Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Қазақ поэзиясының падишасы

Қазақ поэзиясының падишасы

Басып шығару Эл. почта
(1 Голосовать)
Галерея изображений

Ы. Алтынсарин атындағы АрқМПИ-да Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай әдеби кеш өтті. Іс-шараның мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысу, поэзия әлемін түсіну және сүйіспеншілікке баулу.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен "Поэзия падишасы" атты кеш қазақ ақынының шығармашылығына арналды. Іс-шараны ұйымдастырушы - "Қазақ тілі мен әдебиеті"кафедрасы. Кафедраның аға оқытушысы Гүлжан Айдарова кеш барысында 1-курс студенттеріне Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы толық ақпарат беруге тырысты.
... Фаризаны халық «Поэзияның падишасы» деп атайды. Ер мінезді, батыл жүректі , сөзі – мірдің оғындай болғанымен жаны нәзік, сезімтал. Фариза Оңғарсынова барлық дәрежеге жетті: Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және республиканың жоғары ордендерімен марапатталған.
Әдеби кеште "Әкеме", "Мен бір қызық адаммын", "Перзент сөзі", "Фаризаға арнау", "Арнау", "Ананы жоқтау", "Он жетінің әні" атты өлеңдерін Жұмабек Альбина, Көшен Аружан, Ергеш Аружан, Аппазхан Балғын, Байғазин Руслан , Жақсығұлова Бибінұр, Таңсықбай Назым сынды студенттер оқыды.
Ақын өлеңдерінен өзінің шынайы және турашыл бейнесі көрінеді. Нағыз суреткер ретінде өмірге деген жасандылықты мойындамаған.
Фариза Оңғарсынова - нағыз патриот, өлеңінің әрбір жолында халқының мәдениетін және дәстүрін сүюді, құрметтеуді, бағалауды дәріптеген шынайы патриот. Ол қазақтың ең сүйікті ақындары мен жазушыларының бірі болып қалатыны сөзсіз.

Последнее изменение Сәрсенбі, 11 желтоқсан 2019 08:39

Оставить комментарий

Talk to us

87143072488