Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

  • Басты бет
  • Жалпы ақпарат
  • Оқу бөлімшелері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Рахметова Базар Анасқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Кафедра АрқМПИ-дің басты корпусында орналасқан, №329 кабинет, 3-қабат 
Тел.: 8 (71430) 7-13-81, ішкі тел.: 117, эл.пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., www.twitter.com/kazrus_arkspi  
Қысқаша тарихи мәлімет
   Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының тарихына көз жүгіртсек, 1992 -1994 жылдары қазіргі қазақ тілі кафедрасын аға оқытушы Әбішева Шәмшібану Әбішқызы, 1994 – 1999 жылдары аға оқытушы Әбдіхалықова Бибігүл Маршалқызы, 1992 – 1996 жылдары қазақ әдебиеті және практикалық қазақ, орыс тілдері кафедрасын ф.ғ.к. Ержанова Гүлдария Баймырзақызы, 1996 – 2001 жылдары қазақ әдебиеті және практикалық қазақ, орыс тілдері кафедрасын аға оқытушы Сейіт Кенжеахметұлы, 2002 жылдың тамыз айында институт ректорының бұйрығымен “Қазақ тілі мен әдебиеті” және “Орыс тілі мен әдебиеті” кафедралары біріктіріліп, “Қазақ, орыс тілдері және әдебиеті” кафедрасы болып құрылып, кафедра меңгерушісі қызметін ф.ғ.к., доцент Әбішова Клара Мұхамедиярқызы атқарды.
2004-2005 оқу жылы аға оқытушы Жексембаева Лаззат Байтөреқызы кафедра меңгерушісінің міндетін атқарды.
2005 жылдан ф.ғ.к. Рахметова Базар Анасқызы “Қазақ, орыс тілдері және әдебиеті” кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді.
1997 жылы “Қазақ әдебиеті” мамандығы бойынша кафедраның аға оқытушылары Валиханов Шаридияр Асфандиярұлы, 2004 жылы кафедраның аға оқытушысы Рахметова Базар Анасқызы кандидаттық диссертацияларын қорғады.
2017 жылы ректордың бұйрығымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы болып қайта өзгертілді. Қазіргі таңда 5ВО11700 - “Қазақ тілі және әдебиеті”, 5ВО12100 - «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша ф.ғ.к., профессор Ш.А. Валиханов; ф.ғ.д., ф.ғ.к., профессор Б.А. Рахметова; ф.ғ.к., ф.ғ.к., профессор А.К.Қалиев; педагогикалық ғылымдар магистрі, доцент А.А. Абдуллина; педагогикалық ғылымдар магистрі, доцент Қ.М. Шакирова; педагогикалық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Ш.С.Ауезова; педагогикалық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Г.К. Айдарова және аға оқытушы Б.А. Таутиналар қызмет атқаруда.
    Кафедра міндеттері
• Ұлттық жалпыадамзаттық құндылық, ғылым және практиканың жетістігі негізінде жеке тұлғаның кәсіби біліктілігін дамытуға, қалыптастыруға бағытталған білім алуға қажетті жағдай жасау;
• Оқытудың жаңа технологиясын жетік меңгерту және оны жұмыс барысында оңтайлы пайдалана білуге үйрету;
• Жалпы тіл біліміндегі осы заманғы ғылыми концепциялар мен жетістіктер туралы мәліметтер беру;
• Ұлттық әдебиеттің жалпы даму жолы, белесті кезеңдері, көркемдік эстетикалық мәселелері жөнінде түсінік қалыптастыру;
• Қазақ және орыс тілінің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, сөзжасамдық және синтаксистік құрылымы мен теориялық мазмұнын терең меңгерту;
• Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен техникалық жетістіктерін іс жүзінде пйдалана білуге үйрету;
• Ағымдағы әдеби процестің жай-күйінен жаңа мәліметтер беру және қалыптастыру;
• Сөз өнері, әдеби шығарма, көркемдік категориялар жөнінде терең теориялық білім беру;
• Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелерін терең меңгерту;
• Сапа менеджмент жүйесін жетілдіріп отыру;
• Халықаралық, республикалық конференцияларға қатысып отыру;
• Кәсіптік бағдар беру, бітіруші талапкерлерді институтқа тарту мақсатында қала мектептерін, Ақмола облысы, Амангелді, Жангелді, Арқалық аудандары жән көршілес Ақмола облысы аудандарының білім беру мекемелерін аралау
• Институттың имиджін және мұғалім мамандығының деңгейін көтеру мақсатында жарнамалық-ақпараттық қызметті күшейту
Профессор-оқытушылар құрамы
Жалпы саны-9,оның ішінде:

  •  ғылым кандидаты- 3;
  • Магистр-4;
  • Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ  профессоры-3;
  • ҚР БжәнеҒМ ЖОАК бекіткен доценті - 1, Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ доценті – 2;
  • Аға оқытушы – 5;
  • Оқытушы-1

Кафедра ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:            
«Т.Нұртазин және қазіргі қазақ әдебиеті» ф.ғ.к.,профессор Рахметова Б.А.
