Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

  • Главная
  • Жалпы ақпарат
  • Факультеттер
  • Педагогика және филология факультеті
  • Жоғары оқу орнының стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың нәтижесі жөнінде ақпарат

Жоғары оқу орнының стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың нәтижесі жөнінде ақпарат

Педагогика және филология факультеті бойынша ЖОО стратегиясын жүзеге асыру нәтижелері жөнінде ақпарат

Миссия: аймақтың білім беруі мен мәдени-әлеуеттігі дамуы үшін құзіретті, көптілді, білім берудің заманауи моделін жүзеге асыру механизмдерін меңгерген, айқын азаматтық ұстанымы бар педагог мамандарды даярлау.
Іске асыру нәтижесі:

- жоғары білікті мамандар даярлауда аймақтағы көшбасшы ЖОО болу;

- аймақтың шоғырландырушы орталығы және ғылыми, әлеуметтік-мәдени қозғаушы күшіне айналу.

Стратегиялық мақсаты: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, жалпы білім беретін және шағын жинақталған мектептерде 12 жылдық оқыту моделін жүзеге асыратын бәсекеге қабілетті, құзіреттілікке ие мұғалімдер даярлайтын ғылыми-педагогикалық, жетекші білім беру орталығына айналу.

Педагогика және филология факультеті бойынша ЖОО стратегиясы мен миссиясын іске асыру үшін алға қойылған міндеттердің 2016 жылға дейінгі орындалуы:

1. Мұғалімдердің кәсіптік даярлығы бағдарламасының тілдік-ақпараттық-профилдік бөлімдері нығайтылды. 

2. ПОҚ деңгейін күшейту мақсатында магистрлер мен докторларды мақсатты дайындау жұмысы ұдайы жүргізілуде. 2016 жылға дейін мақсатты грант негізінде 6 магистр, 3 доктор оқуын аяқтады. 3 оқытушы докторантурада оқып жатыр.

3. «Электронды ЖОО» жүйесін енгізу жұмыстарының алғышарты ретінде біраз шаруалар атқарылды. Атап айтқанда факультет құрамындағы кафедра оқытушыларының бейнелекциялары дайындалды, электронды байланыс тетіктері оқу процесі мен факультеттің құжаттар айналымында жүзеге асырылуда.

4. Болон процесінің параметрлеріне мазмұнды сәйкестендіру арқылы білім берудің еуропалық аймағына бірігуді қамтамасыз ету мақсатында академиялық ұтқырлық жолға қойылып, студенттеріміз шетелдік және отандық ЖОО орындарында білім алып келді. Атап айтқанда, Словакияның Братислава қаласындағы Я.А.Коменский университетінде 2014-2015 оқу жылында 2 студент (М.Ерғалиева, К.Юнусова «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы), 2015-2016 оқу жылында 2 студент (Р.Есенбек, Г.Қоржынбай «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы) білім алып келсе, 2016-2017 жылы осы университетке 2 студент оқуға жіберіліді (Х.Бисақал, А.Солтаншаривқызы «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы). Сондай-ақ отандық ЖОО-да (Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты) факультетімізден 2013-2014 оқу жылында 3 студент, 2014-2015 оқу жылында 6 студент, 2015-2016 оқу жылында 3 студент академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқып келді. Биылғы 2016-2017 оқу жылының І семестрінде 2 студент осы бағдарлама бойынша оқуға жіберілді. Сонымен қатар еліміздің өзге ЖОО орындарынан академиялық ұтқырлық бағдарламасымен студенттердің келуі де жолға қойылды. 2013-2014 оқу жылында «Педагогика және психология», «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие», «Бастауыш оқыту әдістемесі мен педагогикасы» мамандықтары бойынша 4 студент (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты), 2014-2015 оқу жылында «Педагогика және психология» мамандығы бойынша 2 студент (Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты), 2015-2016 оқу жылында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 1 студент (Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты) келіп білім алды. Биылғы оқу жылында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 1 студент (Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты) оқып жатыр.

