Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

  • Главная
  • Жалпы ақпарат
  • Бөлімше
  • Мұражай кешені
  • Жаратылыстану мұражайы

Жаратылыстану мұражайы

           Бөлімдері: геология, палеонтология, зоология

           Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану табиғи-тарихи мұражайы үш бөлімнен тұрады: геология, палеонтология және зоология бөлімдері. 
Геология бөлімінің көрмелерінде   жер қыртысында кездесетін магмалы, метаморфты және шөгінді жыныстардың үлгілері, түрлі минералдар мен кристалдар, «Қызылқозы» бокситті кен орнынан бокситтер мен саздар топтамалары көрсетілген.      
         Палеонтология бөлімінде органикалық дүние дамуының дәлелін - өткен геологиялық  дәуірлерде кездескен  жануарлар таңбалары, тастанулары және сүйек қалдықтарын қызықтауға болады. Мезозой және палеозой дәуірінің ағзалары осы уақытқа дейін негізінен тастану күйінде сақталған. Көрмелерде брахиоподалар, теңіз лилиялары, қырықбуынның тастанулары, тастардағы өсімдіктердің таңбалары  бар.
         Кайнозой дәуірінде тіршілік еткен бизонның профильді реконструкциясы бар. Бұл рекончтрукцияны біргей деп айтам артық болмас, өйткені осындай экспонаттар Қазақстанда саусақпен санап шығарлық. Одан басқа мамонт, ежелгі бұғылар, жүндес мүйізтұмсықтардың сүйектері де бар.
Зоология бөлімінде Қостанай өңірінде тұрақты мекен ететін және көшіп-қонатын жануарлардың тұлыпы, олар мекен ететін ландшафтардың панорамасын көруге болады. Бұл бөлімнің бір ерекшілігі – табиғатта көре алмайтын жануарларды жақыннан қызықтау мүмкіндігі. Сонымен қатар қала адамдары табиғатта өте сирек болады, ал біздің мұражайдағы жануарлар тұлыптары табиғи күйде орналасқан панорамалық ландашафтарын аралаған кезде шынымен табиғатта серуен жасағандай сезім пайда болады. Ал тропикалық насекомдардың топтамалары ешкімді де таңқалдырмай қоймайды. Тропикалық көбелектер... міне нағыз көз тоймайтын сұлулық! Тропикалық қоңыздардың да топтамалары көз тартарлық. Тропикалық насекомдардың үш жүзден аса түрлері бар.

2. Жаратылыстану мұражайының құрылу принциптері және оның білім беру жүйесіндегі орны
  2.1 Экспозиция – мұражайдың негізгі құрылымдық элементі ретінде

  • Мұражай ісінің, қызметінің негізгі бағыттары экспозициялық көрмелік, қорлық, ғылыми-ағартушылық екені мәлім. Осылардың бәрінің негізі мұражай экспонатына келіп тіреледі. Мұражай өзінің әлеуметтік қызметін мұражай экспонаттарын жинау, сақтау, үйрену, зерттеу және қолдану арқылы жүзеге асырады.
  • Мұражай туралы теориялық бағыттар әр түрлі. Сондай теориялардың бірі «филологиялық», көне антикалық храмдарға еліктеуден туған. Мұражай мекемелері әр түрлі аталған. Мысалы, Вьетнамда – «баота» - реликвияларды сақтайтын жер деген ұғымды білдірсе, өз заманында көне египеттік өмір үйлері, антикалық музейондар топтамаларды жинауда өте үлкен рөл атқарған. Орта ғасырларда көне экспонаттар жинауға шіркеулерді де кеңінен қолданған.
  • Өнер, тарих және жаратылыстану экспонаттарын, монастырларда, храмдарда, бекіністерде жинаған.
  • Экспозиция көбінесе сөзбе-сөз «көрмеге қойылған» деп аударылады. Экспозиция эмоциялық әсердің үлкен күші бар өнердің синтездік түрі болып табылады. Мұражай экспозициясы − мұражай коммуникациясының негізгі түріне қызмет етіп, мұражайда жасалған ғылыми тұжырым және қазіргі заманғы көркем-сәулет принциптерінің шешіміне сәйкес түсіндірілетін және орналастырылған, білім мен тәрбие беру мақсатында мұражайлық затты көрмеге қою жолымен жүзеге асырады [24].

     Жаратылыстану мұражайында экспозиция немесе көрме ұйымдастыру – жаңашылдықты, тәжірибені, бір пікірдегі бүкіл ұжымның жігерін талап ететін күрделі техникалық және шығармашылық үдеріс. Жаратылыстану мұражайында үйлестіру жұмысының басты мақсаты         - көп ақпартқа қол жеткізуді бейне және эмоциямен сабақтастыру. Кез келген мұражайда экспозиция мен көрмені суретшілер, дизайнерлер жасайды. Сәулеттік – көркемдік шешім қажет. Бұл жерде суретшілердің қиялы да өте үлкен рөл атқарады. Ол экспозиция жасауда көрерменнің білім деңгейіне, әлеуметтік – демографиялық жағдайына да көңіл бөледі. Оптимальді сары, жасыл, алқызыл түстер көзді шаршататындықтан мұражайда ақ, көкшіл, ақ сары және қара түстер қолданылады [24]. 
Экспозицияны жобалау мен оның әр түрлі кезеңде орындалуын төмендегідей түрде ұсынуға болады:
I кезең – ойдың болуы: экспозицяның ғылыми тұжырымы мен тақырыптық құрылымы;
II кезең – кеңейтілген тақырыптық құрылымның өңдеуі, (ары қарай – КТҚ), тақырыптық-экспозициялық жоспар құру(ары қарай – ТЭЖҚ);
III кезең – көркемдік жоспар құру: алдын-ала материалдарды жаю;
IV кезең – техникалық жобаның орындалуы (монтаждық бет): экспозиция монтажы.

Қазіргі таңдағы экспозициялардың ең қолайлы түрі ансамбльдерді құру болып табылады, бір-бірімен байланысты барлық бөлімдер және біртұтас жүйені құрастырады. Суретші көрмеге қойылған заттарға келушілерден өте жоғары назарға қол жеткізу керек.
Жобалау соңғы кезеңінде монтаж беттері дайындалады. Олар дәл белгіленген ауданда экспозициялық аумақтың сызбасын, дайындаулы экспонаттардың, мәтіндердің, техникалық құрылғылардың жабдықтау орналастыру орындарын  ұсынады. Экспозиция монтажы, орналастыруда және экспозициялық материалдардың бекітуінде болады және мұражай жабдықтаудың берілген аудандарда кең көлемді шешімде монтаж беттерімен сәйкестікте қорытындыланады. Экспозициямен жұмыс жасау тәжірибеге байланысты. Экспонаттарды орналастыру, оларды көрерменге ұсыну ең алдымен логика және эстетикалық дұрыс үйлестіріуге тиісті сәйкестендіруді талап етеді, әсіресе жаратылыстану мұражайының экспозицияларын жоғарғы эмоциялық үйлесімділікпен ұйымдастырылған, бірақ осы тұста ерекше ереженің бар екенін айту керек.
Алдымен жоғарғы белдеуде экспозиция және экспонаттар мәнерленеді, төбеге ілініп қойылған экспонаттар (мысалы, жалаулар), содан соң - қабырғаға қыстырылатын материалдар (сөрелер, қабырғалар) және төменгі белдеуде - тіреулер, подиумдар орналастырылады [13].

2.2. Жаратылыстану мұражайы экспозициясының құрылу принциптері

Қолда бар әдебиеттерге сүйеніп біз мұражайтанушыларда «экспозиция құрудың принципі» жөнінде ешқандай түсініктің жоқ екенін байқаймыз.

