Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

АрқМПИ студенттері жоғары шәкіртақы алды

АрқМПИ студенттері жоғары шәкіртақы алды

Басып шығару Эл. почта
(1 Голосовать)

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бакалавриат, магистратура, докторантура студенттерінің шәкіртақысы 2020 жылдың қаңтарынан бастап 25% - ға артты.
Қазіргі таңда Ы. Алтынсарин атындағы АрқМПИ-нің 854 студенті алғашқылардың қатарында жоғары шәкіртақы алды.

Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге дейін өсті. Оның ішінде жетім балалар қатарындағы жақсы оқитын студенттерге стипендия 27 234 теңгеден 34 042 теңгеге дейін өсті, осы санаттағы үздік студенттерге стипендия 30 376 теңгеден 37 970 теңгеге дейін, үздік студенттерге 24 091 теңгеден 30 114 теңгеге дейін өсті.
 Бұл біз үшін жақсы жаңалық. Елдің болашағы, мемлекеттің ертеңгі күні жастардың қолында екенін ескере отырып, біз мұны елдің өркендеуіне нақты қадам ретінде қарастырамыз.


Оставить комментарий

Talk to us

87143072488