Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

  • Главная
  • Жалпы ақпарат
  • Оқу бөлімшелері
  • Қазақстан тарихы, құқық және экономика негіздері кафедрасы

Қазақстан тарихы және құқық, экономика негіздері


Байбосын   Ләйля  Сәндібекқызы
Тарих гуманитарлық  ғылымдарының магистрі
Қазақстан тарихы және құқық, экономика негіздері кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы, аға оқытушы

Байланыс:
Қазақстан тарихы және құқық, экономика негіздері кафедрасы

432 кабинет
Жұмыс тел.: 8(71430) 7-13-81 (ішкі 128)
ұялы тел.: +7(775) 697 0504
e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 1972 жылдың сәуір айынан бастап білім беру қызметі нарығында қызмет етуде.

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 2012 жылдың 3 қыркүйегіндегі заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес, тіркеу нөмірі № 323-1937-25-ГП (сериясы В 0600563), «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» педагогикалық кадрларды дайындау бойынша шаруашылық жүргізу құқығына ие, республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жоғары оқу орны болып табылады.
  Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 2012 жылдың 14 ақпанында Білім және ғылым министрлігінің Білім мен ғылым аясын бақылау Комитеті берген № 12019120 лицензиясына сәйкес (мерзімі шектелмеген) Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 19 жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру кәсіптік бағдарламаларын жүзеге асырады, соның ішінде 5В011400 «Тарих» мамандығы бойынша да жоғары кәсіптік білім береді.
Кафедраның міндеттері:
1. 5В011400 «Тарих» және 5В011500 «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары бойынша сапалы жоғары білім беру;
2. Бакалавр дайындаудағы диплом сапасын халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендіру;
3. Жаңа мемлекеттік стандарттар негізінде білім беру мазмұнын модернизациялау, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын көтеру.
Профессор-оқытушылар құрамы:
1 – академиялық профессор (оның ішінде 1 ғылым кандидаты);

11 - аға оқытушы (оның ішінде 1-академиялык профессор,  1- академиялық доцент,
11 ғылым магистрі);
1 - оқытушы, (оның ішінде 1 ғылым магистрі).
1-лаборант.

     

    Қысқаша тарихи анықтама
 Кафедра институттың ірге тасы қаланған 1972 жылдан бастап, жұмыс істеп келеді. Ол кезде кафедра филология факультетінің құрамында болып жұмыс атқарды. 1992 жылдан бастап «Тарих» мамандығы бойынша мамандар даярланса, 1996 жылдардан бастап тарих бөліміне «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша студенттер қабылдана бастады. 1998 жылдан бастап тарих факультеті құрылып, «Тарих және география», «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандықтары ашылды.
Қазіргі кезеңде күндізгі және сырттай оқу нысандары бойынша 2 және 3 жылдық жеделдетілген 5В011400 «Тарих» және 5В011500 «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары бойынша білім бакалаврлары даярланады .

Talk to us

87143072488