Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

02 1НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

 2020 ЖЫЛДЫҢ 16 НАУРЫЗЫНАН БАСТАП Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АРҚАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТІ УАҚЫТША ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ РЕЖИМІНЕ КӨШЕДІ!

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ САЙТЫНА ӨТУ

«Қашықтықтан оқыту: педагогикалық ЖОО тәрбие жұмысының жаңа форматы»

«Қашықтықтан оқыту: педагогикалық ЖОО тәрбие жұмысының жаңа форматы»

Басып шығару Эл. почта
(1 Голосовать)

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті «Қашықтықтан оқыту: педагогикалық ЖОО тәрбие жұмысының жаңа форматы» атты вебинар өткізді. Басты мақсат – тәрбиелік жұмыстардың қашықтан жүзеге асуын жіті қадағалауды арттыру және тәжірибе алмасу.

Аталмыш іс-шараны еліміздегі 7 жоғары педагогикалық оқу орындарының тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелері жөніндегі проректорларының қатысуымен өтті.
Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Н.М. Темірбековте осы вебинарға қатысты.
Сөз басында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіндегі атқарылған тәрбиелік іс-шаралар жайында қысқаша шолу жасап өткен Орынқыз Көпбосынқызы өз әріптестеріне де сөз кезегін беріп, онлайн жүйенің тиімді тұстары, алдағы жоспарлар туралы ортаға салды.
«Волонтерлік қызметті де онлайн форматқа көшіру қажет. Педагогикалық оқу орны болғандықтан бұл барлығымызға қатысты. Өйткені бәрімізге ортақ бір мақсат бар. Ол – еліміздегі білім саласын жаңашылдықпен алға бастайтын элиталы мұғалімдерді қалыптастыру. Ал қазіргі жағдайда ата-аналарға балаларын оқытуға көмек қажет. Оны болашақ педагогтар қауымы, яғни біздің студенттеріміз мүлтіксіз орындай алатыны сөзсіз», - деді Орынқыз Джолдасова.

Последнее изменение Бейсенбі, 21 Мамыр 2020 13:44

Оставить комментарий

Talk to us

87143072488