Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Білім беру бағдарламалары

5В010300-Педагогика және психология» мамандығының білім беру бағдарламасы мақсаттардың келесі сатысын көздейді:

жалпы білім беру пәндерінің мақсаттары мен міндеттері: дамудың жалпы жоғары интеллектуалды деңгейін қамтамасыз ету, кең фундаментальды білімі бар, бастамашыл, еңбек және технологиялар нарығының өзгергіш талаптарына бейімделген, командада жұмыс істей алатын жаңа форматтағы маманды дайындау.

-базалық пәндерді оқытудың мақсатттары мен міндеттері:
педагогика және психология саласында кәсіби дағдыларды сапалы меңгеру үшін жағдай жасау, болашақ бакалаврлардың жоғары кәсіби білімнің екінші сатысына өтуі үшін фундаментальды теориялық дайындығын қалыптастыру.

- кәсіптеніру пәндердің мақсаттары мен міндеттері:
мейлінше өсу үшін жұмыс күші нарығында бәсекеге қабілетті түлектерді қалыптастыру.
білім беру саласында жеке бағдарлама таңдау және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.

«5В010300 – Педагогика және психология» мамандығындағы білім беру бағдарламасы мамандықтың пәндерімен оқу-әдістемелік кешендерін біріктірген мемлекеттік және жоо-ның құжатнамасынан тұрады. МОӘК-не мамандық бойынша ұйымдастыру және әдістемелік құжаттар кіреді, ПОӘК-не пән бойынша оқу процессін жоспарлауды және өткізуді анықтайтын оқу-әдістемелік құжаттар кіреді.
Оқу бағдарламасын жүзеге асыру барысында білім беру процессін ұйымдастырудың кредиттік-модульдік жүйесі қоладнылады, ол БББ мазмұнын ұсынудың модульды принципіне және оқу жоспарларының құрылуына, сынақ бірліктерінің жүйесін (кредиттерді) және сәйкес білім беру технологияларын пайдалануға негізделеді
БББ мазмұнына кіретіндер:
а) пәндердің толық тізімі (жалпы білім беретін, базалық, кәсіптендіру).
«5В010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша ЖОЖ бен МОЖ мына құрамдас бөліктер бойынша бөлінген, келесі пәндерді қамтиды:
Жалпы білім беретін пәндер (28 несие, 1260 сағат):
Міндетті құрамдас бөлік(21 несие, 945 сағат)
1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы
2. Философия
3. Шет тілі
4. Қазақ (орыс) тілі
5. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Таңдау бойынша (7 несие, 315 сағат)
1.Экологиялық қауіпсіздік
2.Әлеуметтану және саясаттану негіздері
3. Құқық және экономика негіздері

Базалық пәндер (69 несие, 3105 сағат):
Міндетті құрамдас бөлік (20несие, 900 сағат)
1. Кәсіби қазақ (орыс) тілі
2. Кәсіби бағдар шет тілі
3. Педагогика
4. Психология
5. Білім берудегі менеджмент
6. Бағалаудың өлшемдік технологиялары
7. Инклюзивті білім беру
8. Тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістері
9. Оқушылардың физиологиялық дамуы

Таңдау бойынша құрамдас бөлік (49несие, 2205 сағат)
1.Дін тану
2.Медиапедагогика
3.Өзін-өзі тану
4.Ыбырайтану
5.Қазак елі
6.Білім берудегі жаңа технологиялар
7.Жасерекшелік психологиясы
8.Жалпы психологиядан практикум
9.Гендірлік психология
10.Plan-program of course “Personality and her psychological development”
11.Әлеуметтік психология
12. Дифференциалды психология
13.Әлеуметтік психология
14.Психолог жұмысындағы әлеуметтік психологиялық тренингтер
15.Отбасы психологиясы
16.Педагогика және психологияның даму тарихы
17.Мектеп психологының жұмыс ұйымдастыру

