Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

  • Главная
  • Жалпы ақпарат
  • Бөлімше
  • Академиялық мәселелер жөніндегі департамент
  • Офис - Регистратор

Офис - Регистратор

Шайменова Ляззат Серікқызы
Офис-Регистратор бастығы
Тел: 8 (71430) 7-13-81, внутренний тел: 112
Располагается в главном корпусе АркГПИ, на 3-этаже
   Офис-Регистратор бөлімшесінің негізгі функционалдық қызметтеріне – академиялық күнтізбені, академиялық лекті, сабақ, емтихан және күндізгі және сырттай бөлімнің қорытынды мемлекеттік аттестация кестелерін құру, студент құжаттарын қабылдау, рәсімдеу және сақтау, ЖОО-на қайта қабылданушы, басқа ЖОО-нан ауысып келетін студенттермен, академиялық демалыстан шыққан студенттердің пән айырмасын шығару жұмыстары кіреді. Формалар бойынша мерзiмінде институттың бiр рет есептеу нәтижелерi бойынша статистикалық есеп беру және құрастыру, студенттердiң жеке құрамы бойынша бұйрықтарды әзiрлеп рәсімдеу, студенттер бойынша бұйрықтардың көшiрмелерiмен бөлiмшелерді, факультеттерді қамтамасыз ету, академиялық мәлiметтердi беру, факультеттердің студенттiк құжаттарды дұрыс рәсiмдеуiне бақылау жасау, студенттер контингентi бойынша деректер қорын жүргiзу, талап бойынша студенттер туралы мәлiметтер беру, академиялық ұтқырлық бағдарламасын жетілдіру;
   Жылма – жыл Офис-Регистратор академиялық күнтізбедегі уақыттарға сай оқу пәндеріне студенттерді тіркейді. Оқу пәндеріне студенттерді тіркеуде әрбір студент эдвайзерден кеңес алып отырады. (жеке оқу құрылымының жылжу жолына қарай).
   Элективтік пәндердің жүргізілуіндегі академиялық топтардың құрылу саны, курстан – курсқа көшу балы (GPA) 1 курстан 2 курсқа -1,60 балл, 2 курстан 3 курсқа – 1,80 балл, 3 курстан 4 курсқа -2,00 балл – барлығы институттың Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітілген.
   Несие технология оқу жүйесі оқыту түрлерін жетілдіруге, студенттердің өздік жұмыстарының әдістеріне және оқу әдістемелік пәндерімен қамтамасыз етудегі оқытушылардың шығармашылық жұмыстарын көтеруге мүмкіндік береді.
     Студенттердің танымдық деңгейі және өздік жұмыстарын көтеруге мүмкіндік береді.
    Студенттердің танымдық деңгейі және өздік жұмыстардағы шеберліктері, ептіліктері, дағдылары көтеріледі. Студент білімін бағалаудың түрлері күрделенді. Комплекстік және мультимедиялық сыныптардың ашылуымен байланысты оқу үрдісіндегі материалдық-техникалық база жабдықталуы да нығайды.
  Несие технология оқу жүйесі енгізілгеннен бері мынадай жағымды жақтарын атап көрсетуге болады:
Студенттер білімінің жаңаруына және қалыптасуына несие жүйесі әсер етеді;
Әдістемелік материалдарды пайдалана отырып, студенттер өздерінің білім деңгейіне қажеттіліктерін анықтай алады;
Студенттердің пәндерді, оқытушыны таңдауға құқығы бар және студенттердің білімге деген қызығушылығы артады;
Оқытушының беделі көтеріледі;
Оқу үрдісін ұйымдастыруда студенттердің жеке оқу жоспары (ЖОЖ) алғашқы құжат болып табылады.
Несиелік технология оқу жүйесінде студент өз бетімен міндетті оқу компоненттерін және таңдау компоненттерін таңдайды. Оқу пәндерін таңдау, жазылу уақыты академиялық күнтізбеде көрсетіледі. Оқу пәндеріне жазылуды (тіркеуді) офис тіркеушісі ұйымдастырады.
Студент оқу пәндеріне тіркеуде эдвайзерден кеңес алады. Оқу орнындағы жеке білімді анықтауды қамтамасыз ету үшін:
Студенттерге мамандықтарына сай типтік оқу жоспары ұсынылады;
Студенттерге элективтік пәндердің каталогы беріледі;
   Оқу пәндеріне жазылу ұйымдастырады.
   Келесі оқу жылының наурыз айының ортасынан бастап 2-3-4 курс студенттерінің оқу пәндеріне тіркелуі басталады.
1 курс студенттері үшін оқу пәндеріне жазылу 30 тамызда студенттік қатарға қабылдаудан кейін ұйымдастырады.
Оқу мерзімінің оқу жүктемесінің деңгейі 128 несиеден кем болмауы қажет. Міндетті компоненттер бойынша оқу жүктемесінің деңгейі мамандықтардағы типтік оқу жоспары бойынша анықталады. Қалған оқу жүктемесінің деңгейін таңдау компоненттеріндегі пәндер бойынша толықтырылады.
   Оқу пәндеріне жазылудың нәтижесі бойынша:
   Студент өзінің жеке оқу жоспарын құрастырады;
   Академиялық лектер мен топтарды офис тіркеушісі құрастырады;
   2,3,4 курс студенттері ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін жеке оқу жоспарына өзгерту енгізуіне құқығы бар. Ағымдағы жылдың 26 тамызына дейін мамандықтардың оқу жұмыс жоспары бекітілген оқу жоспарының негізінде жасалады.
    Несие технологияда оқыту студенттердің өзіндік жұмыстармен, оқытушылардың пән оқу-әдістемелік материалдармен шығармашылық жұмыстарына мүмкіндік бердi.
    Студенттердiң танымдық деңгейлері мен өзiндiк жұмыстың білу деңгейi көтерiлдi. Студенттердiң бiлiмдерiнiң бақылау түрлерi күшейтiлді. Несие технология жүйесінде оқытуды iске асырудың барлық процесстерi PLATONUS компьютер бағдарламасының мүмкiндiктерін қолдана отырып автоматтандырылған. Бағдарлама оқу барысы жүйесiн қамтамасыз етедi және ұйымдастырады, оқу қызметiн жоспарлайды, семестр iшiнде iскерлiк сараптауларын өткiзудiң блоктерiн қосады. PLATONUS компьютер бағдарламасын оқу барысына енгiзе отырып емтихандарды компьютерлік тестілеумен қабылдау мүмкiндiгi пайда болды. Бұл студенттердiң бiлiм сапасын, олардың әдiл бағалануын, уақытты ұтымды пайдалунаға мүмкiндiк бердi.
   Міндеттері:
  Оқу траекториясын таңдап студенттердің өзіндік жұмыстары мен үлгірім сапасын арттыруда тіркеушілер мен бөлім мамандары деканаттар, кафедралармен бірлескен жұмыстар атқаруы;
    Институт мамандықтарына қарасты пәндер бойынша тест тапсырмаларын дер кезінде және сапалы түрде базаға енгізу;
Оқу жылы бойына студенттердің оқу нәтижелеріне сараптама жүргізіп, қадағалап отыру;
    Құрамына кіретіндер:
Офис-Регистратор бастығы
Күндізгі бөлім бойынша тіркеу методистері
Сырттай бөлім бойынша тіркеу методистері
Статист
Студенттік құжатнама маманы
Академиялық ұтқырлық маманы
Диспетчер