Алайда «Музееведение» оқулығында осындай принциптер аталып өткен. Олар:

1) ғылымилық. Бұл принцип өзіне тарихи түсінікті де қосады деп есептеледі; 2) заттық; 3) айқындылық және әмбебаптылық принциптері.

§  Ғылымилық принципі өзінің анықтаушы рөлін көптеген мұражай экспозициясын құру барысында сақтайды.

Ол әрбір экспозицияға енетін мұражайлық заттың, экспозициялық тұжырымдамасында іске асырылған, ғылыми зерттеу тақырыбындағы, алдын-ала ғылыми өндірісінде көрінеді. Жаратылыстану мұражайының экспозициясын құру барысында биологиялық нысандар, биология ғылымындағы белгіленген жүйеге байланысты топтастырылғандығы көрінеді.  «Мұражай соттайтын жер емес» деген Н.Ф Федоровтың пастулатын қабылдай отырып, мұражайтанушылар мен мұражай қызметкерлері нысаналы ғылыми принципін алдыңғы қатарға қойды, алайда экспозицияның нақты айқындалған идеялық бағыттылығы түп тамырын тереңнен алады. Ол авторлық ұстанымның экспозициядағы көрінісін шығармайды, бірақ ол экспозициялаушыдан адалдықты және табиғат пен қоғамдағы болған және болып жатқан үдерістердің, интерпретциядағы қасақана еместігін қажет етеді. Бұл принцип бүгінгі таңда көпшілік мәселелік экспозициялар, диспуттарда қойып, келушілердің ой-өрісіне орын беру арқылы көрінеді [24].

Екінші жалпылама қабылданған принциптердің бірі нағыз мұражайлық заттарға сүйенген − заттық принципі. Бұл қазіргі кезде әртүрлі профилдегі мұражайлардың экспозициясын құруда айқын көрінеді, мысал, жаратылыстану мұражайының экспонаттары табиғат нысандары, бірақ табиғат нысандары мұндай мұражайларда тұлып түрінде орналастырылған.  Сонымен қатар қазіргі таңда заттық принцип кейбір мұражайлардың теория мен тәжірибесінде өзінің көлемді және міндетті маңызын жоғалтуда. Оған мұражайлық заттарсыз құрылған коллаж, инсталляция, натюрморттардың көптеген экспозициялары дәлел [24].

Үшінші айқындылық және әмбебаптылық принципі  тек қана көпшілік қол жетімді мұражайларға қатысты. Ғылыми-зерттеу институтына қарасты ЖOO оқу мұражайы немесе ғылыми мұражайлардың әртүрлі дәрежедегі келушілердің қызығушылығына есеп беруді талап етуге құқылы емеспіз. Алайда мұндай мұражай есігінің барлығы үшін ашылуы жиі болып тұратын жағдай болғандықтан, экспозициялардың құрылымы әртүрлі топтағы келушілердің қабылдауына жан-жақты бағытталғаны дұрыс. Жаратылыстану мұражайының зоология бөлімінің экспозицияларының Торғай өңірінің табиғат ландшафты зоналарына байланысты бөлініп орналастырылуы да осыған дәлелел. Және насекомдардың өз алдына бір экспозицияға бірігуі, әртүрлі топтағы келушілерге оңай түсінуге жағдай жасайды. Мұндай  экспозицияның көпжақтылық құрылымының мақсаты мынада: бір рет қана мұражайға бас сұғатын адам мен бұл мәселемен шындап айналысып жүрген маман үшін де өзіне қажетті және қызықты перспективті бағытты табуы. Л.Ф Казакова бұл принципке түсінікті әрі нақты коммуникативтілік терминін қолданды.

Жаратылыстану мұражайының палеонтология бөлімінің экспозициялары тарихи-хронологиялық принципке негізделіп құрылған. Геологиялық жыл санау архей дәуірінен басталғанмен, палеонтология бөлімінің экспозицияларын тіршіліктің енді ғана жанданып келе жатқан кезеңі - палеозой дәуірінен бастаған. Бұл бөлімінің витриналарында сол кезеңде тіршілік еткен брахиоподалар мен теңіз лилияларының тастанулары көрсетілген. Мезозой дәуірі негізінен өсімдіктердің гүлденген кезеңі екені белгілі. Осы кезеңге арналған витриналарда қырықбуын, мыңжапырақ және тағы да басқа өсімдіктердің таңбалары бар тастар мен саздар, қазбалы ағаштардың сақталу формасы болып табылатын лигнит орналастырылған. Кайнозой дәуіріне арналған экспозицияларда бірегей экспонат болып табылатын – алғашқы бизонның кескінді реконструкциясы бар. Сонымен қатар осы бизондардың серіктестері болған мамонттың жауырын, омыртқа, аяқ сүйектері мен тістері, жүндес мүйізтұмсықтың аяқ сүйектері, киіктің және алыпмүйізді бұғының мүйіздерінің фрагменттері қойылған. 
Мәселелік принцип ғылыми жобалау үдерісіндегі мәселе рітінде қойылған экспонаттардың тобын айқындайды [26]. Мәселелік принцип жаратылыстану мұражайының экспозициялық құрылымынан айқын көрініс таппайды.
  Жалпы танымал қолданыстағы әдістердің ішінен мыналарды атап өткен жөн:

− экспозициялық орталықтар мен негізгі экспонаттардың мағыналық және бейнелік мәнін бөліп алу;

− заттар арасындағы байланыстарды және осы байланыстардың сыртқы бақылауға берілмейтінін көрсету;

− сәйкестілік және қарама-қайшылық,

− шағын ғана алаңда орталықтанған көптеген бір типті материалдардың көрінісі. Мұндай көріністер біздің мұражайдың палеонтология бөліміндегі қазба жұмыстарынан табылған көп мөлшердегі бір типті сүйектермен, сонымен бірге геология бөліміндегі тастардың кейбір түрлерінің көптігінен көрінеді.

− «терезедегі экспозицияны» ұйымдастыру, бұл сөреден қараған кездегі басқа кеңістік мен уақытқа қарау мүмкіндігін туғызады.

− турникеттегі және касеталық стенттердегі жасырын экспозиция жоспарын құруға бірінші және екінші жоспарларды бөліп алу [27].
Белгілі бір затты жасауда да, қолдануда да оның функционалдық мәні болады. Жаратылыстану мұражайы білім мен тәрбие беруде әлеуметтік институт ретінде қоғамдағы өзгерістерді көрсетеді, олардың тарихилығын тереңдетеді. Әрбір экспонаттың қоғамдық мәнін мұражайлық құндылығын көрсетеді.

2.3 Мұражай заттарын сақтау және өңдеу жұмыстары

Қорға түскен мұражай заттары арнайы сақтау шарттарына, олардың жасанды зақым келуін бәсеңдетуге және табиғи қартаю үдерісін бәсеңдетуге мұқтаж. Мұражай қоры физикалық сақталу қауіпсіздігінің және мұражайлық затты қол жетерлік қолдану мақсатында сақтау жүйесі мен режимі негізінде жүзеге асады. Сақтау режимі:

  • температуралық-ылғалдылық режимі;
  • ауа ластаушылардан сақтау шаралары;
  • жарық режимі;
  • биологиялық зиянкестерден сақтау шаралары;
  • төтенше жағдайларды ескерту.

Ең басты мәнді қор қоймасының орнын дұрыс таңдауға берген дұрыс. Олар оқшауланған, барлық мүмкін болған сақтау режимін бұзушы мұражайлық затты сақтау шарттарына жауап беру керек. Оның басты шарттары біртұтас жақсы жағдайдағы орын, сонымен қатар жылу мен желдету жүйесі болып табылады. Қойманың едені біршама ауырлықты көтеру керек. Олардың көлемі барлық мұражай қорын орналастыруға мүмкіндік беру тиіс. Қойма өрт қауіпсіздігінің жүйесімен, темір есік-тереземен, ішкі және сыртқы қорғаныс жүйесімен жабдықталған болу керек.осы жағдайда ғана мұражайлық заттардың сақтау режимін жүзеге асыру оңайырақ.

