Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

  • Главная
  • Жалпы ақпарат
  • Бөлімше
  • Ақпараттық сүйемелдеу және мультимедиялық қамтамасыз ету бөлімі

Ақпараттық сүйемелдеу және мультимедиялық қамтамасыз ету бөлімі

Mariyash

Шаханова Марияш Орманбекқызы

Ақпараттық сүйемелдеу және мультимедиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі

Тел.: 8 (71430) 7-13-81; 8 (71430) 7-01-87

Ақпараттық сүйемелдеу және мультимедиялық қамтамасыз ету бөлімі АрқМПИ-ң бас корпусындағы 2-қабаттың № 222 кабинетінде орналасқан

    Қысқаша ақпарат:
    Ақпараттық сүйемелдеу және мультимедиялық қамтамасыз ету бөлімі келесі негізгі міндеттерді жүзеге асырады: жоо-ның ашықтық және стратегиялық даму жоспарының принципін жүзеге асыру; бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жоо-ның қызметін белсенді насихаттау және жарнамалау; АрқМПИ білім беру сайтына медиа өнімдерін орналастыру; қалалық теледидарда жоғары оқу орнының тәрбие, мәдени-бұқаралық, шығармашылық қызметтерін жарықтандыру; қоғамдық байланыстарды нығайту; меншікті бейнематериалдарды жасауда АрқМПИ қажеттілігін қамтамасыз ету (қашықтықта оқытуға арналған бейне дәрістер, бейнефильмдер, бейнероликтер, тұсаукесерлер және басқа да медиа өнімдер).
Бүгінгі таңда бөлім кәсіби түсірілімге және бейнематериалдарды өңдеуге арналған заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Құрал-жабдықтар тиісті бағдарламамен қамтамасыз етіліп, сандық және бейсызық монтажын іске асыруға мүмкіндігі бар.
Ақпараттық сүйемелдеу және мультимедиялық қамтамасыз ету бөлімі института өтетін конференция, концерт және барлық іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады, іс-шараларды ролик және бейне безендіру жұмыстарымен қамтамасыз ете отырып, сұхбат пен бейне хабарларды жазады. Институттың іс-шараларының бейне түсірілімі жоғары оқу орнының телевизиялық желісінде, Арқалық қалалық телевизиялық эфирінде көрсетіледі.
Студияда жасалған материалдар оқу орын жайында, жалпы АрқМПИ беделі және қоғамдық пікірдің позитивті қолдауы туралы тиімді ақпарат береді.
Сондай-ақ суретке түсіру бөлімнің жұмыс бағытарының бірі болып табылады. Суреттердің электронды нұсқасы барлық бөлімшелерге қолайлы институт сайтында орналастырылады.

Бөлім құрамына кіретіндер:

Қойшыбай Данияр Сәлімжанұлы

Ақпараттық сүйемелдеу және мультимедиялық қамтамасыз ету бөлімінің видеооператоры   

 

Talk to us

87143072488