Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

  • Басты бет
  • Дарынды студенттерді қолдау бағдарламасы

Дарынды студенттерді қолдау бағдарламасы

Алғы сөз

Дарындылық (талант) — тұлғаның оның интеллектуалдық, мәдени, психофизиологиялық ерекшеліктері негізінде басқа адамдармен салыстырғанда бір немесе бірнеше іс-әрекет түрінде жоғарырақ, көрнекті нәтижелерге жету мүмкіндігін анықтайтын жүйелі, өмір сүру барысында жетіліп отыратын қасиеті.

Дарынды (талантты) студент, жасөспіріп, жас адам белгілі бір іс-әрекет түріндегі жарқын, анық, кейде үздік нәтижелері арқылы ерекшеленеді.
    Дарындылықтың (таланттың) деңгейі, өзіндік сапалық белгілері және даму мінездемесі баланың күрделі табиғи салымдарының кешені және әлеуметтік ортасы, жанама іс-әрекеті (ойын, оқу, шығармашылық, еңбек) арқылы анықталады. Осыған байланысты, қабілеттердің көрінуі мен дамуына дарынды (талантты) студенттер мен жастардың өзіндік белсенділігі үшін жасалынатын жағдай ерекше маңызға ие болып табылады. Жастардың дарындылығының (таланттылығының) әлеуметтік маңыздылығы кәсіби әрекетімен байланысты. Дарындылықтың (таланттылықтың) белгісі, әдетте, кәсіби іс-әрекет аясындағы үздік нәижелерге қол жеткізу болып табылады.
  Кәсіби іс-әрекет аясынан тыс дарындылық, әдетте, қоғаммен мойындалмайды (жеке қызығушылығы аясынан шықпайды).

Жалпы ережелер

1. 5В010300 – Педагогика және психология мамандығында білім алатын дарынды студенттерді қолдаудың мақсаты мен міндеттері

1.1. Бағдарламаның негізгі мақсаты 5В010300 – Педагогика және психология мамандығының дарынды студенттерін анықтау, қолдау және дамытудың тұтас жүйесін құру болып табылады .
1) дарынды балалар мен жастарды іздестіру, тәрбиелеу және оқытудың стратегиясын анықтау;
2) ҚР біртұтас және үздіктіз интеллектуалды потенциалын қалыптастыруды қолға алу және дамыту;
3) талантты жастардың әлеуметтік-мәдени қалыптасуына ықпал ету.

1.2. Бағдарламаны іске асыру аясында келесі мәселелерді шешу алға қойылды:
1) сұранысқа ие дайындық бағыттары бойынша білім алудың қол жетімділігін қамтамасыз ету, студенттердіңң оқу мен ғылымға қызығушылығын ояту, Қазақстан Республикасы экономикасы үшін құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
2) заманауи ғылыми және педпгогикалық жетістіктерді кең түрде қолдана отырып дарынды студенттермен жұмыс жасаудағы білім беру және тәрие қызметтерінің сапасын арттыру;
3) дарынды студенттердің материалдық қолдауы мен әлеуметтік қорғанысын дамыту;
4) студенттерге патриоттық тәрбие беру, оларды құқықтық және саяси мәдениетті қалыптастыру, ЖОО-ның қоғамдық-саяси өміріне саналы, жауапты және белсенді түрде араласуға ықпал жасау.

2. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары

Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары болып табылады:
2.1. дарынды студенттермен жұмыс жасауды жетілдіруге бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді қабылдау;

2.2 дарынды студенттерді интеллектуалды және шығармашылық әрекетке белсендірек кірістіру мақсатындағы іс-шараларды жүзеге асыру;

3. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

Бағдарламаны іске асыру қамтамасыз етеді:

3.1. дарынды студенттерді анықтау, дамыту және қолдаудың өнімді жүйесін қалыптастыру;

3.2. студенттердің қоғамдық белсенділігін жоғарылату;

3.3. ЖОО-ндағы дарынды студенттердің тәрбиеленуі мен білім алуының қол жетімділігін кеңейту;

3.4. студенттердің қалалық, облыстық республикалық, халықаралық шығармашылық байқауларға, фестивальдерге, олимпиадаларға, спорттық жарыстарға кең көлемде қатысуы;

3.5. дарынды студенттермен жұмыс жасауды қамьамасыз ететін мекемелердің материалды-техникалық базасын бекіту.

4. Дарынды студенттерді қолдау шараларын ұсынудың реті мен шарттары

4.1. Суденттерді Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ «______» медалімен марапаттау.

4.2. үздік ғылыми жобаны жасауға қатысқан студентке сыйақы тағайындау.

4.3. «Үздік жыл студенті», «Үздік студенттік ғылыми жобалар» сыйақыларын тағайындауға байқаулар өткізу.

  «Педагогика және психология» мамандығының III курс студенті Құрманова Алтын жан-жақтылығымен дамыған, 2017-2018 оқу жылынан бастам Президент шәкіртақысының иегері болып табылады. Студент, қалалық шахмат жарысынан I орын алып, I-разряд деңгейін иеленді. Сондай-ақ, институтішілік, қалалық және республикалық ғылыми жобаларда, интеллектуалды сайыстарда бой көрсетіп жүрген белсенді студенттердің бірі.

 

Talk to us

87143072488