«Жазушы Ғ.Мұстафиннің көркемдіу әлемі»  ф.ғ.к.,профессор Валиханов Ш. А.
«Торғай ақындық мектебі: ұстаз ақындар шығармашылығы» ф.ғ.к.,профессор Қалиев А.К.
«К.Сатыбалдинның әдеби мұрасы» аға оқытушы, магистр Шакирова Қ. М .
«Жазушы Ақан Нұрмановтың әдеби мұрасы» аға оқытушы, магистр  Абдуллиа А .Ә.
«С.Аманжоловтың лингвистикалық мұрасы» аға оқытушы, магистр  Әуезова Ш.С.
«Қазақ тілі сабағында халықтық технологияны қолдану арқылы студенттердің танымдық құзіреттілігін қалыптастыру» аға оқытушы, магистр  Айдарова Г. К.
«Көркем шығарманы оқыту арқылы студенттердің рухани- азаттық  дүниетанымын дамыту» аға оқытушы  Таутина Б. А.
«Алаш» әдебиеті өкілдерінің шығармашылығы оқытушы Абильдина А.Н.
Көрнекті түлектер:
Республикамызға белгілі айтыскер ақындар Ж.Құтжанова, Ә.Орманшиналар  факультет  түлектері. С.С.Мақыбаева – полиция подполковнигі,ҚР ІІМ криминальді полиция Департаментінің аға жедел қызмтекері,А.А.Септенова – ҚР ІІМ төтенше жағдайлар бойынша Департаментінде құжаттармен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, С.Ержанова – Алматы қаласында Қаз.Мем.ҚызПУ филология ғылымдарының докторы,профессоры, Б.Ш.Орынбаев - Астана қаласында №44 орта мектеп директоры, Ж.Сауыт - Т.Әубәкіров атындағы орта мектеп директоры, Г.Ә.Әбдібекова - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құжаттау және бақылау департаменті құжаттарды редакциялау басқармасының бас сарапшысы, т.б.
Кафедра жаңалықтары:
 2016 жылы   5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітіруші түлектер Төремұратов Талғат ОҚО Жетісай қаласындағы Сырдария университетінің 6М011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына, Келдібай Ақтолқын Астана қаласындағы «Тұран-Астана» университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына магистратураға оқуға түсті.
 2016-2017 оқу жылы Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша өткізілген Республикалық пәндік олимпиадаға кафедраның аға оқытушысы, магистр Айдарова Гүлжан Кенжекейқызының жетекшілігімен 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының ІІІ курс студенті Дәуренқызы Айдана, ІV курс студенттері Құдайбергенова Баян, Чавдырбаева Баян қатысып ІІІ орынға ие болды.
 2016 – 2017 оқу жылында бітіруші түлектердің арасынан кафедраға қарасты 5В012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Арслан Айдан  - І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне, 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Айту Ұлболсын Сәлімбекқызы – Шымкент қаласындағы Аймақтық Әлеуметтік инновациялық университетінде, Бегалиева Мөлдір Ерубайқызы -  ОҚО Жетісай қаласындағы Сырдария уни верситетінде, Ысқақ Назым Бахрамқызы -  Қызылорда облысы, Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетіне, 2017-2018 оқу жылында Жұматай Бағжан Қостанай мемлекеттік университеті, 6М020500 филология мамандығы, Нұрлан Жанар Шымкент университеті, 6М011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»мамандығы, Рысбай Қамқор Евразия ұлттық университеті, «Тарих» мамандығы, Камильқызы Еркежан Қазақ гуманитарлы заң университеті. 6М020500 филология мамандығы, Ибетова Аягөз БҚМУ , 6М011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»мамандығы, Кәмен Наргиз, Айқын Гулшаш Тұран –Астана университеті, 6М011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»мамандығы бойынша магистратураға оқуға түсті.