5. Патриоттық тәрбие және азаматтық белсенділікті қалыптастыру, әлеуметтік жауапкершілік пен жастар әлеуетін ашу тетігі бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып келеді. поэзия, айтыс және дәстүрлі ән, терме, вокал және эстрада, жайдарман, дебат, журналистика, би, "Руханият" студент жастар театрын қамтитын М.Дулатұлы атындағы әдеби-мәдени бірлестік тек өз факультетіміз ғана емес өзге факультеттердің студенттерін де қамтып, 100-ден астам студентті құрамына қабылдады. 7 жылдық тарихы бар бірлестік бүгінгі таңда облыс жұртшылығына танымал. Әсіресе жайдарманшылар мен айтыс ақындары институттың иммиджін қалыптастыруда зор еңбек етіп келеді. Бірлестік мүшелері ел патриоттары ретінде азаматтық белсенділігі арқылы облыс жастары арасында зор беделге ие.

6. Оқу орнында қоғамның тұрақты этномәдени негізін қалыптастыруға бағытталған, барлық оқу кезеңін қамтитын "Қазақ елі" бағдарламасын енгізу факультетіміздің құрамдас бөлігі "Педагогика және психология" кафедрасының бастамасымен қолға алынған болатын. Осы іске бастамашы болған кафедра оқытушылары бағдарламаны жүзеге асыруда да тынбай еңбектеніп келеді. Аталған кафедра оқытушылары бағдарлама бойынша арнайы кабинет жасақтап, стендтер, әдістемелік құралдар дайындады.

7. Қашықтықтан оқыту жүйесін енгізуге байланысты факультет оқытушылары сырттай бөлімдерге арналған материалдардың электронды нұсқасын, бейнедәрістерді платон бағдарламасына енгізуде. Бұл жұмыс әлі де жалғасын тауып, толықтырылуда.

Мақсатты индикаторлар
- жалпы түлектің санынан жоғары білікті, құзіретті, көптілді, ақпараттық технологияны меңгерген мамандардың үлесі - 85%;

- жалпы түлектердің санынан пәнді екі тілде (қазақша-орысша) жүргізетін түлектердің үлесі - 70%;

- жалпы түлектердің санынан пәнді үш тілде (қазақша-орысша-ағылшынша) жүргізетін түлектердің саны - 20%;

- жалпы оқытушылар санынан пәнді екі тілде (қазақша-орысша) жүргізетін ПОҚ үлесі - 70%;

- жалпы оқытушылар санынан пәнді үш тілде (қазақша-орысша-ағылшынша) жүргізетін ПОҚ үлесі - ? %;

- "Шағын мектеп", "Көптілділік", "ҚР-дағы 12 жылдық білім беру" бағдарламалары бойынша ғылыми-әдістемелік қоры жаңартылды, арнайы элективті курстар енгізілді;- жастардың 75% жастар саясаты шараларын жүзеге асыруға белсенді қатысады;

- ПОҚ-тың 100%-ы біліктілікті арттыру курсынан өтті.

ПОҚ-на және студенттерге ЖОО-ң миссиясын және даму стратегиясының негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстарының жоспары

Жұмыстың атауы

мерзімі

жауапты

есеп беру түрі

1

ПОҚ құрамына ЖОО-ң стратегиялық жоспары мен құжаттарындағы соңғы өзгерістер туралы кафедра мәжілісінде ақпарат беру

қыркүйек

кафедра меңгерушілері

хаттама

2

1 курс студенттеріне ЖОО миссиясы мен стратегиялық даму жоспарын түсіндіру мақсатында тәрбие сағаттарын өткізу

қыркүйек

топ кураторлары

хаттама, сабақ жоспары

3

2-3-4 курс студенттеріне ЖОО-ң стратегиялық жоспары мен құжаттарындағы соңғы өзгерістер туралы ақпарат беру мақсатында тәрбие сағаттарын өткізу

қыркүйек

топ кураторлары

хаттама, сабақ жоспары

4

ЖОО-ң стратегиялық жоспары мен құжаттарындағы соңғы өзгерістер туралы ақпараттардан ЖОО әріптестері мен жұмыс берушілер хабардар болуы үшін баспасөз ақпарат құралдарында материалдар жариялау

жыл бойы

декан, кафедра меңгерушілері

мақала

5

ПОҚ-на және студенттерге ЖОО-ң миссиясын және даму стратегиясының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында стенд, буклеттер жасау

қыркүйек-қазан

топ кураторлары

стенд, буклет

Talk to us

87143072488