Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

  • Главная
  • Жалпы ақпарат
  • Факультеттер
  • Тарих және өнер факультеті
  • Жоғары оқу орнының стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың нәтижесі жөнінде ақпарат

Жоғары оқу орнының стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың нәтижесі жөнінде ақпарат

Жоғары оқу орнының стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың нәтижесі жөнінде ақпарат   

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының 2013-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын және институт миссиясын орындау мақсатында факультет құрамына қарайтын барлық оқытушылар мен студенттер арасында түсіндіру шараларын жүргізді. 2015-2016 оқу жылында 1-4 курс студенттері арасында институт миссиясы мен оны іске асыру нәтижесі, стратегиялық мақсаты мен міндеттері түсіндірілді.

Миссия: АрқМПИ - аймақтың басты білім беру орталығы ретінде, өңірдің білім беруі мен мәдени-әлеуметтігі дамуы үшін құзіретті, көптілді, білім берудің заманауи моделін жүзеге асыру механизмдерін меңгерген, айқын азаматтық ұстанымы бар педагог мамандарды даярлау.

Іске асыру нәтижесі:

1.Классикалық дәстүрлі жоғары мектепті жаңа білім беру технологияларымен үйлестіретін, білім беру мен ғылым саясатының өзара әрекет етуін жүзеге асыратын инновациялық педагогикалық жоғары орны болу;

2.Аймақтың шоғырландырушы орталығы және ғылыми, әлеуметтік-мәдени қозғаушы күшіне айналу

Стратегиялық мақсаты:

- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, жалпы білім беретін және шағын жинақталған мектептерде 12 жылдық оқыту моделін жүзеге асыратын бәсекеге қабілетті, құзіреттілікке ие мұғалімдер даярлайтын ғылыми-педагогикалық, жетекші білім беру орталығына айналу.

Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер іске асты.

1.Факультет міндеттерінің бірі магистрлер мен докторларды мақсатты және келісім-шарт негізінде дайындау арқылы ПОҚ деңгейін күшейту төмендегі кестеде көрсетілген:

ПОҚ деңгейінің өсу кестесі

Жылдар

Саны

Мамандығы

1

2013-2014 о.ж.

1-мақсатты

1-келісімді-шарт

«Дене шынықтыру және спорт»

«Тарих»

2

2014-2015 о.ж.

1-мақсатты

7-келісімді-шарт

«Тарих»

4- «Тарих», 2- «Дене шынықтыру және спорт», 1- «Музыкалық білім»

3

2015-2016 о.ж.

3-келісімді-шарт

«Тарих»

2.«Электрондық ЖОО» жүйесі нәтижесінде ата-аналар білім алушылардың жетістіктерін, сабаққа қатынасуын электронды журнал арқылы көре алады. Оқытушылардың тапсырмаларын және ПОӘК-ін білім алушылар электронды нұсқада алу мүмкіндігіне ие болды.2.«Электрондық ЖОО» жүйесі нәтижесінде ата-аналар білім алушылардың жетістіктерін, сабаққа қатынасуын электронды журнал арқылы көре алады. Оқытушылардың тапсырмаларын және ПОӘК-ін білім алушылар электронды нұсқада алу мүмкіндігіне ие болды.

3. Болон процесіне сәйкестендіру арқылы білім берудің еуропалық аймағына бірігуді қамтамасыз ету мақсатында факультет бойынша соңғы үш оқу жылы ішінде академиялық ұтқырлық бойынша Қазақстанның басқа ЖОО-да оқыған студенттердің саны 7 адамды құрады.

Академиялық ұтқырлық

2 кесте

Жылдар

Саны

Оқыту курсы

Оқыған оқу орны

1

2013-2014 оқу жылы

-

-

-

2

2014-2015 оқу жылы

2

3

ҚМПИ және ТМПИ

3

2015-2016 оқу жылы

5

3

ҚМПИ және ТМПИ

4.Патриоттық тәрбие және азаматтық белсенділікті қалыптастыру, әлеуметтік жауапкершілік пен жастар әлеуетін ашу тетігі бойынша факультет көлемінде іске асқан шаралар жылдық есепте және жоспарда көрсетілген. Солардың ішіндегі ең маңыздыларын атап өтер болсақ:

