Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

  • Главная
  • Жалпы ақпарат
  • Факультеттер
  • Тарих және өнер факультеті
  • Біздер туралы

«Тарих және өнер» факультеті

Konkina

Конкина Гүлбаршын Спанқызы

Тел.: 8 (71430) 7-24-88

E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Факультет АрқМПИ-дің бас ғимаратында, 4-қабатта орналасқан,  №404 кабинет.
Бүгінгі факультет

Факультет мамандықтарға сәйкес арнайы және қоғамдық, әлеуметтік – саяси пәндер, Отан тарихы, экономика және құқық пәндері бойынша білім беріп, тарихи-мәдени және этно-әлеуметтік зерттеу бағытында ғылыми жұмыс жүргізеді. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін оқытушылар оқу үрдісіне кеңінен енгізуде, оқу-әдістемелік құралдары, арнайы курстар әзірленіп, оқу-әдістемелік семинарлары ұйымдастырылып өткізіледі.           

Факультет республиканың жетекші ғылыми орталықтарымен: Ә.Х.Марғұлан атындағы  Археология институтымен, Ш.Уәлиханов атындағы  Тарих және этнология институтымен, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетімен, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетімен, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетімен, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетімен,  А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетімен және тағы басқа іргелі жоғары оқу орындарымен байланысын дамытуда. Ынтымақтастық шеңберінде бірлескен зерттеулер жүргізіліп, ғылыми дәрежелі кадр мамандар даярлануда.

Қысқаша тарихи мәлімет

Тарих және өнер факультетінің қалыптасу мен даму тарихы бірнеше кезеңдерді еншілеуіне тура келді. Бүгінгі таңда факультет құрамындағы кафедралар тарихы институтымыздың ірге тасы қаланған 1972 жылмен тығыз байланысты. Кезінде "Көркем графика", "Тарих - Филология", "Тарих - экономика" факультеттерімен тарихи сабақтастығы бір факультетіміз 2007 жылы "Тарих және өнер" факультеті болып қайта құрылған еді. Факультеттің қалыптасуы мен даму тарихына елеулі  үлес қосқан декандар қатарына: профессор А.Г.Переверзев, п.ғ.к., өнертану доценті, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Б.Е.Оспанов, п.ғ.к., доцент Р.Р.Шайхулов,  п.ғ.к., доцент З.Ш.Қолдасбаева, т.ғ.к., доцент Қ.Ғ.Даркенов, п.ғ.к., доцент Ш.Т.Төлегенов, аға оқытушы Ж.Қ.Нұрханов, т.ғ.к. С.А.Бағдатова, аға оқытушы Р.З.Аймағамбетұлы, т.ғ.к., З.Ш.Айткеновты, т.ғ.к. Б.Қ. Қосаяқовты атауға болады. Олардың қызметі барысында мамандардың біліктілігі мен ғылыми әлеуеттілігі  артты, студенттер саны көбейді, қазіргі заман талабына сәйкес мамандар даярлау жүзеге асырылды. Факультетте оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарына зор маңыз беріледі. Осы уақыт аралығында  Торғай өңірі мен Қостанай  облысы мектептері мен орта арнаулы оқу орындары үшін жүздеген педагог мамандар даярланды.

Факультет кафедралары

"Тарих және өнер" факультетінің құрамында бүгінгі таңда 3  кафедра жұмыс жасауда:

- "Қазақстан тарихы және құқық, экономика негіздері" кафедрасы

- "Музыка және бейнелеу өнері" кафедрасы

- "Дене мәдениеті және спорт" кафедрасы

Факультет төмендегі мамандықтарды дайындайды:               

5В010600 – Музыкалық білім, 5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу, 5В011500 – Құқық және экономика негіздері,  5В011400 – Тарих, 5В010800 – Дене шынықтыру және спорт  

Түлектер төмендегі біліктілік бойынша жұмыс істей алады:

5В010600 – Музыкалық білім мамандығы бойынша бітірген түлекке музыкалық білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Музыка пәні мұғалімі, сынып жетекшісі, музыкалық-көркемдік жұмыстарды ұйымдастырушы, музыкалық өнерді насихаттаушы біліктілік бойынша қызмет атқаруға  мүмкіндігі бар.