Мұражайлық затты қоймада орналастырудың өз ерекшелігі болады. Сақтау шарттарына тәуелді жеке, мұражайлық заттың материалына байланысты кешенді болуы мүмкін. Қоймада жеке сақтау кезінде сол мұражайлық заттың өзіне тән сақтау режимі қамтамасыз етіледі. Ал, кешенді сақтау кезінде бір қоймада әр түрлі материалдан жасалған заттар орналастырылады, сондықтан сақтау режимі орталықтандырылған болу керек. Жеке немесе кешенді материалдарды сақтаудың ішкі жүйесі, бірдей немесе әртүрлі күшке шыдайдытын мұражайлық заттың неден жасалғандығы. Жаратылыстану мұражайының заттарын сақтауда кешенді сақтау шарты пайдаланылады. Мұражайлық затты қоймаға орналастыру қорды бөлудің басты құрылымына, заттарды бөлу көлеміне, мазмұнына, инвентарлық нөмірінің белгілеуіне сәйкес жүргізіледі. Заттарды сақтау вертикалды немесе горизанталды жағдайда шкафта мен стеллаждарда сақталады. Мұражайлық заттың әр түрінің өзіндік сақталу ерекшелігі мұражайлық нұсқаулармен және олардың сақталуының нақтылы тәжірибесімен анықталады. Сақтау құралдарының тиімді нұсқасы жылжымалы көп секциялы металл стеллаждар, металл шкаф пен торлар болып табылады. Олар мұражайлық заттың дұрыс орналасуына, оладың сақталу режимінің қамтамасыз етілуіне, олардың топографиялық және катотекалық сипатына тез арада іздестіру жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қойма жабықтары мынадай шарттарға жауап беруі тиіс:

  • максималды сақтауды қамтамасыз етуге жағдай жасау;
  • қор-қоймасының аумағын қолдануға рұқсат ету;
  • сақталатын заттың жұмысына ыңғайлы болу.

      Мұражайлық затты өте ұзақ сақтау үшін белгілі бір сақтау режимін бақылауда ұстау қажет. Олардың ескіруі мен құруының басты себебі мыналар болуы мүмкіндігін есепке аламыз:

  • аяқ асты тербелу мен температуралық норма және ылғалдылықтың бұзылуы;
  • жарықтың зиянды әсері немесе жетіспеуі;
  • ауаның зиянды газдармен, ыспен, шаңмен ластануы;
  • биологиялық зиянкестер;
  • заттарды дайындауда төзімсіз материалдарды қолдану;
  • заттарға ұқыпсыз қарау, басты механикалық зақымдаушы;
  • затты мұражайға түсуге дейін және мұражайда дұрыс қолдану мен сақтамау;
  • техникалық апаттар және жалпы апаттар;
  • өз уақытында жүргізілмеген заттардың реставрация және консервация жұмыстары.

      Жаратылыстану мұражайында температура-ылғалдылық режимін бақылау басты мәнге ие. Заттардың материалдарына байланысты олар температура және ылғалдылыққа әртүрлі әсерде болады, бірақ бәрі олардың бірден ауысуын сезінеді. Сондықтан темература-ылғалдылық режимінің ұтымды нұсқасы.

      Мұражайлық заттың ескіруіне ластанған ауаның тигізетін әсері өте зор. Оның басты ластаушылары күкіртті сутегі, күкіртті газ, аммиак, хлор, шаң, күйе болып табылады. Сондықтанды мұражайдың тазалығына, оның территориясына жататын қорға мұқият болу керек. Қойманы үнемі тазартып, шаңын сүртіп, мүмкін жағдайда ғимаратқа герметизация жасап, тыстар, футлярлар, заттарды қорғайтын папкалар қолдану қажет. Жаратылыстану мұражайында айына бір рет қоймаға жалпы санитарлық күні кешенді тазарту жүргізіліп отырады. Темекі тартуға, ауаны ластайтын зат бөлетін материалдарды қолдануға тиым салынады.

      Мұражайлық заттың жағдайына жарық режимі де әсер етеді. Жарықтың әсері ондағы бар ультракүлгін, инфрақызыл, жылу сәулелерінің арқасында заттың фотохимиялық және физикалық қасиетінің өзгеруіне әкеліп соғуы мүмкін. Ең көп бүлдірушіге табиғи жарық жатады. Люменсцентті лампалар ультрокүлгін сәулелерін ұстайды. Қыздырғыш лампалар зиянсыз, бірақ олар жылудың мөлшерін көп бөледі.

      Мұражайлық заттарды оларға жылудың тигізетін әсеріне байланысты төмендегідей топтарға бөледі:

  • жарыққа шыдамдылығы өте жоғары − металл, түссіз тас, гипс, керамика, түссіз шыны;
  • жарыққа шыдамдылығы орташа − сүйек, тері, жүн, ағаш, майлы және темперлі кескіндемелер;
  • жарыққа шыдамдылығы өте төмен − фотосуреттер, акварель, пастель, қағаз, маталар.

Заттар биологиялық зиянкестермен бүлінуі мүмкін. Оларға өнездер, насекомдар, кеміргіштер жатады. Олардың таралуына қолайлы жағдайлар:

  • температура-ылғалдылық режимінің бұзылуы;
  • заттардың бүлінуі;
  • қоймада азық-түлікті пайдалану;
  • мұражай мен қойманың шашылуы;
  • қорға бүлінген заттың түсуі [28].

Биологиялық зиянкестермен күресу шаралары дизинфекция және дизинсекция жұмыстары. Бұл жұмыстар біздің жаратылыстану мұражайында үш ай сайын жүргізіліп отырады. Әр экспонат ұқыпты түрде қайта тазалаудан өтеді. Және де бұл дизинфекция және дизинсекция жұмыстары жасалғаннан кейін мұражайдың есік-терезелері міндетті түрде жабық тұрады. Қорға түсетін заттар биологиялық карантиннен өту керек. Үнемі шаң және кірді тазалау, қоймада азық-түлікті пайдалануға тиым салу биологиялық зиянкестерді жоюға жағдай жасайды. Алдын алу мақсатында ылғал әсеріне душар болмағандарға инсектицид және формальдегид жағуға болады. Биологиялық зиянкестердің әсерінен бүлінген заттарды бүлінбегендерден қайта қалпына келтіру үшін оқшаулау керек. Заттардың материалына және олардың биологиялық әсеріне байланысты биологиялық зиянкестермен күрестің нұсқаулықпен ажыратылған шараларының бірнеше түрі бар. Негізінен олар пайда болғанда дизинфекция және дизинсекция жасау, бүлінген затты оқшаулау мен қалпына келтіру, қойма заттарының бүлінуіне соқтыратын заттарға тексеру болып табылады.

Әсіресе жаратылыстану мұражайларында мұражайлық заттардың механикалық зақымдануына ерекше назар аударған жөн. Олардың жасын, сынғыштығын, басқа да себептерін есепке ала отырып, жұмыс кезінде техника қауіпсіздігін сақтау қажет. Мұражайдағы табиғат нысандары мысалға, құстардың жіңішке тұмсықтары мен сирақтары, сонымен бірге қазба жұмыстарынан табылған бірнеше ғасырлық тарихы бар сүйек қалдықтары өте нәзік, сынғыш болады. Бұл заттармен жұмыс кезінде олардың барынша тұрақты жағдаймен қамту, перчаткамен жұмыс істеу, затты мықты тұсынан ұстау, олардың беріктілік деңгейін анықтау үшін эксперимент жасау керек. Заттарды мұражай ішінде немесе сыртында орнын ауыстыру үшін затты кездейсоқ зақымдап алмас үшін сәйкес орамамен қамтамасыз ету қажет [28].

