2018-2019 оқу жылының 1 семестрінде Трнава қаласандағы (Словакия) Кирилл және Мефодий университетіде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен ДИЯ-42 тобының студенттері Калимжанова А., Сактапбергенова М. 27 кредит бойынша оқып, өз білімдерін жетілдіріп қайтты. 2018 жылдың 22 қазан күні шетел тілдері, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы және Қостанай мемлекеттік институты мен Кирилл және Мефодий университетінің ұйымдастыруымен “Canine theraphy” тақырыбында онлай-семинар өткізілді. Аталған семинардың ұйымдастырушысы Кирилл және Мефодий университетінің докторы - Ева Сметанова. Аталған семинарда «шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенттері баяндамашыларға сұрақтар қойып, берілген тақырып аясында мәселелер талқылады.
Көрнекті түлектер:
Байдрахманов Д.(1997) – Л.Гумилеватындағы ЕНУ –п.ғ.к.., оқытушы
Жамалиева А.(1999)- AJIP OperatingCompany - аудармашы
Мұстафина Ш.(1999)- AJIP OperatingCompany - кеңесші
Мажитова А.(2002) - «Shevroil KZ» (Атырау қаласы) компаниясының аудармашысы
МолдахметоваА.(1998) –Астана қаласы құрылыс компаниясының аудармашысы
Ынтымақтастық
Қазақ тілі, орыс тілі практикалық курсы және шетел тілдері кафедрасы Алматы қаласындағы «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетімен»;
Біздің келешегіміз (перспективы)
5В011900 - «Шет тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша студенттер мақсатты грантта және Серпін бағдарламасы бойынша грантта оқиды.

Talk to us

87143072488