Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

  • Главная
  • Жалпы ақпарат
  • Бөлімше
  • Әлеуметтік сала
  • Студенттер үйі №2

Студенттер үйі №2

       2012 жылдың желтоқсанында ҚР БжҒМ-ң «Студенттік баспана» мемлекеттік бағдарламасы аясында № 2 Студенттер Үйі қайта жөңдеуден өтті.
      Жаңа Студенттер Үйінде – жайлы, қолайлы бөлмелерде қазіргі қаманғы жиһаз, теледидарлар, тоңазытқыштар, суға түсетін бөлмелер және тұрмыс бөлмелері бар. 1 қабатта акт залы, асхана, шығармашылықты шыңдауға, өзін-өзі дайындауға арналған бөлме бар.
  Студенттер жатақханада бөлмеде 2-4 адамнан тұрады. Барлық жатақхана тұрғындары төсек орындарымен қамтамасыз етілген. Төсек орындар 10 күнде бір ауыстырылып отырылады; бір жерден барлығы комендантқа жуу үшін тапсырылады. Студенттер Үйі бейнебақылауда, олар коридорларда, есік алдында, қабаттарда орналастырылған. Автоматты жүйелендірілген өртке қарсы сигнализация бар. Жатақхананың оң жағы кіру жүйесі жұмыс істейді. Кіру рұқсат қағаздары арқылы. Оны қатаң бақылайтын комендант және күзетшілер.
   АрқМПИ Студенттер Үйінің жұмысын ұымдастыру ішкі тәртіп, тұрмыс, студенттер өзін-өзі басқаруының міндеттер және мақсаттар, студенттік жатақхананың статусы құжаттар жинағымен реттеледі.
Жатақханаға орналастыру «АрқМПИ Студенттер Үйі ережесімен» реттеледі. Орналастыру АрқМПИ-ң студенттер кәсіподағы, оқу және дүниетанымды қалыптастыру проректорының келісілуімен, факультет декандарының ұсынысымен, ректор бұйрығымен жүргізіледі.

    Жатақханада тұру құны ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 7 тамыздағы № 374 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі қаржылық регламенттерін бекіту туралы» заңына сәйкес айлық шәкіртақының 15%, яғни 3.142 теңгені құрайды,
    Студенттер үйі бірнеше мәрте облыстық оқу орындары кәсіподағының ұйымдастырылуымен өтетені «Үздік жатақхана» байқауының жеңімпазы болған.
тәрбие жұмысы Студенттер үйнің бірден бір бөлігін, оның басты мақсаттары:
• мәдени-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру;
• студенттер арасында құқық бұзушылықты болддырмау;
• 1 курс студенттерінің жатақхана өміріне бейімделулеріне ықпал жасау;
• салауатты өмір салтын сақтауды ұйымдастыру;
•студенттердің өзін-өзі басқару ұйымның жұмысына ықпал жасау.

    Студенттер үйінің тәрбие жоспарында студенттермен жекелей жұмыс жасау, бос уақытты пайдаланудың бірнеше түрлері қарастырылған. Дәстүрлі іс – шаралар: әр түрлі қызмет өкілдерімен, қызықты адамдармен, кездесулер, және те студенттердіңдамуларына ықпал жасайтын дөңгелек үстелдер, әңгімелесулер, өткізіледі.
    Жатақхана тәрбиешілері институттың деканаттарымен, кафедраларымен тығыз байланыста, олар дәстүрлі «Ақындар айтысы», «Алтын күз», «Екі жұлдыз», «Жігіт сұлтаны» сынды іс-шаралар өткізеді.
    Студенттер үйлерінде студенттік Кеңестер «Студенттер үйінің студенттер Кеңесінің Ережесіне» сәйкес өз жұмыстарын атқаруда.
    Арнайы бекітілген жоспар бойынша студенттік Кеңестер тұрмыстық мәселелерді шешуге, ішкі тәртіпті сақтауға бағытталған және те өзге де қоғамдық шараларды ұйымдастырады. Кеңес құрамына белсенді студенттер кіреді, олар келесі бағыттар бойынша жұмыстар атқарады: мәдени, спорттық шаралар, тұрмыстық, әр қабаттың старосталары болады.
     Бекітілген кесте бойынша профессор-оқытушылар құрамы күнделікті кезекшілік жасайды. Арнайы тұрмыстық комиссия құрылған, оның құрамына: оқу ісі және дүниетанымды қалыптастыру проректоры, әкімшілік-шаруашылық бөлім бастығы, оқу-әдістемелік бөлім бастығы, тәрбие жұмысы басқармасы бастығы және студенттер үйлерінің коменданттары мен тәрбиешілері кіреді.

[widgetkit id=4

Talk to us

87143072488