Каратаганова Акмарал Бекеновна - Педагогика және филология факультеттерінің регистраторы
Агибаева Алмакуль Уалиевна - Тарих және өнер факультетінің регистраторы
Айгисина Динара Балтабаевна -  Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің регистраторы
Ибраимова Ардак Жаксылыковна - Сырттай бөлім бойынша тіркеу методист
Уаисова Асем Бектасовна - Сырттай бөлім бойынша методист
Гайсина Айнур Еркебаевна -адемиялық ұтқырлық маманы
Дабылова Гульбахыт Сериковна - диспетчер
Коргамбекова Гульназ Бекназымовна - студенттік құжатнама маманы
Мұхамедияр Зина Исламбекқызы   - статист
    Қысқаша тарихи мәлімет:
    2003-2004 оқу жылында институтта тәжірибе ретінде 050506 – «Экономика» мамандығы бойынша несие технологиясы оқу жүйесіне енгізілді.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткізген несие технологиясын оқыту жайлы түрлі семинарларға тарих – экономика факультетінің деканы және экономика кафедрасының оқытушылары қатысты.
    2004-2005 оқу жылында 18 мамандық бойынша институтымыздың күндізгі бөлімінің 1 курсы қосар білім беру жүйесіне көшті.
2007 жылы алғашқы экономика бакалавры бітіріп шықты (2003 жылғы қабылдау). 2008 жылы күндізгі бөлімдердегі барлық мамандық бакалаврлары бітіріп шықты.
2005 ж. ақпанынан офис- тіркеушісі бар.
    2010 жылдан наурыз айынан бастап офис-тіркеушісі аты тіркеу және тестілеу бөлімі болып аты өзгерді.
2013 жылдан ақпан айынан бастап тіркеу және тестілеу бөлімі аты Офис-Регистратор болып аты өзгерді.
Ресми/әдістемелік құжаттар:
    Мамандықтар мен курстардың академиялық күнтізбесі оқыту ерекшеліктеріне байланысты болады;
Студенттің жеке оқу жоспары (СжОЖ).
   1 курсқа арналған жолдама (ЖОО, құрылымдық бөліктер, факультет пен кафедралар жайлы қысқаша ақпараттан тұрады)
   Студенттің транскриптісі (осы оқу жылында өткізілген пәндердің несиесі мен бағаларының тізбесінен тұратын құжат)
Емтихандардың кестесі
Ағымдық және емтихан ведомостары
Мемлекеттік емтихандардың кестесі

Talk to us

87143072488