Мамандық студенттері үшін базалық пәндер циклының қызметі - психологиялық-педагогикалық және арнайы – теориялық ғылымдар негіздері бойынша фундаменталды теориялық дайындықтан тұрады .
Кәсіптендіру пәндері (32 несие, 1440 сағат):

Міндетті құрамдас бөлік (5 несие, 225 сағат)
1. Тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесі
2. Психологияны оқыту әдістемесі

Таңдау бойынша құрамдас бөлік (27 несие, 1215 сағат)

1. Педагогикалық шеберлік
2.Шағын кешеңді мектепте педагог психологтың жұмысы
3.Ғылыми- педагогикалық зерттеудің әдістемесі
4.Эксперименталды психология
5.Психокеңестің негіздері
6. Арт - терапия
7.Тұлғаның психологиялық педагогикалық диагностикасы
8.Клиникалық психология
Қосымша курстар: (23 кредит)
1. Дене шынықтыру -8
2. Тәжірибе – 12
3. Қорытынды аттестация – 3
Кәсіптендіру пәндер теориялық білім ретінде олардың болашақ кәсіби қызметінің тағылымдық дағдылары мен іскерлігінің қалыптасуының негізі болып табылады.

Білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін орындауды жүзеге асыруға келесі құзыреттіліктер ықпал етеді:
 жалпы мәдени;
 кәсіби;
Жалпы мәдени құзыреттіліктер түлектің мына қабілеттерімен сипатталады:
 талаптанудың дербес деңгейін қалыптастыруға және объективті бағасын беруге қабілетті, сонымен қатар білім алушылардың интеллектуалды дамуының деңгейін көтеру дағдыларын меңгерген;
 моральдық нормаларды және адамгершілік мінез-құлық негіздерін меңгерген;
 әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымдардың негізгі ережелері мен әдістерін әлеуметтік және кәсіби міндеттерді орындау кезінде пайдалануға қабілетті;
 шет тілін білуді қарым-қатынас үшін және арнайы мәтіндерді оқуға түсінуге пайдаланады;
 әлеуметтік өзара әрекеттесулер құру кезінде оқыту процесіне қатысушылардың этномәдениетті және конфессиялық айырмашылықтарын ескеруге қабілетті;
 дене тәрбиесі мен денсаулықты күшейтудің құралдары мен әдістерін пайдалануға қабілетті, толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін дене дайындығының қажетті деңгейін сақтайды;

Кәсіби құзыреттіліктер түлектің мына қабілеттерімен сипатталады:
 психикалық және психофизиологиялық дамудың жалпы, ерекше заңдылықтарын және жеке ерекшеліктерін (бұзушылықтың әр түрлі типтерінде) есепке алуының құралдарын пайдалануға қабілетті, адамның әр жас шамасындағы мінез-құлқы мен қызметінің регуляциясының ерекшелігін біледі;
 психологиялық және педагогикалық зерттеудің сандық және сапалық әдістерін меңгерген;
 мәнді әлеуметтік, ғылыми немесе этикалық мәселелердің есебін болжайтын мәнді деректердің жинауын және интерпретациясын (кәсіби қызмет шеңберінде) жүзеге асыруға қабілетті;
 білім беру ортасы субъектілерінің бірлескен қызметін және тұлғааралық қатынастарын ұйымдастырудың тәсілдерін меңгерген;
 нормативті құжаттарды білуді және мәдени-ағартушылық жұмысында пәндік саланы білуді пайдалануға қабілетті;
 кәсіби міндеттерді шешуде мамандардың пәнаралық және ведомствоаралық ынтымақтастықта қатысуға қабілетті;
 әлеуметтік орта мен білім беру кеңістігінің қатерлерін және кәсіби қызметте денсаулықсақтағыш технологияларды меңгерген.
Түлектің кәсіби құзыреті келесімен сипатталады:
 психикалық және психофизикалық дамудың жалпы, ерекше (бұзушылықтардың әр түрлі типтерінде) заңдылықтарының және жеке ерекшеліктерінің есебін алудың құралдарын пайдалануға қабілетті, әр түрлі жас сатыларындағы адамдардың мінез-құлықтары мен әрекеттерінің ерекшеліктерін біледі;
 психологиялық және педагогикалық зерттеулердің сапалық және сандық әдістерін меңгерген;
 маңызды әлеуметтік, ғылыми және этикалық мәселелердің есебін ұйғаратындай пікірін білдіру үшін маңызды деректердің жинауын және интерпретациясын жүзеге асыруға қабілетті. (кәсіби қызмет шеңберінде);
 білім беру субъектілерінің бірлескен әрекеттері мен тұлғааралық өз-ара қарым қатынастарын ұйымдастыру тәсілдерін меңгерген;
 нормативтік құжаттарды білуді және мәдени-ағарту жұмысындағы пәндік саланың білімін пайдалануға қабілетті;
 мамандықтың жоғары әлеуметтік маңызын түсінеді, кәсіби этика принциптерін сақтайды;
 қоғамның әлеуметтік-мәдени құрылымының ерекшеліктерін, сонымен қатар ұлттық тәрбиенің ерекшеліктері мен принциптерін ескере отырып, полимәдениетті ортадағы кәсіби қызметті ұйымдастыру дағдыларын меңгерген;
 педагогиканы және психологияны оқытудың негізгі әдістерін меңгерген.