Жаратылыстану мұражайындағы зақымданған және жаңадан қазба жұмыстарынан табылған сүйек т.б мұражайлық заттарға қайта қалпына келтіру мен өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Мұражай қорындағы қайта қалпына келтіруді қажет ететін заттар үнемі анықталып отырады. әсіресе нашар сақталатын, сонымен қатар жарыққа, жылуға, ылғалға шыдамсыз заттарға ерекше көңіл аударуға тура келеді.

Қазба жұмыстарынан табылған жануар сүйектерінің қалдықтары жер астында ұзақ уақыт жатқандықтан үгітіліп кету қаупі бар. Сондықтанда табылған сүйектер үгітіліп шашылып кетпес үшін ПВА желімі арқылы қайта өңдеуден өтіп желімденеді. Ол үшін ең алдымен ПВА желімі бөлек ыдысқа мөлшерлеп алынып, оған қоймалжың болуына байланысты су құю арқылы қоспа дайындап аламыз. Дайын қоспа желімді сүйекке жаққыш арқылы жағамыз, егер сұйек сынған және үгілгіш болса желімді бірнеше рет, кептіріп отырып, жаққан дұрыс.

Ақпараттық-потенциалдық ашылулар және жеке залдарда, кешендерде түсіндірме мәтіндер қызмет атқарады.

Этикеткада − жеке экспонаттың, мәтін-мазмұндамасы түсіндіріледі. Ережеге сай, этикеткада заттың басты анықтаушы мәлімдемесі болады. Кейде этикеткадағы хабарламалық мәлімдеме экспозицияның тақырыбына тәуелді болады. Әртүрлі экспозицияларда қойылған бір ғана зат мүлде әртүрлі этикеткалармен тұруы мүмкін. Экспозициялардағы барлық этикеткалар этикетажға бірігеді.

Залдардың, бөлімдердің, кешендердің аты мазмұндық мәтін түрінде жазылуы мүмкін. Бұл мәтіндердің басты қызметі әсіресе жеке экспозицияның мазмұнына сілтеме жасау, келушінің назарын аудару, мәлімдеме арқылы көмек беру дәл сол экспозицияны құрушы «мазмұн».

XVII ғасырда И.Д.Майор мұражай экспонаттарына «шынайы ақиқат дерек беретін, ұзақ уақыт сақталатын» экспонаттарды жатқызды. Кейінірек мұражай экспонаттық сипаттамасында оның сиректігі аталды.

XIX ғасырда ғалымдар мұражайдағы экспонаттарды әртүрлі ғылыми саланың зерттеу көзі деп қарастырды. Әсіресе өнертану саласындағы, тарихи кезеңдермен, табиғи байлықты көрсететін мұражай экспонаттары өте маңызды орынға ие болды. Осыдан барып «топтамалық экспонат» ұғымы пайда болды. 

«Мұражай экспонаты» ол нағыз түп нұсқа экспонат, яғни білімдердің алғашқы жүйесі. Әрине, оны экспонаттық дәлел ретінде мамандардың көмегімен ғылыми тұрғыдан бағалаған жөн.

Мұражай экспонаттарының мәндік, аксиологиялық (бағалылық), коммуникативтік (хабарламалық) аспектілері бар және де әрбір мұражай экспонаттары аттрактивтік (көңіл аудару, назарды күшейту), сематикалық (мәнерлілік, дәлділік, мәндік), экспрессивтік (толқыту, көңілде әсер қалдыру қасиеті), репрезентативтік (ұқсас экспонаттардың артықшылығын анықтай білу) қасиеттерге ие. Мұражай экспонаттары тек дерек қана емес,  мәдени-тарихи ескерткіш ретінде бағалылығы зор қоғам мен мемлекет, мекеме байлығы деп саналады.

Мұражай экспонаты – нақты өмірден алынған, мұражайға қоюға құндылығы бар, мұражай қорына тіркелген, ұзақ сақталуға бейім зат. Ол әлеуметтік, тарихи, қоғамдық өмірдің дерегі ретінде, ұлттық құндылықтың бөлігі ретінде қарастырылады. Мұражай экспонаты – бүкіл мұражайдың қызметін, оның бағыттарын, жоспарын жүзеге асыратын негіз болып табылады.

Қайта өрлеу дәуірінде мұрадай экспонаттарын ғылымдық деңгейден тану, тарихи тәжірибені көрсету, эстетикалық қажеттіліктерді өтеу сияқты жағы күшейе түсті. Оларды кунсткамерада, натуралиенкамерада, мюнцкабинеттерде, музеумдерде сақтады.

Кез келген мұражай экспонатын зерттеу ғылымға негізделеді. Қазіргі кезде мұражай ісі адам қызметінің ғасырлар бойы қол жеткізген нәтижесі ретінде, табиғаттың сыйы мен ерекшелігін көрсетіп (табиғи мұражай, қорықтар), ғылыми құжаттармен негізделіп, түрлі профилді салада қызмет ететін жұмыс ретінде қарастырылады.

Қазіргі кезде «мұражай» атын алған көптеген мекемелер, сонымен қатар ешқандай түп нұсқаны пайдаланбайтын экспозициялар пайда болуда. Шетелдік мұражайтануда көшірме, галограмма, балауыз мүсін мұражайларына аранайы «парамұражай» деп аталатын термин бар. Мәдени-білім қызметінде дамыған көптеген қазіргі кездегі «мұражай орталықтары» бар, бірақ ешқандай түпнұсқасыз жасалған, экспозициясы, қоры жоқ мұражайлар сөздің толық мағынасында мұражай деп саналмайды [23].

2.4 Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану мұражайындағы табиғи-ғылыми топтамалар

«Топтамалау» деген ұғымды осыдан 2000 жыл бұрын көне Рим шешені Марк Туллий Цицерон енгізді деп есептеледі. Ол өзінің атақты шешендік сөзінде бұл ұғымды «топтама – шашыраған заттарды бір топқа біріктіру» деп атады.

Ал мұражайдағы топтамалар оның профилін анықтайтын жиынтықтар болып табылады. Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ-ң жаратылыстану мұражай үш бөлімнен тұрады: геология, палеонтология және зоология. Бұл бөлімдер өз алдына табиғат нысандарын топтайды.

Геология бөлімі

Мұражайдың геологиялық топтамаларында 200 аса тау жыныстары мен минералдардың үлгілері орналасқан. Экспозиция геологиялық классификацияға сәйкес ұйымдастырылған, тау жыныстары жақсылап қырналып тегістелген. Тау жыныстары топтамасы тау жыныстарының қалдықтарын, метаморфты және магмалық әртүрлілігін көрсетеді. Магмалық тау жыныстарының ішінде обсидианның (вулкан шынысы) көп түрлілігі − қара, қоңыр, сызықты, күміс түстес, сонымен қатар лабродорит,  листвинит ерекше қызығушылық тудырады [29].

Метаморфты тау жыныстарынан липарит, серпентенит (жылан түтіктер), кварцит, мрамор және роговик қойылған. Жылан терісіне ұқсас жасыл бояулы әртүрлі түстердің дақтары бар жылан түтіктер ерекше назар аудартады. Жылан түтік жасанды тас болып табылады.

Геологиялық топтамада яшманың сегіз түрі ұсынылған. Экспозицияда яшманың пейзажды, техникалық, қызыл, жасыл, көкшіл, қоңыр, гүлді түрлері қойылған. Яшманың өзгеше суеттері оны жасанды және сәндік үшін қолдануға мүмкіндік береді.

