Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Қабылдау ережелері

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына қабылдау

Жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар қабылданады.
Шығармашылық дайындықты талап ететінжоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға түсушілерді қоспағанда,ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімніңбілім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ұлттық жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру ұйымдарына ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, ҰБТ нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, «Педагогикалық ғылымдар», «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша–кемінде 60 балл, басқаларға – кемінде 50 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.
Шығармашылық дайындықты талап ететін, ҰБТ-дан өткенжәне республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ұлттық жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру ұйымдарына ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттарын қоспағанда, ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 60 балл, басқаларға – кемінде 50 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 60 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алуы қажет.
Шығармашылық дайындықты талап ететінжоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға түсушілерді қоспағанда,ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсуші техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдарҰБТ нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пәннен – кемінде 5 балл және арнаулы емтихан бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.
Шығармашылық дайындықты талап ететін, ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген,қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсуші техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдарҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде шығармашылық емтиханнан – кемінде 5 балл және арнаулы пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға қабылданады.
«Орта буын маманы» немесе «қолданбалы бакалавр» біліктілігін алған, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ЖЖОКБҰ-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы негізде оқуға түсушілерді қабылдауды жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

Жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі

Түсушілерді Жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері қатарына қабылдау Жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаныңбұйрығымен қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылғы 10 - 25 тамыз аралығында өткізеді.
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантының иегерлері, сондай-ақ оқуға ақы төлеуі азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен жүзеге асырылған оқуғатүсушілер тиісті білім беру бағдарламалары топтарынан білім беру бағдарламасын таңдайды.
Оқуға түсушілер қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтініш:
1) жалпы орта, техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжатын (төлнұсқа);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосуретін;
4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
5) ҰБТ сертификатын;
6) ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)»білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
7) білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар,жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары артықшылықты құқық және квота беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін оқуға түсушілерді қоспағанда, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды алмаған (ҰБТ нәтижесі бойынша) адамдар 1 (бірінші) академиялық кезең аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады
Білім алудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін бұл адамдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№15173болып тіркелген) (бұдан әрі – №204бұйрық) белгіленген мерзімде ҰБТ-ны қайта тапсырады.
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған адамдар куәлікте көрсетілген Жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау жөнінде өтініш береді және Жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен студент қатарына қабылданады.
Жоғары білімнің шығармашылық білім беру бағдарламалары топтары бойынша білім беру грантын тағайындау туралы куәлік иегерлері өздері шығармашылық емтихан тапсырған Жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылданады.

Talk to us

87143072488