Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

  • Басты бет
  • Талапкерге
  • Студенттің Ар-намыс кодексі

Студенттің Ар-намыс кодексі

• Студент Қазақстан Республикасының лайықты азаматы, таңдаған мамандығының шебері болуға, өз бойында шығармашылық тұлғаның жақсы қасиеттерін дамытуға ұмтылады.

• Студент өзінен үлкендерге құрметпен қарайды, өзін қоршаған адамдарға дөрекілік көрсетпейді, мүмкіндігінше әлеуметтік қорғалмаған адамдарға қамқорлық көрсетеді. 

• Студент – әдептіліктің, мәдениеттің және адамгершіліктің үлгісі, өнегесіздікке қарсы, дініне, ұлтына және жынысына байланысты кемсітушілікке жол бермейді.

• Студент салауатты өмір салтын ұстанады және зиянды әрекеттерден толықтай бас тартады. 

• Студент ЖОО-ның дәстүрлерін құрметтейді, институт мүлкін, Студенттер үйіндегі тазалық пен тәртіпті сақтайды. 

• Студент ЖОО-ның беделі мен корпоративтік мәдениетін жоғарлатуға, шығармашылық белсенділікті дамытуға бағытталған барлық пайдалы қызметті (оқу-ғылыми, спорттық, шығармашылық және т.б.) қажет деп таниды.

• Институт қабырғасынан тыс уақытта студент жоғары мектеп өкілі екенін естен шығармайды және оның беделі мен абыройын барынша сақтауға күш салады. 

• Студент академиялық келеңсіздіктің барлық түрлерімен күресуді өз міндеті деп санайды, оған жататындар: білімді бақылау үрдісінде көшіру немесе басқа адамдардан көмек сұрау, өз еңбегінің нәтижесі деп барлық көлемде дайын оқу материалдарын (оның ішінде Интернет ресурстарын қосқанда), тапсыру (рефераттар, курстық жұмыстар, бақылаулар, дипломдық және басқа жұмыстар), - дәлелді себепсіз оқудан қалу, кешігу, жоғары баға алу мақсатымен туыстық және қызметтік қатынастарды пайдалану.

• Студент жоғарыда аталған академиялық келеңсіздіктердің барлығын Қазақстанның саяси, экономикалық болашағын жарқын ету жолындағы, сапалы және бәсекеге қабілетті білім алу жолындағы үйлесімсіздік деп қарастырады.

Talk to us

87143072488