1-витрина. Тау жыныстары

Қызыл яшма; Амазонит гранит; Қызғылт базальт; Қара базальт; Қызғылт әк тас; Лабрадорит; Обсидиан күміс түсті; Қоңыр обседиан; Қара обсидиан; Гүлді яшма; Сызықты обсидиан; Лиственит;  Жылан түтіктер (Змеевик); Пириті бар жасыл сланец; Андезит; Гранит пегматитовый; Пейзажды яшма; Техникалық яшма; Жасыл яшма; Серпентин;  Яшма копейчатая.

      2-витрина. Минералдар топтануы 

Карбонаттар тобы: Офиокальцит;  Азуро-малахит;  Пиролюзит;  Малахит;  Гематит; Арагонит;  Кальцит;  Амазонит;  Флюорит  

      3-витрина. Силикаттар тобы

Агат; Қоңыр кремень; Сердолик; Агаттың 25 түрі; Хризопраз; Арогонит (сталактит кесіндісі).

      4-витрина. Силикаттар тобы

Кварц (друза); Эпидот;  Исландиялық шпат; Доломитті оникс; Гидрогроссуляр; Кварцит; Аметист кристалы; Аметисті кварц; Морион (друза); Лабрадор ; Нефрит; Андрадит; Халцедон (сұр және қызғылт); Кварцты щетка; Магнезит; Карнеол; Сардоникс; Көкшіл халцедон.

      5-витрина. Силикаттар тобы

Қоңыр опал; Жадеит; Родинит (гроссулярит); Авгит; Қызғылт опал; Лазурит; Опал сарғыш-қоңыр; Шұбар жылтыр тас; Родонит; Қара базальт; Гранодиорит; Түссіз гипс; Раухтопаз;  Тау хрусталі; Кварц друза; Кварц тобы; Роговик; Чароит; Амазонитті гранит; Базальт оливин дәнімен; Қызыл гранит;

      6-витрина. «Қызылқозы» кен орнының бокситтері

Аз темірлі борпылдақ боксит; Тастақ боксит; Борпылдақ дәнді боксит; Жоғары температураларға төзімді саздар: АрБ-49; АрБ-45; АрО-40; Беттік жыныстар: Шұбар түсті сазбалшық; Жасыл неогендік сазбалшық; Ірі дәнді қайта шөккен боксит; Темірі аз құрғақ боксит;

 

      Палеонтология бөлімі

Мұражайдың палеонтологиялық бөлімі жердегі тіршіліктің қалыптасу кезеңдерін көрсетеді. Мұнда жоғалып кеткен ағзалар, өсімдіктердің таңбасы және тастанған қалдықтары хронологиялық жүйемен орналастырылған. Палеонтология бөлімі палеозой дәуірінің экспозициясынан басталады.

Палеозой дәуірі (570-230 млн жыл бұрын) тіршіліктің бастау алған дәуірі болып табылады. Бұл жердегі органикалық дүниенің қарқынды дамыған уақыты. Ең алғаш тірі ағзалар судағы омыртқасыздар болды. Экспозицияда девон кезеңінің жасы 500 млн. жыл тастанған ағзалары көрнекі түрде қойылған.

Қазақстан терреториясында әк-тас қабаттарынан табылған брахиоподтар мен теңіз лилиялары кең түрде орналасқан.  

 

 

8-витрина. Мезозой дәуірі

Папортник таңбасы (Юра кезеңі, «ТасКөмірСай»); Тастанған ағаш (өңделген кесінді); Қырықбуын сабағының тастанған фрагменті ( таскөмір кезеңі, Екібастұз қаласы); Өсімдік таңбасының кернедегі қазбасы (Торғай өңірі);  Қырықбуын таңбасы ( таскөмір кезеңі, Екібастұз қаласы); Боксит кен орнындағы лигнит (Арқалық қаласы); Қырықбуынның тастанған фрагменті (Екібастұз қаласы).

 

 

9-витрина. Алғашқы бизонның кескінді реконструкциясы

Кайнозой дәуірі (70 млн. жыл бұрын) − сүтқоректілердің үстемдік еткен, осы кезге жақын жануарлар мен өсімдіктердің қалыптасқан дәуірі. Кайнозой дәуірінде климатта аяқ асты өзгерістер материктің көп аумағының мұз болып қатуымен бірге жүрді. Әсіресе мұз басу дәуірі экспозицияларының жануарлар дүниесі өте керемет көрсетілген. Экспозицияда Қазақстан аумағында 24-9 мың жыл бұрын тіршілік еткен алғашқы бизонның қаңқасының профилді реконструкциясы қойылған. Оның шоқтығының ұзындығы 2 метр, салмағы 800 ден 1200 кг дейін, мүйізінің құлашы 60-90 см артық болған. Бұл ашық ландшафт өміріне жақсы бейімделген ірі бұқа болған. Осы алғашқы бизонның профилді реконструкциясы Қазақстан бойынша біздің мұражайда ғана жалғыз болып табылады. Экспозицияда мұз басу дәуірінде тіршілік еткен жануарлардың сүйек қалдықтары көрсетілген. Бұлар мамонт, жүнді керік, бизон, ақ бөкен, бұғы.

 

 

10-витрина. Кайнозой дәуірі

Ақ бөкеннің (Saiga tatarica) бас сүйегінің фрагменті. Солтүстік Қазақстан; Жабайы бұғының (Cervus sp.) мүйізінің бөлігі.Солтүстік Қазақстан; Жүндес мүйізтұмсықтың (Coelodonta antiqaitatis) иық сүйегі. Солтүстік Қазақстан; Мамонттың (Mаmmuthus primigenius) тістері, бел, мойын омыртқалары және сан сүйегі. Солтүстік Қазақстан; Мұражайдың зоология бөлімінде фаунаның көптүрлілігі керемет үйлесімділікпен көрсетілген.

 

 

Зоология бөлімі

Мұражайдың зоология бөлімі Моллюскалар Mollusca типінің топтамасынан басталады [30]. Экспозицияда Monoplacophora – Қосжақтаулылар класының 44 түрі мен Gastropoda – Бауыраяқтылыр класының түрі 82 түрі, Cephalopoda − Басаяқтылыр класының 1 түрі, Echinodermata – Тікентерілер класының 3 түрі бар [31]. Олар №11 витринаға мұражайдың орталық бөлігінде қойылған.

11-витрина. Молюскалар

Fusinus small; Cassis cornuta; Lambis chiragra; Cypraecassis rufa; Turbo bruneus; Turbo bruneus; Turbo silver perlized; Murex haustellum; Voluta nobilis; Areola babylon; Murex endivia; Lambis lambis; Trohus red green; Strombus minimus; Nautilus pompilius;  Сhlamus shell; Annachlamys flabellata; Comptopallium radula; Chlamys sanguinea; Strombus vittatus vittatus; Strombus luhuanus; Strombus decorus decorus; Strombus zebriolatus; Haliotis roei; Phos senticosus;

Arthropoda – Буынаяқтылыр типінің Myriapoda − Көпаяқтылыр класының 1түрі, Arachnida − Өрмекшітәрізділер класының 4 түрі бар. Сонымен қатар буынаяқтылардың дүниежүзінде ең кең және көп тараған Insecta – Насекомдар класының бірнеше отрядтарының түрлері де бар [31]. Атап айтсақ, Orthoptera − Турақанаттылар отрядының 3 түрі, Homoptera − Теңқанаттылар отрядының 11 түрі, Phasmatoptera – Таяқшалылар отрядының 3 түрі , Coleoptera – Қатты қанаттылар, немесе қоңыздар отрядының − 84 түрі және Lepidoptera – Қабыршаққанаттылар, немесе көбелектер отрядының – 203 түрі экспозицияға қойылған [30].