 2017-2018 оқу жылында нөлдік емес импакт-фактор журналына (Scopus) ф.ғ.к.,профессор Б.А Рахметованың «Functions of expressive facilities in heroic epos» ( PONTE international Joumal of Sciences and Research. Vol. 73/ No. 10/ Oct 2017); ф.ғ.к.,профессор Ш.А.Валихановтың «Tne contribution of world literature’s rhymes to foreign language acquisition» (Man In India, Seriais Publications 97 (21) 367-379); қараша айында ф.ғ.к.,профессор А.К.Қалиевтың «Dualistic representations in Kazakh fairy tales» (Man In India, Seriais Publications ) атты мақалалары жарияланды.
 2017 жылдың қараша айында ақын, прозаик, драматург, аудармашы Қапан Сатыбалдиннің 100 жылдық мерейтойына орай 2017 жылы Москва  қаласының «Жоғары Білім және Ғылым» баспа үйінен жарық көрген «Мен жырлаймын», «Я воспеваю» атты мерейтойлық басылымды құрастыруда автор Наркес Қапанқызы Сатыбалдина  қаламгердің шығармашылығын зерттеуші Қ.М.Шакированың ғылыми-зерттеу еңбектеріне сүйенген. Ғылыми басылымның 2-ші бөліміне Қатира Мирамқызының отандық және шетелдік басылымдарда жарияланған еңбектері енгізіліп, «Катира Шакирова – научный исследователь творчества Капана Сатыбалдина» атты автордың арнайы мақаласы жарияланған және аталған жинақта Қ.М.Шакированың «Суреткер Қапан Сатыбалдин шығармашылығындағы хақында»,  «Language of Characters as one of the Talented Writer’s Works» атты  мақалалары жарияланды.
 2017-2018 оқу жылы 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенті Жұматай Бағжан ф.ғ.к.,профессор Рахметова Базар Анасқызының ғылыми жетекшілігімен «Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріндегі мақсат ортақтығы, пікір бірлігі» тақырыбында ғылыми жұмыс жазып,  ЖОО арасында жыл сайын өткізілетін студенттердің Республикалық ғылыми - зерттеу жұмыстарының байқауында жүлделі ІІ орынды иеленді.
 2018 жылдың сәуір айында Ресей мемлекеті, Москва қаласындағы «Высшее Образование и Наука» Баспа Үйінен қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, магистр Шакирова Қатира Мирамовнаның «Қапан Сатыбалдин драматургиясындағы тартыспен характер» тақырыбындағы монографиясы шықты. кторының сыйлығын талап ету жөніндегі конкурсқа 5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенті А.Ж. Ибетова аға оқытушы, магистр Шакирова Қатира Мирамқызының жетекшілігімен жазған «Жыраулар поэзиясындағы «Кеңістік» концептісінің танымдық сипаты мен қызметі» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы ІІІ орынға ие болды.
 Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.Олимпиаданың мақсаты: шығармашылық қабілеттерін ашу, талантты және дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау, студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруда көмек көрсету, қазіргі заманымыздың ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту, мамандығы бойынша ғылыми жұмысқа деген қызығушылықтарын дамыту. Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ-ның студенті Аллаева Рухсора II орынды иеленіп, екінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекші – қазақ, орыс тілдері және әдебиет кафедрасының аға оқытушысы К.М. Шакирова. Сондай-ақ үздік нәтиже үшін АрқМПИ студенті Нұраханова Зарина сертификатқа ие болды.
