Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

  • Главная
  • Жалпы ақпарат
  • Бөлімше
  • Мұражай кешені
  • Ы. Алтынсарин мұражайы

Ы. Алтынсарин мұражайы

                                     

    1 штаттан тұратын және жанашырлар қауымдастығы арқасында Алматы, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе, Орынбор, Қазан, Уфа, Москва, Ленинград қалалар мұражайлары мен мұрағаттардан, Торғай, Арақарағай, Ырғыз өлке елдеріне экспедиция, іс – сапар, арқасында 1,5 млн – нан астам материал жиналып, сарапталып, жүйеленді. Мұражайдың ресми ашылуы 20 қазан 1976 жылы Ы.Алтынсариннің туылғанына 135 жылдық датасына орайластырылып, аса бір салтанатты жағдайда өтті. Торғай облысының әр аудандарында, Ақтөбе, Целиноград, Қостанай облыстарынан, Алматы қаласынан ғалымдар, ақын – жазушылар келіп, ұлы педагогтің немере қарындасы, Қазақ ССР – нің халық ақыны М.Хакімжанова, Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Ғафу Қайырбеков, Ы.Алтынсарин туралы көлемді әдеби шығармаларыдың авторы, жазушы Жайсаңбек Молдағалиев, Алматы мектептері атынан мұғалім Үнзипа Файзуллина, педагогика ғылымдарының кандидаты, көрнекті орыс тілінің маманы Роза Есенжолова т.б қатысып, естеліктер айтып, баяндамалар оқып, өздеріндегі бар деректерді бізге табыс етіп, қолтаңбаларын қалдырды.  

Мұражайдың ашылу салтанаты. Торғай облыстық комитетінің хатшысы Ә.Дүйсенов және ақын

М.Хәкімжанова 20 қазан, 1976 ж.

Мұражайға Ыбырай портретін тапсыруда

Ақындар Ғ. Қайырбеков және С. Мәуленов Р. Есенжолова

мұражай қонақтары

                 Мұражайдың бүгінгі көрінісі                  

                    

Мақсаты:

1. ұлы бабамыз Ы.Алтынсаринді ұлықтау;
2. ағартушының есіміндегі оқу ордамызды тәржімалау;
3. жастарды тәрбиелеу.
Міндеттері:

1. таныту;
2. ұйымдастыру;
3. қалыптастыру;
4. сапалы нәтиже беру.

Нысанды топтар: Студенттер, профессор – оқытушылар, қоғам.
    Бүгінгі таңда Ы.Алтынсарин мұражайы жоғары оқу орнының құрылымдық бір бөлігі ретінде Қазақстандағы тарихи орнына сәйкесті өз қызметін атқаруда.
1) Қазақстандағы ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринге ашылған бірінші мұражай (Торғай 1988 ж, Қостанай 1991 ж).
2) Қазақстандағы ағарту, білім, ғылым үрдісін көрсететін тарихи педагогикалық бірінші мұражай; (Ресейдегі 1864 жылғы бірінші педагогикалық Санкт – Петербург музейі, кейіннен ашылған атақты орыс педагог – ғалымдары К.Ушинский, И.Ульянов, И.Пирагов, А.Макаренко т.б музейлерінің үлгісінде жасалынды) . Осы бағытта білім тарихы музейі 2014 жылы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ – де ұйымдастырылып, ашылды.
3) Қазақстандағы оқу тәрбие үрдістерінің - оқу пәні Ыбырайтану, Ыбырай оқулары, педагогикалық өлкетанудың – бастаушысы.
    Мұражайдың 40 жылғы тарихында 3 мыңнан астам деректі құжаттар және үлкенді – кішілі жәдігерлер төмендегідей бағыттарда жинақталған:
  Ы.Алтынсариннің өмір жолы, ата жұрты, отбасы, аталас туыстары, жерлестері, ізбасарлары, ыбырайтанушылар, арқадағы жоғарғы оқу орнының ашылу тарихы.   

  

Мұражайдың «Алтын қоры» санатындағы жәдігерлер:

     Ыбырайдың немересі Нағиманың мұражайға әкеліп тапсырған ағаш табақ, тостаған, киіз үйдің шашақ – баулары, ілгек, сырға, білезік сынды зергерлік бұйымдар; баласы Әбдірахманның (Абдолла) етік тігетін құрал – жабдықтары; ұрпағы ақын М.Хәкімжанованың өзінің киген қамзолы мен үкілі тақиясы, шапаны, сөмкесі.