5В010300 – Педагогика және психология мамандығының түлектері келесі құзыреттіліктерді алады:
1. Жалпы білімділіктің:
 жаратылыс ғылыми және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер саласындағы фундаменталды білімі болуы;
 гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және жаратылыстану ғылымдарының негізгі қағидаларымен таныс болуы;
 психологиялық-педагогикалық білім беру, тәрбие беру және психологиялық-педагогикалық білім берудің стратегиясының мақсаттары мен міндеттерін түсінуде құзыретті болуы;
 өз ойын жазбаша және ауызша тілде (қазақ, орыс және шет тілдерінде) еркін жеткізуге қабілетті болуы, заманауи ақпараттық технологияларды білуі, меңгеруі және білімін ары қарай магистратурада жалғастыруы.
3. Әлеуметтік-этикалық:
-жалпы қоғамдық пікірлер мен ереджелерге, дәстүрлерге негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білуі;
-кәсіптік қызметінде этикалық және құқықтық мінез ережелерін сақтауы;
-Қазақстан халықтарының мәдениетімен салттарын білуі;
-басқа әлем халықтарының мәдениеті мен саттарына толератты болуы;
-Қазақстанның құқықтық жүйесінің негіздері мен заңдылықтарын білуі;
 еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болуы;
 педагогикалық және әлеуметтік коммуникацияларды;
 кәсіби қызметінде қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық процестердің дамуындағы қалыптасқан тенденцияларды анықтауға және ескере білуге;
 мемлекеттік тілді, қарым қатынас тілін еркін меңгеруге, шет тілдің бірін пайдалана білуге;
 кәсіби қауымдастықта қарым қатынас жасай алуға, өзінің кәсіби қызметінің нәтижесіне әлеуметтік жауапкершілік тартуға.
4.Экономикалық және ұйымдастыру-басқарушылық:
 Теориялық білімі болуға және ұйымдастыру-басқарушылық қызметінің тағылымдық іскерлігі болуға;
 Экономикалық білім негіздерін меңгеруі,менеджмент, маркетинг, қаржы туралы ғылыми түсініктерінің болуы;
 Психологиялық және педагогикалық менеджмент бойынша білім деңгейін үнемі көтеріп отыруға;
 пәндік, психологиялық-педагогикалық, әдістік білімдер, іскерліктер, дағдылар жүйесін білуге, педагогикалық қарым қатынас және тұлғаны белгілі бір құндылықтарды, идеалдарды және педагогикалық сананы алып жүруші деп тануы;
 Басқа адамдармен қажетті байланыстарды қалыптастыру және қолдап отыру, көпшіл болу әрі жақсы араласуға;
 Өз жұмысының нәтижесін жақсартуға дайын болуға.
Арнайы құзіреттіліктер

