Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

  • Главная
  • Ғылыми қызмет
  • Байқаулар, гранттар
  • 2013 - 2014 жыл

Байқаулар, гранттар 2014 жыл

Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту мен еліктеушілігікті дамыту мақсатында 2013 жылдың сәуір айында ең алғашқы рет халықаралық байланыс және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің араласуымен АрқМПИ ректорының сыйақысы тағайындалған студенттердің ғылыми жұмыстарының байқауы өткізліді. Студенттердің зерттеу қабілетін дамыту, шығармашылық қабілетін ашу үшін ұйымдастыру мен материалдық жағдайлары жасалып және жүлделі орындар мөлшері көбейтілді. АрқМПИ ректорының сыйақысы тағайындалған байқау жыл сайынғы және дәстүрлі болып қалады. Диплом және ақшадай сыйлықтармен 2013-2014 оқу жылының жеңімпаздарымен жүлдегерлері марапатталды:

1. АрқМПИ ректорының сыйақысы тағайындалған ең үздік ғылыми жұмысы үшін, ізденіс байқауында жеңімпазы «Химия» мамандығының 2 курс студенті Жаппар Маншүк 30 мың тенге көлеміндегі ақшадай сыйлық және дипломмен марапатталды.

2. Екінші орынды «Физика» мамандығының студенттері Мухое Акабаева мен Аширали Есиркепов өзара бөлісіп, 30 мың тенге көлеміндегі ақшадай сыйлық және дипломмен марапатталды.

3. Құрметті 3 орынға «Физика» мамандығының 2 курс студенті Сейдахметова Дана, «Педагогика и психология» мамандығының 3 курс студенті Гааг Элона, «шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2 курс студенті Омар Жасулан қол жеткізіп, 10 мың тенге көлеміндегі ақшадай сыйлық пен диплом игері атанды.

Студенттеріміз үшін техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық, жаратылыстану ғылымдары бойынша жыл сайынғы республикалық студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауларына қатысу дәстүрге айналды. Сонымен 2013-2014 жылғы байқаулар қорытындысы бойынша ҚР БҒМ дипломымен марапатталғандар:

1. 2014 жылғы республикалық студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқау қорытындысы бойынша Төлеген Көңілжан «Абай қарасөздерінің тақырыптық мәні» жұмысымен 1 орынға ие болды. Ғылыми жетекші: ф.ғ.к. Рахметова Базар Анасовна.

2. Республикалық студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқау қорытындысы бойынша Аждар Алма, «Халықтың қолданбалы қолөнері арқылы ұлттық тәрбие беру мәселелері» жұмысымен ІІ орынға ие болды. Ғылыми жетекші: п.ғ.к. Түрікпенова Сандуғаш Жұмановна.

3. осы байқау қорытындысы бойынша Кауменова Салтанат, "Современное социально-экономическое состояние моногородов Казахстана и анализ текущей ситуации на примере г.Аркалык" жұмысымен ІІ орынға ие болды. Ғылыми жетекші: аға оқытушы Есимханова Назира Избастиевна.

Жоғарғы оқу орынның ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері республикалық олимпиадалардың үлкен жетістігіне айналды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өткен VI республикалық олимпиадада «Эссе» номинациясы бойынша бірінші орынды 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының ІІІ-курс студенті Елдос Тоқтарбай иленcе, сондай-ақ «Кешенді талдау» номинациясы бойынша бірінші орынды «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының ІІІ-курс студенті Ұлдана Әліқұл жеңіп алды; 

Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен VI республикалық олимпиадада командалық есепте 5В010700-«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының студенттері (БС-41,31 топ студенттері Н.Әбшүкіров пен Оралтай Иманқұл ) ІII-дәрежелі дипломға, сондай-ақ «Мен және өнер» және «АРТ.Қазақстан. Әлем» тақырыбындағы жұмыстарымен ІI орын иеленді;

Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өткен VI республикалық пәндік олимпиадада командалық есепте «Химия» мамандығының студенттері (4 курс Жұмабеков Жәнібек, Ахатова Сымбат, Нүркенова Айгерім) ІII-дәрежелі дипломмен марапатталды; 

Түркістан қаласында Х.А.Яссави атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен VI республикалық пәндік олимпиадада командалық есепте 5В010300 «Педагогика и психология» мамандығының студенттері (Асанова Айтолқын 4курс,Сарманов Исламхан 3курс, Тоқтарбай Гүлжиһан және Орманбек Айсара 2курс) ІII-дәрежелі дипломмен марапатталды;

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өткен VI республикалық пәндік олимпиадада командалық есепте «Халық тарих толқынында» жобасы бойынша «Тарих» мамандығының 3курс студенттері (Дастан Мұхтар, Жансая Қонисбекова, Гүльназым Мұқашева, Ақерке Жақыпбек 3курс) I-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Talk to us

87143072488