5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша бітірген түлекке бейнелеу өнері және сызу бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Бейнелеу өнері, сызу, технология, өнер пәндерінің мұғалімі, көркем безендіруші, сынып жетекші, бейнелеу өнерін насихаттаушы қызметтерін атқаруға толық мүмкіндіктері бар. Түлектердің біліктілігі және қызметтері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 22.№№.2002ж. №273-П бұйрығымен бекітілген «Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына» сәйкес анықталады. Мектептерде, лицей, колледждерде мұғалім қызметін атқаруға білім мекемелерінде меншіктің түріне қарамастан, педагог, меңгеруші және мемлекеттік  мекемелерде біліктілік бойынша қызмет атқаруға  мүмкіндігі бар.

5В011500 – Құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша бітірушілерге құқық және экономика негіздерінің бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Осы мамандықтағы бакалавр орта мектепте, лицейде, гимназияда, колледжде және басқа да орта арнаулы оқу орындарында экономика және құқық негіздерін оқыта алады, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде (біліктілікті жоғарылату институттарында, баспаларда), кеңес беруші фирмаларда, оқу орындарында (лаборант, кабинет меңгерушісі, кеңесші, менеджер, т.с.с.) лауазым атқара алады.

5В011400 – Тарих мамандығы бітірген түлекке тарих бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Осы мамандықтағы бакалавр орта мектепте, лицейде, гимназияда, колледжде және басқа да орта арнаулы оқу орындарында Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы және гуманитарлық циклдегі пәндерді оқыта алады, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде (біліктілікті жоғарылату институттарында, баспаларда), кеңес беруші фирмаларда, оқу орындарында (лаборант, кабинет меңгерушісі, кеңесші, менеджер, т.с.с.), т.б. лауазымдық қызмет атқара алады.

5В010800 – Дене шынықтыру және спорт  мамандығы бітірген түлекке дене шынықтыру және спорт бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.Дене шынықтыру  және мәдениеті мұғалімі, таңдаған спорт түрі бойынша жаттықтырушы, дене шынықтыру, емдік – дене шынықтыру  және массаж мұғалімі, дене шынықтыру мұғалімі және дене шынықтыру мен спорт менеджері, дене шынықтыру мұғалімі туризмнің спорттық және белсенді түрлерінің менеджер нусқаушысы, дене шынықтыру мұғалімі және спорттық арбитраж бойынша маман, т.б. лауазымдық қызмет атқара алады.

                Профессор-оқытушылар құрамы:               

Факультетте 35 оқытушы жұмыс істейді.

Оның ішінде:

• 2 ғылым кандидаты, АрқМПИ,  доценті-2

• 32 аға оқытушы, 

 • 23 магистр

•2 оқытушы

• Оқу процесін қажетті деңгейде өткізуге 4 лаборант, 1- костюмерный, 1 - настрой   өз үлестерін қосуда.

TH

MB

DshS

Факультеттің материалдық – техникалық базасы:

Оқу үрдісі негізгі оқу кабинеттерімен бірге қазіргі заманғы жабдықталған 2 аудиторияда жүзеге асады.

Оның ішінде:

• «Қазақстан   тарихы» - кабинеті

Факультетте 243 студент білім алуда.

• Мемлекеттік білім гранты негізінде – 163

• Келісім- шарт негізінде – 80

• Қазақ топтарында оқитын студент саны –224

• Орыс топтарында оқитын студент саны –19

Тәрбие жұмыстары

1. Тәрбие жұмысын ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету: 

Факультет денгейінде  «Білім күніне» салтаннаты жиын өткізіліп, студенттерді профессор-оқытушылар құрамымен  таныстырылды. Студенттерді  бейнезалға,  кітапханаға, мұражайға экскурсия  жүргізіліп, ЖОО ішкі ережесімен таныстырылды. Барлық мамандықтардың  бірінші курс студенттерді жатақһанамен қамтамассыз етілді.                 

