Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

  • Главная
  • Жалпы ақпарат
  • Бөлімше
  • Әлеуметтік сала
  • Студенттер үйі №1

Студенттер үйі №1

        Институттың балансында жалпы көлемі 3085,2 кв.м болатын екі жатақхана бар.

№ 1 Студенттер үйінде студенттердің тұрулары үшін барлық жағдайлар жасалған. Жайлы да жылы бөлмелерде жаңа жиһаздар мен интернетке тегін кіруге мүмкіндік беретін тегін Wi – Fi жүйесі орнатылған. Студенттердің өзіндік жұмыс жасауларына арналған бөлмелер де қарастырылған. Тұрмыстық бөлмелер мен жуыну бөлмелері де бар. 1 қабаттағы акт залда спутниктік телеарналары бар теледидар орналасқан. Баспалдақтардағы ұстау перилалары, еденді кафелдеу, линолеумдар жаңартылған. Атап өтер жайт акт залы мен бірінші қабат холлының стендермен безендірулері. Қабаттардағы кооридорларда «Астана – біздің елорда», «Гүлдей бер Қазақстан», «Қазақ халқының ұлттық тағамдары», «Қазақстан табиғаты» атты стендер ілінген.

Студенттер үйінің алды абаттандырылып, арнайы демалатын «Студенттер аллеясы», спорттық алаңдар, орналасқан.     Студенттердің күштерімен жатақхана алдына гүлдер, 250 жуық ағаш, клумбалар егілген.
      Студенттер үйінің жұмысын ұйымдастыру АрқМПИ-дың бірқатар құжаттарымен орындалады.
      Жатақханаға орналастыру «АрқМПИ Студенттер үйлерінің Ережесімен» ұйымдастырылады.
 Жатақханаға жатқызу ережелері «АрқМПИ студенттер үйінінің Ережесімен» реттеледі. Жатақханаға орналастыру факультет декандарыны, оқу ісі және дүниетанымды қалыптастыру жұмыстары жөніндегі проректордың, кәсіподақтық ұйымның ұсыныстары бойынша іске асырылады.
     Жатақханада тұру құны ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 7 тамыздағы № 374 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі қаржылық регламенттерін бекіту туралы» заңына сәйкес айлық шәкіртақының 15%, яғни 3.142 теңгені құрайды,
   Студенттер үйі бірнеше мәрте облыстық оқу орындары кәсіподағының ұйымдастырылуымен өтетені «Үздік жатақхана» байқауының жеңімпазы болған.
Тәрбие жұмысы Студенттер үйнің бірден бір бөлігін, оның басты мақсаттары:
• мәдени-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру;
• студенттер арасында құқық бұзушылықты болддырмау;
• 1 курс студенттерінің жатақхана өміріне бейімделулеріне ықпал жасау;
• салауатты өмір салтын сақтауды ұйымдастыру;
• студенттердің өзін-өзі басқару ұйымның жұмысына ықпал жасау.

    Студенттер үйінің тәрбие жоспарында студенттермен жекелей жұмыс жасау, бос уақытты пайдаланудың бірнеше түрлері қарастырылған. Дәстүрлі іс – шаралар: әр түрлі қызмет өкілдерімен, қызықты адамдармен, кездесулер, және те студенттердіңдамуларына ықпал жасайтын дөңгелек үстелдер, әңгімелесулер, өткізіледі.
    Жатақхана тәрбиешілері институттың деканаттарымен, кафедраларымен тығыз байланыста, олар дәстүрлі «Ақындар айтысы», «Алтын күз», «Екі жұлдыз», «Жігіт сұлтаны» сынды іс-шаралар өткізеді.
   Студенттер үйлерінде студенттік Кеңестер «Студенттер үйінің студенттер Кеңесінің Ережесіне» сәйкес өз жұмыстарын атқаруда.
    Арнайы бекітілген жоспар бойынша студенттік Кеңестер тұрмыстық мәселелерді шешуге, ішкі тәртіпті сақтауға бағытталған және те өзге де қоғамдық шараларды ұйымдастырады. Кеңес құрамына белсенді студенттер кіреді, олар келесі бағыттар бойынша жұмыстар атқарады: мәдени, спорттық шаралар, тұрмыстық, әр қабаттың старосталары болады.
   Бекітілген кесте бойынша профессор-оқытушылар құрамы күнделікті кезекшілік жасайды. Арнайы тұрмыстық комиссия құрылған, оның құрамына: оқу ісі және дүниетанымды қалыптастыру проректоры, әкімшілік-шаруашылық бөлім бастығы, оқу-әдістемелік бөлім бастығы, тәрбие жұмысы басқармасы бастығы және студенттер үйлерінің коменданттары мен тәрбиешілері кіреді.

 

Talk to us

87143072488