Буынаяқтылыр типінің өкілдері мұражай топтамасында №12, №13 витриналарға төмендегідей жүйеде экспозицияланған: 

 

 

2-витрина. Көпаяқтылар, Өрмекшітәрізділер және Насекомдар класы

Chiasignathum granti; Mormolys phyllodes; Cycrotrachelus buqueti; Orontolabis sterensi;  Dorcus bucephalus; Dorcus alcides vollenhoren; Dorcus titanus titanus; Cyclommatus metallifer; Mestopus tarandus; Odontolabis eudekingi; Odontolabis wollasoni; Lamprima adorphinae; Cyphogastra javanica; Megaloxontha bicolor; Euehromf gigantean; Cyclommatus imperator; Chrysochroa edwardsii; Chrysochroa buqueti; Chrysochroa rayah; Charon grayi;

Heterometrus cyantus.  

 

 

13-витрина. Қаттықанаттылар отряды

Heliopsis dominus; Ischipsopha bifusciata; Megalorrhina harrisi; Golofa clariger; Golofa aeacus; Eudicella woermanni; Goliathus orientalis; Eupaterus gracilicornis; Dynastes gercules; Megasoma actaen; Anoplophora zonatrix; Callichorma saturale; Acrocinus longimanus; Macrodontia cervicornis; Batoara wallacei; Pedrodonata gigantean.  

 

 

Lepidoptera – Көбелектер немесе қабыршаққанаттылар отряды

Барлық Insecta – насекомдар класының ішінде Lepidoptera – Көбелектер немесе қабыршаққанаттылар отряды көпшілікке жақсы таныс. Көбелектер − насекомдардың ішінде қоңыздардан кейін екінші орында тұр. Қазіргі уақытқа дейін көбелектердің 160 мыңға тарта түрі сипатталған [30].

Мұражай экспозициясында 203 аса тропиктік көбелектер қойылған. Осыған орай келушілердің әлемнің ең әдемі және атақты көбелектерімен танысу мүмкіндігі бар. Олар өздерінің сұлулығы және кереметтігімен таңқалдырмай қоймайды.

Lepidoptera – Көбелектер, немесе Қабыршаққанаттылар отрядының топтамада Papilionidae – Кавалерлер, немесе Желкенділер тұқымдасының, Nymphalidae – Нимфалида  тұқымдасының, Morphidae – Морфо тұқымдасының, Brassolidae – Брассолида тұқымдасының, Uraniidae – Урания  тұқымдасының, Saturniidae - Павлинкөзділер  тұқымдасының, Noctuidae − Жапалақ көзділер немесе түнгілер тұқымдасының өкілдері бар.

Papilionidae – Кавалерлер, немесе Желкенділер тұқымдасының 700 түрі күндізгі көбелектер болып саналады [32].

Lepidoptera – Қабыршаққанаттылар топтамасында тропикалық ормандардың қол жетімсіз орындарында кездесетін көбелектер де бар [33].

Nymphalidae – Нимфалида  тұқымдасы күндізгі көбелектердің ішінде саны жағынан ең көптерінің бірі болып табылады, ол бүкіл жер шарына таралған пішіні мен түсі өте ерекше көбелектердің 2000 жуық түрі бар.

Morphidae – Морфо тұқымдасының көбелектерінің 70 аса түрі бар, олар үлкен қанаттарының түсіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді [34].

Экспозицияда Brassolidae – Брассолида тұқымдасының Caligo туыстасының көбелектері бар.

Uraniidae – Урания тұқымдасының экспозиция топтамасында агатты альцидес пен мадагаскарлық хризиридия деген түрлері қойылған [35].

Түнгі көбелектерден Saturniidae − павлинкөзділер тұқымдасының 1200 аса түрі саналған [36]. Мұражай экспозициясында бұл көбелектердің көптеген түрлері қойылған.

Жер шарында ең көп тараған түнгі көбелектердің бірі Noctuidae − Жапалақ көзділер немесе түнгілер тұқымдасы болып табылады. Мұражай топтамасында Noctuidae − Жапалық көзділердің өкілі – дүниежүзіндегі ең ірі көбелек болып табылатын тизания агриппина қойылған [37].

Тропиктік көбелектердің топтамалары мұражайда тұқымдасына байланысты №14, №15, №16, №17 витриналарға топтастырылып орналастырылған, олар төмендегідей:

14-витрина. Қабыршаққанаттылар отряды

Papilio epiphorbas; Papilio blumei;  Papilio peranthus; Papilio lorquinianus; Papilio ulysses; Papilio palinurus; Papilio paris; Papilio corna; Papilio gigon; Papilio gallienus; Papilio lormieri; Papilio demolion; Papilio delalandei; Papilio aegeus; Papilio gambrisius; Papilio androgeus; Papilio hesperus; Papilio paeon; Papilio iswara; Papilio sataspes; Papilio aristeies; Papilio memnon; Papilio topquatus; Graphium codrus; Papilio rumanzovia; Papilio demoleus; Papilio erithonioides; Papilio deiphobus; Papilio eucheonor; Eurytides xynias; Eurytides harmodius; Papilio bromius; Papilio dardanus; Papilio sesastris; Papilio anchisiades; Parides erlaces.

 

Eurytides servillei; Eurytides dolicaon; Graphium androcles; Eurytides leucaspis; Graphium agamemnon; Graphium antiphates; Euxanthe trajanus; Graphium meyeri; Papilio antimachus; Papilio zalmoxis; Papilio zagreus; Graphium milon; Euxanthe eurinome; Atrophaneura coon; Eurytides protesilaus; Eurytides agesilaus; Graphium antheus; Pseudacraea lucretia; Ornithoptera rothschiedi; Ornithoptera; Croesus lydius; Ornithoptera priamus рoseidon; Triodes criton; Triodes hypolitus; Triodes oblangomaculatus; Ornithoptera goliath samson; Trogonoptera brookiana; Triodes oblongomoculatus; Triodes aeacus.  

 

 

16-витрина  Morpho deidamia; Morpho adonis; Morpho catenaria; Morpho zephyritis; Morpho menelaus; Morpho didius; Morpho cisseis; Morpho godarti; Morpho patroclus; Morpho hercules; Morpho telemachus; Taenaris catops; Heatera piera; Cithaerias merolina; Samia сynthia; Eacles рenelope; Rhescuntis hippadamia; Automeris midea; Alcides agatyrsus; Chrysiridia madagascariensis; Attacus atlas; Argema mittrei; Urania leilus; Titaea tamerlan; Rothshildia jacobaea; Thysania agrippina

 

 

17-витрина

Prepona demophoon; Prepona demophon; Prepona chromus; Craraxes castor; Polyura cognatus; Philaetria dido; Craraxes cordiope; Craraxes smaragdalis; Cyrestis nivea; Asterope markii; Callicore pastezza; Agrias sardonapalus; Callicore cyllene; Callicore aegina; Callicore histaspes; Asterope optima; Doxocopa cherubina; Yoma sabina; Consul fabius; Hamadryas fornax; Cymothoe sangaris; Hypolimnas dexithea; Napaeocles jacarda; Appias zarinda; Palla publius; Hypolimnas salmacis; Salamis aethiops; Hebomoia glaucippe; Hebomoia leucippe; Phoebis argante; Phoebis phelea; Aphrissa statira; Phoebis rurina; Delias descombesi; Thecla соronata; Caligo teuar; Caligo beltrao; Idea leuconoe; Idea lynceus; Caligo brasiliensis; Caligo martia; Stichophtalma lauisa; Thauria aliris; Zaretis itys; Batesia hypochlora; Euploea mulciber; Kalimma paralecta; Dionе moneta.

Мұражай топтамасында мұражай экспозициясында бар құстардың жұмыртқалары қойылған. 

