Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Іс-тәжірибе және түлектерді жұмысқа орналастыру секторы

   

Жұмағали Гулжанат Бекболатқызы
сектор жетекшісі
    
Смағұлова Динара Ғалымжанқызы
маман

Калдыгулова Айнур Салимжановна
маман

   Іс-тәжірибе және түлектерді жұмысқа орналастыру секторы институттың кәсіптік практикаларын, түлектерді жұмысқа орналастыру мен институт түлектерінің мансаптық өсу мониторингін ұйымдастыру мен жоспарлау міндеттерін орындайтын құрылымдық бөлімше болып табылады.
    Сектор төмендегі құрылымдық бірліктерден тұрады:
    Сектор жетекшісі;
    Маманы.
    Сектордың негізгі міндеттері болып тиімді ағымдық жоспарлау, студенттердің кәсіби пратикасын тексеру, түлектердің жұмысқа орналасуына ықпал ететін іс-шараларды жүзеге асыру, түлектердің мансаптық өсу мониторингін жүргізу, есеп беру құжаттарын әзірлеу, сонымен бірге Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі үшін ағымдық және шұғыл ақпараттар дайындау болып табылады.
     Сектор төмендегі функцияларды орындайды:
  Облыстық және қалалық мектепке дейінгі мекемелер мен мектептер, басқа да білім беру мекемелерімен жұмыс жасау;Қалалық және облыстық білім департаменттерінің педагог маманға деген қажеттілік сұраныстары бойынша жұмыстар жүргізу;
 • Облыс, қала мектептері мен түлектерді жұмысқа орналастыру жөнінде хат алмасу, бос орындар туралы ақпарат қорын жүйелі толықтырып отыру:
 • Түлектерді жұмысқа орналастыру жәрмеңкесін өткізу;
 •  Түлектерді жұмысқа орналастыру комиссиясын құру және комиссия жұмысына қатысу;
 • Жұмысқа жолдама беруТүлектердің жолдама бойынша жұмыс орындарына баруы туралы қоры тиынды есеп беру;
 • Өз қызметтік бағытына сәйкес қызметтік, жұмыс және әдістемелік құжаттар әзірлеу;
 • түлектер мен олар жұмыс жасайтын мекемелер туралы мәліметтер қорын дайындау;институт түлектерін жұмыспен қамту жұмыстарын өткізу;
 • институт түлектерімен кем дегенде 3 жыл бойы байланыс үзбеу;
 • оқу үрдісін жетілдіру үшін жұмыс берушілердің ұсыныс-пікірін ескеру; 
 •  жұмыс берушілер мен студенттер арасында әлеуметтік сауалнама өткізу және оның негізінде мамандық бойынша бітірушілердің сапасын арттыруға ұсыныстар дайындау;
 •  институт студенттерінің кәсіптік практикасын өткізу мен ұйымдастыру бойынша кафедра жұмыстарына бақылау жасау
 • бітіруші кафедралармен бірлесе отырып студенттердің практика базасын анықтау,студенттердің практика базаларына бөлінуіне, оларға кафедралардан жұмыс өтілі жоғары оқытушылардан әдіскер тағайындалуына, бұйрықтың дайындалуына бақылау жасау;
 •  маман дайындау бағытына сәйкес тағайындалған практика базаларымен келісімшарттың болуын қадағалау;
 •  оқу үрдісінің кестесіне және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес практикалардың өткізілуін қадағалау
 •  оқу үрдісінің кестесіне және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес практикалардың өткізілуін қадағалау
 • кафедраларда практика бағдарламаларының, күнделіктерінің, практика бойынша кафедрада тағайындалған практика түрі бойынша жетекшілерінің есеп беру құжаттарының болуын қадағалау;дуалды оқытуды ұйымдастыру мен іске асыру бойынша  кафедра жұмысына бақылау жасау;
 • бітіруші кафедралар мен бірлесе отырып дуалды оқытуды іске асыруға білім беру мекемелерінақтылау, студенттерді дуалды оқуға жіберу бұйрығының уақытылы дайындалуына бақылау жасау;
 • дуалды оқытуды іске асыру туралы білім беру мекемелерімен келісім шарттың болуын қадағалау;дауалды оқытуды іске асыру бойынша кафедраларда бағдарламалары мен есеп беру құжаттарының болуын қадағалау.

Talk to us

87143072488