  

  

 Ы.Алтынсариннің нағашы жұрты, атақты Бірімжановтар, соның ішінде Б.А.Бірімжановтың киген костюм - шалбары, домбырасы, кітаптары; Ы.Алтынсариннің 1864 жылы 8 қаңтарда қазақ даласында тұңғыш ашқан мектебінің макеті, әр өңірде ашқан мектептерінде пайдаланылған қоңыраулар;

  

Ыбырайтанушылар мен ізбасарларының еңбектері, орыс, украин, чуваш, татар достарының кітаптары, олармен алмасқан естелік хаттарының түпнұсқалары,  сонымен бірге Ыбырай шығармаларының «Қырғыз хрестоматиясы», «Қырғыздарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» және «Шариат – ұл - ислам» оқулықтарының көшірмесі, араб графикасымен басылған түпнұсқалары бар.

    Мұражай қоры, 15-тен аса қызметкерлер мен қоғамдық жанашырларына Ж.Әбділдин, К.Әбишева, И.Карабулатова, Г.Алимуханбетова, Қ.Ерғалиев, В.Грищенко, К.Оспанов, А.Балдиков т.б ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары дәрежесіне жетуіне тәжірибелік арқау болды.
     1986 жылы «Мектеп» баспасынан «Болашақ мұғалімдерді кәсіби тәрбиелеудегі педагогикалық өлкетанудың ролі» мақалалар жинағы (7 б.т), 1987 жылы «Қазақфильм» студиясынан «Алтынсарин ізімен» қысқа метражды фильм және оқу диафильмі (Ә.Ламашев) жарық көрді, 1988 жылы «Қазақстан» баспасынан Ә.И.Ламашевтың «Ы.Алтынсариннің орыс достары» атты монографиясы жарық көрді, мұражай жолсілтегіші жаңартылып отырады.
   Ы.Алтынсариннің педагогикалық жолын таныстыру мақсатында музей активі Отанымыздың ірі – ірі қалаларда өтетін ғылыми – практикалық конференцияларға қатынасып, баяндамалар жасайды, ұйымдастырылған экспедицияларға қатысады, мұражай мұрағаттарына үлес қосады.
Ағымдағы жұмыста мұражайлармен тікелей байланыста материал алмасып, бір – бірін толықтырып отырады.
    Бір жылда 600 – 700-ге жуық көрермендер мұражай қорымен танысады. 40 жылғы тарихында мұражай залдары 30 мыңнан астам көрермендерге куә болды. Европа, Азия, Африка, Америка елдерінен келген қонақтарды білім, ғылым, мәдениет тарихымен таныстырды.
   «Жоғарғы оқу» орнындағы барлық мамандықтардың оқу кестесіндегі «Ыбырайтану» пәні және ұлы ағартушының туылған күніне дәстүрлі түрде өтетін «Ыбырай оқуларының» өтілуі мен мазмұнды сапасы мұражай міндетінде.
Болашақта: ізденіс жұмыстары кеңейеді, мұрағаттар цифырлық форматқа көшіріледі, мұрағат қорының тақырыптық электронды нұсқалары жасалады, ҒЗЖ жаңа түрлері жандандырылады (фото – сессия, слайд-шоу, бейне-лото, кейс жинау, ізденіс әліппесі т.б).
Мұражайдың бүгінгі таңдағы байланыс аумағы:
   Мектептер (Арқалық, Торғай, Амангелді, Қостанай), Орта кәсіптік білім беру мекемелері (Арқалық, Рудный), Арқалық қалалық әкімшілігінің білім бөлімі (Тамыз конференциясы), Арқалық қаласы әкімшілігінің тілдерді дамыту бөлімі, БАҚ-редакциялары (Торғай, Арқалық хабары), Арқалық қаласы әкімшілігінің ұлт мәдени бөлімі (Слаян, башқұрт-татар), Заң және құқық қорғау органдары, Кітапханалар (Арқалық қаласы №2 облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы, Арқалық Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы, Өлкелік мұражайлар (арқалық, Торғай, Қостанай), Мұхтасиб аль-Мұхаммед мешіті (Арқалық), Арқалық қаласы әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі, жастар мен жұмыс жасау орталығы, Институтішілік іс-шаралар.
Күтілетін сапалы нәтиже:
Танымдылық, сый-құрмет, тәлімгерлік, өнегелілік.
Күтілетін санды нәтиже:
1. Конференциялар+мақалалар жинақтары -2+ 2.
2. Оқу, көмекші құралдар – 2.
3. Мақалалар-10.
4. Кездесулер-3.
5. Көрмелер-4.
6. Сайыстар-3.
7. Ә.Ламашев кабинетін-1.
8. Күнтізбе-1.
9. Теледәрістер-1.

    Ы.Алтынсарин мен Білім тарихына арналған мұражай зерделі жастың көкірек көзін ашып, оның білімге, ғылымға деген құштарлығын арттыра түседі. Өйткені, білім тарихы - ел тарихының құрамдас, әрі маңызды бөлігі.

Talk to us

87143072488