 

 

18-витрина. Құстар жұмыртқалары

Құр, қырғауыл, көк қарға, зымыран, саз құладыны, айқанат тілеміш, үлкен суқұзғын, аққұйрық су бүркіт және бұйра бірқазанның жұмыртқалары

19-витрина. Құстар жұмыртқалары

Даурықпа шүрегей, шіл, шөпілдек, бөдене, жалбағай, қызылтұмсық сүңгуір, күйкентай, ұзынсирақ балшықшы, бізқұйрық, қылаң шағала, қызғыш құс, жапалақ, сыбырлақ аққу, ақбас тырна, барылдауық үйрек және көлбұқа жұмыртқалары.

Мұражай топтамасында құстар мен сүтқоректілер Торғай өңірінің ландшафты зоналарына байланысты бөлініп орналастырылған, ол дала, су қоймасы, қарағай орман және қыратты дала.

Мұнда Mammalia – Сүтқоректілер класының 10 өкілі , ал Aves – Құстар класының 38 өкілі бар. Олар биологиялық жүйелену бойынша төмендегідей сипатта:

Тип Chordata – Хордалылар;  Класс Mammalia – Сүтқоректілер; Класс тармағы Theria  − Нағыз аңдар; Инфракласс Eutheria, Seu placentalia − Қағанақтылар немесе жоғарғы сатыдағы аңдар; Отряд Rodentia – Кеміргіштер; Тұқымдас Sciuridae – Тиінтектестер; Өкілі Sciurus vulgaris – Тиін; Өкілі Marmota bobac − Боз суыр; Тұқымдас Muridae – Тышқандар; Өкілі Ondatra zibethica − Ондатр тышқан; Отряд Carnivora – Жыртқыштар; Тұқымдас Canidae – Иттектестер; Өкілі Vulpes vulpes – Түлкі; Өкілі Сanis lupus – Қасқыр; Өкілі Valpes corsac – Қарсақ; Тұқымдас Mustelidae – Сусартектес; Отряд Pelecaniformes, Steganopodes – Бірқазантәрізділер немесе Ескекаяқтылар; Тұқымдас Pelicanidae – Бірқазандар; Өкілі Pelecanidaе crispus − Бұйра бірқазан; Отряд Ciconiiformes – Ләйлектәрізділер(дегелектер) немесе сирақтылар; Тұқымдас Pelicanidae – Бірқазандар; Өкілі Pelecanidaе crispus − Бұйра бірқазан; Отряд Ciconiiformes – Ләйлектәрізділер(дегелектер) немесе сирақтылар; Тұқымдас Threskiornithidae – Тырнақұтандар; Өкілі Platalea leucordia – Жалбағай; Тұқымдас Phalacrocoracidae – Суқұзғындар; Өкілі Phalascrocorax carbo − Үлкен суқұзғын; Отряд Anseriformes – Қазтәрізділер; Тұқымдас Anatidae – Үйркектектестер; Тұқымдас тармағы Cygninae – Аққулар; Өкілі Cygnus olor − Сыбырлақ аққу; Тұқымдас тармағы Anserinae – Қаздар; Өкілі Anser anser − Сұр қаз; Anser albifrons − Ақмаңдайлы қарашақаз; Тұқымдас тармағы Anarinae - Өзен үйректері; Өкілі Anas platyrhnchos − Барылдауық үйрек; Тұқымдас тармағы Nyrocinae – Сүңгуір үйректер; Өкілі Netta rufina − Қызылбас сүңгуір; Тұқымдас тармағы Merginae – Бейнеарықтар; Өкілі Mergus albellus − Кіші бейнеарық; Отряд Falcaniformes – Сұңқартәрізділер немесе Күндізгі жыртқыштар; Тұқымдас Falcanidae – Сұңқартектестер; Өкілі Falco tinnunculus − Кәдімгі күйкентай; Тұқымдас Accipitridae – Қырғитектестер; Тұқымдас тармағы Haliaeetus – Субүркіттер; Өкілі Haliaeetusalbicilla − Аққұйрық субүркіт; Тұқымдас тармағы Buteo – Жамансарылар немесе Ақсарылар; Өкілі Buteo lagopus − Айқанат тілеміш; Тұқымдас тармағы Buteo – Жамансарылар немесе Ақсарылар; Өкілі Buteo lagopus − Айқанат тілеміш; Тұқымдас тармағы Сircus – Құландындар; Өкілі: Circus aeruginosus − Саз құладыны; Өкілі Circus pygargus − Шалғын құладын; Тұқымдас тармағы: Асcіpitеr – Қырғилар; Өкілі Accipter gentilis – Қаршыға; Отряд Galliformes – Тауықтәрізділер[38]. Тұқымдас  Tetraonidoe – Құртектестер; Өкілі: Lyrurus tetrix – Құр; Тұқымдас Phasianidаe – Қырғауылтектестер; Отряд  Gruiformes – Тырнатәрізділер; Тұқымдас Gruidаe –  Нағыз тырналар; Өкілі Anthropoides vigro – Ақбас тырна; Отряд Charadriiformes – Татраңтәрізділер; Отряд тармағы Charadrii – Шалшықшылар; Отряд тармағы Lari – Шағалалар; Тұқымдастар Laridae – Шағалатектестер; Өкіл Larus argentatus – Қылаң шағала; Отряд Strigiformes – Жапалақтәрізділер; Тұқымдас Strigidae – Нағыз жапалақтар; Өкілі Asio flammeus – Саз жапалақ; Өкілі Corvus cornix – Ала қарға [39].

Mammalia − Сүтқоректілер мен Aves – Құстар жергілікті жердегі ландшафты зоналар бойынша мұражай экспозициясында панаромалық витриналарға керемет үйлесімділікпен орналастырылған [40]. Мұражайға келушілердің жергілікті Торғай өңірінің бай фаунасымен танысу мүмкіндігі бар. Олардың орналасуы төмендегідей төрт панаромалық витринаға жіктелген:    

 

18 витрина. Құстар жұмыртқалары 

 

19 витрина. Құстар жұмыртқалары 

 

1-панорамалық витрина. Жазық дала

Falco tinnunculus − Кәдімгі күйкентай; Coturnix coturnix − Бөдене; Vulpes vulpes − Түлкі; Anas clypeata − Жалпақтұмсық үйрек; Saiga tatarica − Ақбөкен; Asio flammeus саз жапалағы; Marmota bobac − Боз суыр; Anthropoides vigro − Ақбас тырна; Anas acuta − Бізқұйрық; Valpes corsac − Қарсақ; Falco subbuteo − Жағалтай; Circus pygargus − Шалғын құладыны.

 

 

2-панорамалық витрина. Су қоймасы

Netta rufina − Қызылтұмсық сүңгуір; Cygnus olor − Сыбырлақ аққу; Anas platyrhnchos − Барылдауық үйрек; Botourus stellaris−  Көлбұқа; Larus argentatus − Қылаң шағала; Podiceps cristatus − Қарамойын сұқсыр; Vanellus Vanellus − Қызғыш құс; Tringa totanus − Шөпілдек; Platalea leucordia − Жалбағай; Himantopus Himantopus − Ұзынсирақ балшықшы; Ondatra zibethica − Ондатр тышқан; Aythya nyroc − Ақкөз сүңгуір; Anas crecca − Шүрегей; Anas querquedula − Даурықпа шүрегей.

3-панорамалық витрина. Қарағай орманы

Mustela erminea − Ақкіс; Phasianus colchicus − Қырғауыл; Corvus cornix − Ала қарға; Sciurus vulgaris − Тиін; Bubo bubo − Үкі; Lyrurus tetrix − Құр; Coracias garrulus − Көкқарға; Mustela evermamn − Сасық күзен.