 2018 жылдың 7 желтоқсанында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында лингвист ғалымдар Құдайберген және Есет Жұбановтардың ғылыми – танымдық мұрасын насихаттау мақсатында өткізілген республикалық «Үздік жұбановтанушы» шығармашылық байқауының «Ғылыми мақалалар» номинациясы бойынша 5В012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Жабасова Бибінұр Нұрбекқызы және ғылыми жетекшісі ф.ғ.к.,институт профессоры Рахметова Базар Анасқызы І дәрежелі дипломға ие болды.
 2018 жылдың қараша айында Жыл сайын өтетін ҚР ЖОО арасындағы жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық байқауының институтішілік кезеңіне  ф.ғ.к.,институт профессоры Б.А Рахметованың жетекшілігімен 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Мұздахан Рысты «Қазақ балалар драмасының шағын түрлері»; магистр, институт доценті Қ.М.Шакированың ғылыми жетекшілігімен 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Айтжанова Диана  «Лирикадағы қазақ қызының бейнесі» тақырыптарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатысты. Нәтижесінде  H.Мұздахан  2 орын, Д.Айтжанова 3 орын иеленіп, студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстары  жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары  байқауының республикалық кезеңіне ұсынылды.
 2019 жылдың 22 ақпанында   «Тұран- Астана» университетінде өткен «Ұлттық рухани сананың жаңғыруы және бәсекеге қабілетті жастар» атты Х-шы Жоғары оқу орындары арасындағы жас ғалымдар, магистранттар, студенттердің ғылыми-практикалық конференцияда ф.ғ.к., институт профессоры Б.А.Рахметованың жетекшілігімен 5В012100-«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Жабасова Биібінұр «Латын графикасына көшу – заман талабы» мақаласымен баяндама жасап, жобаның ғылыми маңыздылығы үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы аталған коференцияда ф.ғ.к., институт профессоры А.К.Қалиевтың жетекшілігімен 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Уралбаева Данара «Қазақ әдеби тілі және Жайдарман тілі ойындарының тілі» мақаласымен баяндама жасап, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
 2019 жылдың 12 сәуірінде  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде өткен «Ғылым және Білім - 2019» ХІҮ Халықаралық ғылыми конференциясында   ф.ғ.к., институт профессоры А.К.Қалиевтың жетекшілігімен 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Уралбаева Данара  «Қазақ әдеби тілі және Жайдарман тілі ойындарының тілі» мақаласымен,  магистр, институт доценті Қ.М.Шакированың жетекшілігімен  5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Сейтқұлова Фариза «Жазушы Төлен Әбдік шығармаларындағы психологизм» тақырындағы мақаласымен  баяндама жасап, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
 2018 жылы 22 сәуірде өткен «Студенттердің үздік ғылыми жұмыстарына арналған АрқМПИ ректорының сыйлығын талап ету жөніндегі конкурсқа» ғылыми жобаларын қорғау үшін ф.ғ.к.,институт профессоры Б.А.Рахметованың жетекшілігімен 5В01210-«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Биібінұр Жабасова «Орхон Енисей жазба ескерткіштері – рухани бастаудың  асыл мұрасы»; ф.ғ.к., институт профессоры А.К.Қалиевтың жетекшілігімен 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Уралбаева Данар «Қазіргі Жайдарман ойындарының тілі, оның мазмұны мен құрылымы»; аға оқытушы Б.А.Таутинаның жетекшілігімен 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенті Абдысадық Бибіхан «Қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің қазіргі қазақ прозасындағы көрінісі» тақырыптарындағы ғылыми – зерттеу жұмыстарымен қатысты.  Нәтижесінде Д.Уралбаева жүлделі І орынды иеленді.
 2019 жылғы «Жастар жылында» жас ақындардың шығармашылық қабілетін дамыту мен жастар бойында елдік, ерлік рухын шыңдау мақсатында М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің базасында өткізілген «Көк бөрі – ұраным, айбыным» атты республикалық жас ақындар мүшайрасында Қазақ тілі мен әдебиеті ІІ курс студенті Сарманов Рамазан Амантайұлы І дәрежелі дипломға ие болды.
 5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының ҚБ-31 жеделдетілген тобының студенті Қойшыбай Ибадат «Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай өткізілген қалалық «Өзіміздің Би-аға» атты жыр мүшәйрасына қатысып, бас жүлдеге ие болды.

Talk to us

87143072488