Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

  • Главная
  • Жалпы ақпарат
  • Бөлімше
  • Әлеуметтік сала
  • Қоғамдық тамақтандыру орны

Қоғамдық тамақтандыру орны

    Ағзаның толық қанды жұмыс жасауы үшін жақсылап тамақтану қажет, осы орайда АрқМПИда 120 орындық асхана, студенттер үйінде буфеттер ашылған болатын.
    Бүгін студенттік асхана студенттік кафе ретінде қызмет атқаруда, асхана 2 бөлікке бөлінген, бірінде тамақтанатын зона, бірінде интернет зона орналасқан. Асханада студенттердің интернетке кірулеріне Wi-Fi модемдері орнатылған.
    2010 жылы асханада жөндеу жұмыстары жүргізілген: үстелдер, жұмсақ жиһаздар, орындықтар, теледидар орнатылған.

  ЖОО 2000-ға жуық студент оқиды, оның 900ы (45 %) қоғамдық тамақтанумен қамтылған. Асхана мәзірі келген қонақтарға кең таңдау ұсынады. Ора есеппен 4 тағамнан тұратын түскі ас бағасы 250 теңге.
  Институтта студенттердің өзін өзі басқару ұйымының қарамағында арнайы студенттік асхананың қызметін тексеретін комиссия жұмыс жасайды.
 Комиссия құрамы 3 адамнан тұрады: жалпы сұрақтар және істерді жүргізу басқармасының бастығы, медпункт фельдшері, студенттер кәсіподағының төрағасы. Олар студенттердің дұрыс тамақтануларын, тамақтану орнының тиімді жұмыс кестесін құруға, тамақтану жүйесін жетілдіруге бағытталған жұмыстар атқарады және қоғамдық бақылау жүргізіп, сараптама жасайды.

  Күнделікті медпункт фельдшері асханада әзірленетін тағамдарға сынақ жасайды, мезгіл-мезгілімен асханадағы азық-түліктер мен тағамдардан үлгілер алып арнайы лабораторияларда сынақтан өткізеді. Барлық жасалған сараптамалар қорытындылары арнайы жорналған жазылып отырылады.
   Оқу жыл бойы тамақтанудың спасын арттыруға, тағамдар санын арттыруға бағытталған әртүрлі іс-шаралар өткізіледі.
  2015-2016 оқу жылының мамыр және қазан айларында арнай комиссия рейді өткізілген болатын. Осы рейд нәтижесінде қызмет көрсету және тамақтану сапасы бір саты жоғарлады.
    Институт әкімшілігі аз қамтылған отбасыларынан шыққан студенттерге де өз көмегін көрсетуде.
  Қостанай облысы студенттерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен «Ұздік тамақтану объектісі» атты байқауда институт 3 орынға ие болды, «Үздік аспазшы» атағын институт аспазшысы Наталья Гольштейн иеленді.
    Осы орайда институтта ПОҚ пен студенттердің тамақтануларына барлық жағдайлар жасалған дей аламыз.

 

Talk to us

87143072488