Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

  • Главная
  • Жалпы ақпарат
  • Бөлімше
  • Психолого-педагогикалық кешені
  • «Өзін-өзі тану» орталығы

«Өзін-өзі тану» орталығы

Оқу орындарындағы педагогтың жетістіктерінің ең маңызды шарттарының бірі өз ісіне деген жаупкершілік  қана емес,  жұмыс барысындағы ішкі бостандығы. Бұған жету үшін арнайы жабдықталған «Өзін -өзі тану» орталығында өткізілген сабақтар көмектеседі.

«Өзін - өзі тану» рухани адамгершілік даму бағдарламасы  адамзат мәдениетіне ғасырлық данышпандықты  қолдана отырып,  әлемнің соның ішінде Қазақстан халықтарының рухани байлығы және көпжақтылығымен таныстыруды мақсат етеді.

Өзін-өзі тану сабағы ешқандай басқа сабаққа ұқсамайды. Мұнда дәстүрлі сабақ сұрау мүлдем жоқ. Сабақтағы негізі әдістер:

-          этикалық әңгімелер

-          ролдік ойындар

-          пікірталас

-          тыныштық минөті

-          позитивті ойларға бағыттау

-          тренингтер және басқа да ұжымдық жұмыс формалары.

Диалог- дискуссия процесінде студенттерде ерекше әлеуметтік қабілетті және әлемді қабылдай білу, басқалармен бөлісу, олар өз көзқарастарын білдіруге, өзгелерді тыңдай білуге және өзара келісе білу, басқаның ойын өзгерту және тыңдай білуді үйретеді.

Ролдік ойындар - өмірдегі оқиғаларды, ондағы рольдерге ене білу, шапшаң іс - әрекеттер реакциясын ынталандырады, студенттің жеке тұлға ретінде ашылуына мүмкіндік береді.

Тренингтер – студенттің жеке қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді, өзін-өзі тануға және жетілдіруге деген қабілеттерін аша түседі.

Үнсіздік минөті – баяу әуен арқылы өтеді,студенттер денесін сәл босаңсытып отырады.Оқытушы сабақ тақырыбымен және қатысушылардың өткен тәжірибесіне және сабақ тақырыбымен байланысты мәтінді баяу оқиды. Бұл әртүрлі оқиғаларды еске түсіруге , сезімдерін сергітуге сонымен бірге ішкі әлеміне үңілуге мүмкіндік береді.Сабақ үстінде студенттер сабақтың өтуіне белсенді ат салысады, топпен жұмыс істеудің түрлі формаларын біліп үйренеді.Осының бәрі өзіндік ашыла түсуге, болашақ мұғалімге қажетті жеке қасиеттерді қабылдау және одан әрі дамыта түсуге мүмкіндік береді.

 

 

Оқыту зонасы дөңгелек столмен, тығын тақтамен жабдықталған және психологиялық педагогикалық пәндерден зертханалық сабақтар, топтық тренингтер өткізуге арналған. Зертханада жеке топтық және ұжымдық диагностикаға арналған бағдарламамен қамтамасыз етілген компьютер орналасқан. Бұл жүйенің функциональдық міндеттері

-          дайын тестерді пайдалану арқылы кәсіби-психологиялық зерттеуді өткізуге;

-          диагностика міндеттері; контигенттің бар әдістемесін бөлуге және т.б

-          жүйеге жұмыс істеуге қажетті тестерді шығару және енгізуге мүмкіндік береді. Жүйеге зерттеушінің ақыл- ойын, әлеуметтік және іскерлік, жеке дамуының деңгейлерін және психологиялық қалыптан ауытқуын анықтау мақсатында қолданылатын әртүрлі диагностикалық әдістемелер енген.(Люшердің классикалық тесттері, Айзенка, Кэттме, ММРІ, «сематикалық диофференциал» әдістемесінің әртүрлі нұсқалары).

Қойылған міндеттерге байланысты тестті толық немесе экспресс- нұсқада, іріктеп немесе «батарея» түрінде пайдалануға болады. 

 

Talk to us

87143072488