 

 

4-панорамалық витрина. Қыратты дала

Accipter gentilis − Қаршыға; Pelecanidaе crispus − Бұйра бірқазан; Alcedo atthis − Зымыран; Anser anser − Сұр қаз; Phalascrocorax carbo − Үлкен суқұзғын; Anser albifrons − Ақмаңдайлы қарашақаз; Meles meles − Борсық; Haliaeetus albicilla − Аққұйрық субүркіт; Mergus albellus − Кіші бейнарық; Aythya fuligula − Айдарлы сүңгуір; Buteo lagopus − Айқанат тілеміш; Circus aeruginosus − Саз құладыны; Сanis lupus − Қасқыр.

ҚОРЫТЫНДЫ

Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев «XXI ғасыр мәдениеттің, ғылым мен ақыл-ой бәсекесінің ғасыры болмақ» деп өз сөзінде баса айтқан болатын. Сонғы он жылдық Қазақстандық білім беру жүйесі үшін нағыз шешуші сынақ кезеңі болды. Содан бері білім берудің жаңару үдерісі жалғасуда. Ең басты міндет мақсаткерлік, болашаққа деген шүбәсіз сенім, мойымас жігер, кез келген істі қолға алуға деген құлшынысы бар терең біліммен қаруланған жастарды тәрбиелеу. Бұл мәселені шешудің кілітін ғалымдар мәдениеттің маңызды компаненттерінің көмегімен адамды рухани негізде тәрбие және білім беруден көруде. Әлемдік мәдени кеңістікте және елімізде әлеуметтік-экономикалық  кеңістікте даму мәселесінде жастардың ой танымы мен шығармашылық дағдысын өркендету мақсатында және оларға білім беру мен тәрбие беруде мұражайдың үлкен рөл атқаратындығы белгілі. Сондықтанда білімді мәдениеттің бөлігі ретінде қарап біртұтас білім беру жүйесін құруда орталықтанған жүйе жасау қажет.

Осы орайда елбасы Н.Ә. Назарбаев білім беру жүйесі тұрғысында Қазақстан халқына жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деген болатын .

Жоғарыда аталған – ұлттық білім жүйесіндегі ең керек компоненттерді ескере отырып, әлемдік өркениетті елдер қатарына кіру мақсатында ел Президенті бес жылдан кейін «...білім берудің ең жақсы жүйесіне ...»  өте биік жоспарлар қойып отыр.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүре бастаған аз уақыт ішінде қоғам өмірі, ойлар және табиғатын, тарихы мен мәдениетін, білуге құштар ұрпақ пайда болды. Осы қоғадық қажеттілікті міндетті кәсіби деңгейде қанағаттандыру – мұражайлардың қазіргі таңдағы маңызды міндеті. Сонымен ЖОО-дағы жартылыстану мұражайы толық мәнді ғылыми-мәдени, біліми-мәдени ошақ ретінде жас ұрпаққа, қоғамға қызмет көрсетуге мүмкіншілік ашады. Оны ұйымдастырудың ЖОО үшін білім мен тәрбие беруде  маңызы зор.

1. ЖОО ұйымдастырылған жаратылыстану мұражайы білім беру үдерісін заттық материалдармен қамтамасыз етіп қана қоймай, осы тұрғыда палеонтологиялық құнды экспонаттарды, жер қойнауының байлығын және де табиғат нысандарын жас ұрпаққа ғылыми зерттеп, мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа насихаттап, еліміздің тарихи-табиғи  және мәдени мұралары ретінде құрастырып, тәлім-тәрбие беретін білім ордасы деп қабылдаған жөн. Сондықтанда оқу-тәрбие үдерісінде дұрыс таңдалған мұражай мен экспонаттары – жастардың танымдық біліктілігінің артуына тигізетін әсері өте зор болады.

 Жаратылыстану мұражайы әр уақытта көпшілікке тіршіліктің пайда болуы мен табиғаттың керемет жаратылыстарын айқындайтын, сезімдік, эстетикалық және экологиялық тәрбие беретін қасиеті бар мұражай қоры мен мұражайлық заттар негізінде қызмет етеді. Сондықтанда жаратылыстану мұражайы экспонаттары топтамасы тек түпннұсқалық айғақ көзі ғана емес, ЖОО үшін жас өскелең ұрпақтарға ағартушылық, эстетикалық тәрбие беретін құрал деуге болады.

2. ЖОО-да жаратылыстану мұражайын ұйымдастыру ең алдымен кемелденген ойдыдан туады. Мұражайтануда белгілі бір ЖОО мұражай ұйымдастырудың белгілі бір принциптері айтылмаған. Дегенмен жалпы мұражайлар үшін қажетті стандарттар мен атқарылатын жұмыстар  бар. Ал біздің АрқМПИ-да ұйымдастырылған жаратылыстану мұражайы осы стандарттар мен қызметтер негізіне сай жұмыс жасауда.

Жаратылыстану мұражайының экспозициялық жұмысы жаратылыс құндылықтары мен жер қойнауы байлықтарын және табиғат нысандарының экспонаттарын жинау және оқып үйренумен, бұқаралық ғылыми ағартушылық қызметімен тығыз байланысты. Экспозицияны дайындау тек мұражайдың ғылыми зерттеулеріне ғана емес сонымен бірге белгілі бір мәселені жалпы ғылыми жұмылдыруына – мұражай бағытталған ғылыми саласындағы білім деңгейіне байланысты болады. Мұражайдың мазмұны және экспозиция тақырыптары бойынша алуан түрлі. Жартылыстану мұражайының экспозиция авторы сол ғылым саласына бағдарланған ғана болмай, сонымен бірге мұражай заттарын зерттеуші, жетік білетін, экспонаттарды таңдау және композциялау өнерін меңгерген, солардың және түсіндірмелердің көмегімен экспозициялардың ой-мазмұнын жеткізе білетін болуы тиіс. Жаратылыстану  мұражайында экспозицияларды құрастыру мұражайтануда қабылданған принциптерге негізделіп құрылған. Онда палеонтология, геолгия және зоология бөлімдері тарихи бірізділікпен экспозицияланған. Экспонаттар биологиядағы жаратылыстық жүйеге негізделіп құрылған. Жас көрермендерге әсер ететін табиғи үлгілер заттай және рухани мәдениет ескерткіштері мұражайдың барлық бөлімдерінде көптеп саналады. Бұл бөлімдердегі экспонаттар үнемі үздіксіз өңдеуден өтеді және мұражайдағы қор сақтау режимдері стандарттарға сай сақталған.

3. Жартылыстану мұражайы оқу тәрбие жұмысында табиғи-тарихи, мәдени ескерткіштері арқылы жастардың бойына рухани байлықты, әсемдікті қалыптастыра отырып, сезімдік эстетикалық және ең бастысы экологиялық білім мен тәрбие берудегі ауыстырылмас құрал. Мұражай табиғи-тарихи экспонатары арқылы жастардың бойына қоршаған ортаға, тірі табиғат пен жан-жануарларға деген сүйіспеншілгі мен мағұлматтарды меңгертіп, оқу тәрбие үдерісінің сапасын жақсарта түсуіне белсенді атсалысады десек қателеспейміз. Және де ғылми негізде классификацияланып құрылған экспонаттар мұражайда биологиялық, геологиялық, палеонтологиялық  және мұражайтану бағыттарында зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

«Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу − алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады», деп ел президенті Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, тарихы мен тағылымы мол Торғай өңіріндегі іргелі оқу орнында құрылған жаратылыстану мұражайы өлкенің және де жалпы бізді қоршаған тірі табиғаттың байлығын танып білуде, зерттеуде, сонымен қатар жастардың бойына табиғатқа деген сүйіспеншілік, сұлулық, адамгершілік, ең маңыздысы экологиялық тәрбиені қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны даусыз. 

 

 

 

 

 

 

 

Talk to us

87143072488