Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

«Сандық білім: ерекшеліктері және даму үдерісі»

«Сандық білім: ерекшеліктері және даму үдерісі»

Басып шығару Эл. почта
(2 голосов)
Галерея изображений

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының Информатика кафедрасының ұйымдастыруымен «2019-Жастар жылы» аясында шетелдік ғалымдардың қатысуымен «Сандық білім: ерекшеліктері және даму үдерісі» тақырыбында республикалық форум болып өтті.
Форумның пленарлық мәжілісінің ашылуында АрқМПИ ректоры Сейітбек Бекенұлы Қуанышбаев құттықтау сөз сөйледі. Ол цифрландыру білім беруді модернизациялау үрдісіндегі жетекші бағыттардың бірі екенін атап өтті. Форумның мақсаты: сандық білім беру жағдайында жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және талантты жастарды қолдау.


Пленарлық мәжілісте төмендегі баяндамалар оқылды: Шаймерденова Гүлсана Залқызы PhD докторы, ТарМПУ-дың қауымдастырылған профессоры, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, тақырыбы: «Виртуалды зертханалық жұмыстарды орындауда биологиялық мазмұнды іріктеу ерекшеліктері»; Максимова Наталья Александровна п.ғ.к. Смоленск мемлекеттік университеті, тақырыбы: «Цифровое образование матрица возможностей»; Самарина Анна Евгеньевна п.ғ.к. Смоленск мемлекеттік университеті, тақырыбы: «Реализация STEM- образования в условиях цифровизации»; Карашинов Каскырбай Серикбаевич Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің Информатика пәнінің мұғалімі, тақырыбы: «Информатика пәнін оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері»; Ескермесұлы Әлібек PhD докторы, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, тақырыбы: «Сандық білім беру үдерісі».
Пленарлық отырыста қатысушылар адами капиталды дамытудың басым бағыттарын, цифрландыру, тарату жағдайында жастарды интеграциялауды қолдауға қатысты көптеген мәселелерді талқылады.
Форум келесі секциялар бойынша өтті: 1. Жаратылыстану пәндерін оқытудағы сандық білім; 2. Гуманитарлық пәндердін оқытудағы сандық білім. Республикалық форум тәжірибешілермен пікір алмасуға, тәжірибе алмасуға және білім беруді цифрландыру саласындағы мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін диалог алаңына айналды. Содан кейін форум жұмысының аясында Смоленск мемлекеттік университетінің ғалымдары Наталья Максимова мен Анна Самарина өткізген «Толықтырылған шындық және мобильді құрылғылардағы мультимедиа» тақырыбында шеберлік сыныппен жалғасты.
11қараша мен 15 қараша аралығында Республикалық форум аясында онлайн конференция, вебинар, студенттерлің ғылыми жобалар сайысы, пәндік олимпиада, семинар, дөңгелек үстел сияқты іс-шаралар өтті.
Форум соңында ұйымдастырушылар Рухани жаңғыру аясында ұйымдастырылған «Арғалым - ағыз, Тарихым - Торғай» атты концерттік бағдарламаны ұсынды.
Форум барысында қатысушыларға «Робототехника» көрмесі ұсынылды, онда физика және математика кафедрасы және информатика кафедрасының студенттері жасаған роботтар көрсетілді.
Республикалық форумның қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды және ғылыми мақалалар жинағы жарық көрді. Форум қатысушыларына алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.

 

Последнее изменение Жұма, 15 қараша 2019 11:33

Оставить комментарий

Talk to us

87143072488