2. Азаматтық –патриоттық және құқықтық тәрбие іс-шаралары      

Ашық тәрбие сағаты тақырыбы: «Қазақстан республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «100-нақты қадам»- өткізген БС-41,31. Жетекшісі: Бөлтірікова М. 3 желтоқсан 2015 жыл. «Денсаулық күні»- БС-11,МБ-11 жауапты эдвайзерлер: Ұзақов С.А. және Бөлтірікова Ж.И. «Діни - экстремизмге карсы» ұйымдастырылған:  БС-11, ИЗО-12 тобы. Жауапты эдвайзер ҚСО мүшесі Ұзақов С.А 6 сәуір 2016ж. Дөңгелек стол «Мәнгілік ел» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолдауы» -үйымдастырушы б.ғ.магистрі Бөлтірікова Г.М.       2016 ж., қаңтар айының 11-13 күндері профессор-оқытушылар құрамы мен  қызметкерлері  арасындағы «Денсаулық-2016» спартакиадасы өтілді. Спартакиядаға 245 адам қатысып, спорттын 7 түрінен сайысқа түсті.

Қорытындысында

1.Волейбол: 1 орын –«Достар», 2 орын –«Намыс», 3 орын – «Жалын»             

2. Дартс (ерлер): 1 орын – «Жалын» ,2 орын –«Намыс», 3 орын – «Достар»

3. Дартс (қыздар): 1 орын –«Сұңқар», 2 орын «Жалын» , 3 орын – «Барыс»         

 4.Дойбы: 1 орын «Барыс»,  2 орын –«Намыс», 3 орын – «Жалын»      

5. Тоғызқұмалақ:  1 орын –«Сұңқар», 2 орын –«Намыс», 3 орын – «Жалын»     

 6. Шағын-футбол: 1 орын- «Барыс» ,   2 орын –«Достар», 3 орын – «Жалын» 

7. Үстел теннисі:  : 1 орын –«Достар», 2 орын-«Барыс», 3 орын ––«Намыс»

8. Баскетбол: 1 орын «Барыс»,  2 орын –«Жалын»,   3 орын – «Намыс». 

2016 ақпан айында  факультет командалары арасында үстел теннисі жарысы өтілді. 

Жарыста  1 орынды «Тарих және өнер»  факультеті, 

2 орынды «Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультеті, 

3 орынды «Педагогика және филология»  факультетіфакультеті жеңіп алды.       

ДШС-11 тобымен кураторы  Толегенов Талантын ұйымдастыруымен «Сыйынар ем ана деген тәңірге» концерттік іс-шара өтілді.   Іс-шараға әр топ студенттері қатысып, концерт өз деңгейінде өтілді.        

2016 ж., 18 наурыз күні Наурыз мерекесіне орай  «Ұлыстың ұлы күні Наурыз!»  тақырыбында  іс-шара өтілді.  Мерекеге жауапты аға оқытушы п.ғ.м. Бисенғали М.Ғ. аға оқытушы Құлтанов Д.Т.  Мерекеге орай топ студенттері ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсті. Атап өтсек Тоғызқұмалақ, Арқан, Қол күрес түрлерінен  жарыстар ұйымдастырылды.            

Факультет жаңалықтары:

-  Қазақстан  Республикасының ЖОО  26.09.-03.10.2017жж., аралығында Түркістан қаласында өткізілген  IX- жазғы Универсиадаға АрқМПИ студенттері қатысты. Дене мәдениеті және спорт кафедрасының аға оқытушысы К.Б.Конысбаев волейбол командасына жетекшілік жасады, біздің Дене мәдениеті және спорт кафедрасының студенттері Шашубай Аслан, Батыр Айдар, Қапар Мақсат, Кәкімжан Азамат, Қйырбек Досбол, Бөрі Ерасыл и Турсунов Тудахун  төртінші орынға ие болды.

Командалық орындар осындай ретте орналастырылды:

1- орын КАЗГУ

2- орын ХГТУ

3- орын  Корқытата

4- орын АрқМПИ

«Мұғалім  Күніне»  арналған салтанатты іс-шара!!!

Ы.Алтынсарин  атындағы Арқалық  мемлекетік  педагогикалық институтында  ректор  оқытушыларды  және  қызметкерлерді  естелік сыйлықпен грамотамен марапаттады!Марапатталған  профессор-оқытушы  құрамының ішінде «Қазақстан  тарихы, құқық негіздері және экономика» кафедраның аға  оқытушы  Адильбеков И.К., қатысты.  «Қазақстан  тарихы, құқық  негіздері және  экономика» кафедрасының оқытушыларын және «Тарих және өнер» факультет деканын  студенттер концерттік  іс-шара дайындап «Мұғалім   күнімен»  естелік сыйлык жасап құттықтады!

Uchitel

Uchitel 2

Uchitel 3

Talk to us

87143072488