 4.Патриоттық тәрбие және азаматтық белсенділікті қалыптастыру, әлеуметтік жауапкершілік пен жастар әлеуетін ашу тетігі бойынша факультет көлемінде іске асқан шаралар жылдық есепте және жоспарда көрсетілген. Солардың ішіндегі ең маңыздыларын атап өтер болсақ:

 4.1. 2013-2016 оқу жылдарында мұғалімдер күніне, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне, Халықаралық әйелдер мерекелеріне байланысты факультет институт көлемінде концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

4.2. 2014 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты, институт профессоры, «Үздік оқытушы» атағының иегері Ә.Ү.Үмбетовпен институт көлемінде студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

4.3. 2014 жылы «Қазақ елі – «Мәңгілік Ел» атты институт көлемінде тәрбие сағаты өткізілді.

4.4 2015 жылы Тәуелсіздік мерекесіне орай институт факультеттерінің 1 курс студенттері арасында «Тұғыры биік Қазақ елі» атты интеллектуалдық жарыс өткізілді.

4.5. 2015 жылы «Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмыт қалмайды» атты Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған шығармашылық көрме ұйымдастырылды.5.Қазақстандық қоғамның тұрақты этномәдени негізін қалыптастыруға бағытталған «Қазақ елі» бағдарламасы факультет құрамындағы барлық мамандықтың бірінші курс студенттерінің оқу бағдарламасына енгізілді.6. Студенттердің толық білім алуына жағдай жасау мақсатында қашықтықтан оқыту жүйесі тек қана сырттай оқу факультетіндегі мамандықтарға енгізіліп, ол толық жұмыс істеуде. Факультет құрамындағы мамандықтарда оқу бағдарламасындағы барлық пәндердің электрондық нұсқасы жасалынып, енгізілді. (Факультет Кеңесінің хаттамасы № 10. 25.05.2016 ж.)

Мақсатты индикаторлар

1. Жалпы түлектердің санынан жоғары білікті, құзіретті, көптілді, ақпараттық технологияны меңгерген педагог мамандардың үлесі - 60%

2. Жалпы түлектердің санынан пәнді екі тілде (қазақша-орысша) жүргізетін түлектердің үлесі - 70%

3. Жалпы түлектердің санынан пәнді үш тілде (қазақша-орысша-ағылшынша) жүргізетін түлектердің үлесі - 11%

4. Жалпы оқытушылар санынан пәнді екі тілде (қазақша-орысша) жүргізетін ПОҚ үлесі - 75%

5. Жалпы оқытушылар санынан пәнді үш тілде (қазақша-орысша-ағылшынша) жүргізетін ПОҚ үлесі – 4,4 %

6. «Шағын мектеп», «Көптілділік», «Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беру» бағыттары бойынша арнайы элективті курстар енгізілді. Атап айтар болсақ, «12 жылдық білім беру методологиясы», «Шағын жинақталған мектептерде Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі», факультетте 2 оқытушы (Бермағамбет Р.Е. және Әділбеков І.Қ.) «Тарих» және «Құқық және экономика негіздері» мамандықтарында қазақ-ағылшын-орыс тілдерінде дәріс оқиды. (Факультет Кеңесінің хаттамасы № 9. 27.04.2016 ж.)

7. 2013-2016 оқу жылдарында факультет оқытушыларының 100%-ы біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының 2013-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын және институт миссиясын орындау шараларын одан әрі жалғастыру мақсатында факультет төмендегідей жұмыс жоспарын ұсынады:

Іс-шараның атауы

Іске асыру жолдары

Мерзімі

Жауапты

1

Институттың 2013-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары

Факультеттің 1 курс студенттері арасында ашық түсіндіру сабағын өткізу

Қыркүйек

Факультет деканы, эдвайзерлер, оқытушылар

2

Институттың 2013-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары

2-4 курс студент- теріне жоспарлан- ған іс-шараларды іске асыруға бағыт беру

Қараша

Факультет деканы, эдвайзерлер, оқытушылар

3

Институттың 2013-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары

Факультет студенттері арасында тест жүргізу

Желтоқсан

Факультет деканы, эдвайзерлер, оқытушылар

4

Институттың 2013-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары

Факультет студенттерінің арнайы бөлім мамандарымен кездесуі

Ақпан

Факультет деканы

5

Институттың 2013-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары

Факультет оқытушыларымен арнайы сұхбат жүргізу

Сәуір

Факультет деканы, кафедра меңгерушілері, бөлім мамандары

 

 

 

Talk to us

87143072488