Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

  • Басты бет
  • Ғылыми қызмет
  • Студенттік ғылым
  • 2014 - 2015 жыл

Студенттік ғылым 2015 жыл

Педагогикалық жоғары оқу орындарда студенттердің ҒЗЖ дайындықтары-жекелеген білім беру, осы істе уәждемелі-құнды қарым-қатынасты қоса атқаратын және жеке субъект жағдайын анықтайды, әдіснамалық білім жүйесі, зерттеу икемділігі, кәсіби-педагогикалық тапсырмалардың шешімін табуда мүмкіндік жасайды. Жеке жобалар мен ұжымдық іс-шаралар, кафедралардағы ғылыми іс-шаралардың ұйымдастырлуы, ғылыми студенттік үйрмелер Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының ең негізгілері болып келеді.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыбын қалыптастыру қазіргі педагогикалық ғылымның өзекті мәселелері бойынша кафедралар қызметі және ғылыми бағыттарымен байланысты, сондай-ақ студенттерді өзіндік бастама алған тақырыптарын орындауға тарту арқылы жүзеге асырлады. Қазіргі таңда белгілі бір өзіндік бастау алған тақырыптар бойынша жұмыс әр түрлі байқаудағы ғылыми жобалар, студенттермен бірге ғылыми мақала дайындау түрінде іске асырлады.

Институт кафедраларында 263-студентті қамтитын, яғни күндізгі бөлім студенттер контингентінің 21% құрайтын 14 ғылыми және күрделі топ жұмыс жасайды, олар: «Лингво», «Тезаурус», «Химия және өмір», «Биология –тіршілік көзі», «География және экология», «Өркен», «Алгорифм», «Ізденіс», «Паскаль» «Архимед», «Қазақстан тарих, құқық және экономика негіздері» кафедрасының жанындағы студенттік ғылыми үйірмесі, «Живопись», «Традиционная Народная Песня», «Декоративно-прикладное искусство», «Жеңіс».

Студенттік жастардың ғылыми-зерттеу ісіне деген қызығушылықтың өсу қарқыны студенттік ғылыми конференцияларға қатысуда көру болады. Олардың нәтижелері жыл сайынғы студенттік ғылыми конференцияда баяндалып, жергілікті және республикалық баспасөз беттерінде жарияланады. Өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы студенттердің басылым көрсеткіші едәуір азайғаны байқалады, бұл жерде де ПОҚ болған жағдай қайталанып отыр.

2014-2015 жылы студенттер мен ПОҚ-ның бірлескен басылым-290 (көлемі 72,5 б.б.) құраса, ал 2013-2014 оқу жылында бұл көрсеткіштің жалпы саны-207 (көлемі 40,70 б.б.) құраған болатын. 2014-2015 жылғы үйірмеде жоспарланған студенттердің ғылыми-зерттеу бойынша іс шаралар өткізілді, нәтижелері бойынша арнайы портфолиялар да бар. Оқу орын ішінде студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциялары, пән бойынша олимпиада, ғылыми және шығармашылық жоба, реферат байқаулары ұйымдастырылып тұрады. СҒЗЖ-ның жоспар бойынша есеп беру мерзімінде 24 ғылыми-тәжірибелік іс-шара өткізілді:

1. «Лингво» - тілдің бүгінгісі мен ертеңі презентация научного кружка «Лингво», (сентябрь 2014 г., кафедра практического курса казахского, русского и иностранных языков)

2. «Поэтика «Стихотворений Живаго» Б.Пастернака» круглый стол (сентябрь 2014 г., кафедра казахского, русского языков и литературы)

3. 1 тур ежегодного Республиканского конкурса НИРС вузов РК

4. «Мектепте биология пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру» коучинг (октябрь 2014, кафедра химии, биологии и географии)

5. «Жаңа форматтағы педагогтың құзіреттілігі» конкурс научных проектов (октябрь 2014 г., кафедра педагогики и психологии)

6. «Институт кеше және бүгін» круглый стол (октябрь 2014 г., кафедра физической культуры и спорта)

7. «Қазіргі қоғамдағы ғылымның ролі» информационный семинар (октябрь 2014 г., кафедра физической культуры и спорта)

8. «Мархабат Байғұт шығармашылығының көркемдік ерекшелігі» круглый стол (октябрь 2014 г., кафедра казахского, русского языков и литературы)

9. «Т. Әлмағанбетұлы шығармашылығының зерттелуі» кафедральная научная конференция (октябрь 2014 г., кафедра казахского, русского языков и литературы)

10. «Мектепте география пәнінен интерактивті әдістерді пайдаланудың тиімділігі» семинар – тренинг (ноябрь 2014, кафедра химии, биологии и географии)

11. «Фонетическая интерференция казахов в изучение русского языка» круглый стол (ноябрь 2014 г., кафедра казахского, русского языков и литературы)

12. «Магистратура –ғылыми таным көзі» научный семинар для студентов 1-4 курсов (ноябрь 2014 г., кафедра педагогики и психологии)

13. «ХХІ ғасыр- ғылым ғасыры» день науки на кафедре педагогики и психологии (ноябрь 2014 г.)

14. «Қ.Жұмаділов шығармаларының көркемдік ерекшелігі» круглый стол (декабрь 2014 г., кафедра казахского, русского языков и литературы)

15. «Құдыретті маман - қоғам дамуының болашағы» кафедральная предметная олимпиада (декабрь 2014 г., кафедра педагогики и психологии)

16. «Leader of levels» кафедральная предметная олимпиада (декабрь 2014 г., кафедра практического курса казахского, русского и иностранных языков)

17. «Дене шынықтыру мен спорттың теориясы және әдістемесі» кафедральная предметная олимпиада (декабрь 2014 г., кафедра физической культуры и спорта).

18. «12 жылдық мектепте жобалық оқытудың маңызы» научный семинар (февраль 2015 г., кафедра химии,биологии и географии)

19. «Сырлы бояу үйірмесінің көрмесі» выставка (март 2015 г., кафедра музыки и изобразительного искусства)

20. «Мен жақсы маман бола аламын ба?» научно-методический семинар (март 2015 г., кафедра математики и физики)

21. «Тағамдардың химиялық сапасы және оның ағзаға әсері» круглый стол (март 2015 г., кафедра химии, биологии и географии)

22. «Біз - білімді және сауатты жастармыз!» научный семинар (март 2015 г., кафедра математики и физики)

23. «Перспективы Казахстана на ближайшее десятилетие в составе Евразийского Союза» дебат (апрель 2015 г., кафедра Истории Казахстана и права, основы экономики)

24. «Мәдени бағбан өсімдіктерінің дизайнын жасау әдістері» научный семинар

Talk to us

87143072488