А –білімі мен түсінігі:
А 1- психологиялық- педагогикалық ұғымдар, заңдар және құбылыстар негіздері туралы білімі;
А 2-тәрбие мен оқыту үрдістеріндегі түлғаның даму заңдылықтары туралы білімі;
А 3- әртүрлі педагогикалық жүйелердің ерекшеліктері туралы және сонымен қатар әртүрлі білім деңгейіне арналған білім беру бағдарламалары жайлы білімі;
А 4- тұлғаның тұрақты психоэмоциональдылығын қалыптастыратын инновациалық технологиялар мен тоериялық негіздер жайлы білімі;
А 5-білім беру процесінде субьектілердің психологиялық және психикалық денсаулығын сақтау туралы білімі ;
А 6- кәсіптік мінез құлық ережелерімен психологиялық, педагогикалық қарым қатынастың дидактикалық негіздері жайлы білімі .

В –білімі мен түсінігін қолдануы:
В 1 –білім беру үрдісінің барлық деңгейінде психологиялық педагогикалық көмектерді жүйелі ұйымдастырудың әдістерімен құралдарын меңгеруі;
В2 – тұлғаны дамыту мен тәрбиелеу, оқыту міндеттерін шешуге психологиялық педагогикалық бағыталған әдістемелік материалдармен өз бетінше бағдарлама әзірлеу;
В 3- субьект-субьект қатынасын орнатуға бағытталған психологиялық қамтамасыз етілген білім беру міндеттері туралы білімін қолдануы;
В 4- әртүрлі әрекет түрлері мен педагогикалық үрдістерді іске асыру мен модельдеу қабілеттілігі;
В 5- әртүрлі даму аймағында әртүрлі жастағы оқушы тұлғаларға диагностикаларды өткізу ;
В 6-шығармашылық ғылыми-зерттеу әрекеттеріндегі, өз бетінше білім алуға даярлық, кәсіби әректтегі жаңа технологиялар мен инновациалық идеяларды іске асыру.

С – шешім қалыптастыру:
С 1- педагогикалық әрекеттегі тұтас тәрбие мен жүйелеп ойлау;
С 2-ойлау, сыни, аналитикалық, диагностикалық дағдылардың тәуелсіздігі;
С 3- кәсіптік этика қағидаларын сақтап, педагогикалық кәсіптің әлеуметтік мәнін түйсіну;
С 4- педагогика мен психология аймағында шешім қалыптастыру және талдау қабілеттілігі.

Д –тұлғалық қабілеттілік:
Д 1- қатынас стратегиясы мен педагогикалық риторика дағдыларын, қарым-қатынас технологияларын игеру;
Д 2- педагогикалық ынтымақтастыққа қабілеттілік пен толеранттылық;
Д 3-ұйымдастыру-басқару дағдыларына, қарым-қатынастық, мәденитұлғалық, моральдық-адамгершілік, интеллектуальдық дамуға ұмтылу;
Д 4- өзбетінше білім алу мен өзбетінше іске асыруға ұмтылу,педагогикалық әрекетке жоғары түрткі, жаңа инновациялық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу мен қолдануға қабілеттілік;
Д 5-еңбек тәртібін сақтауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға қабілеттілік.


5В010300 «Педагогика және психология» мамандығы бакалаврының біліктілік сипаттамасы

1. Біліктілік және лауазымдар тізбесі

5В010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша оқу
бітірген түлекке білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Біліктілік және лауазымдар ҚР Білім және ғылым министрлігінің 13 шілде 2009 ж. №338 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдардың типтік біліктілік сипаттамаларына» сәйкес анықталады, еңбек өтілінсіз жоғары деңгейдегі маман ретінде жұмысқа қабылданып,
- педагог- психолог қызметін атқара алады

Кәсіби қызмет саласы

5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығы білім бакалаврының кәсіби қызмет аясы: білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесін жобалау; тәрбиеленушілердің әлеуметтік дамуы мен тұлғалық мәселелерін педагогикалық-психологиялық тұрғыда зерттеу; білімгерлердің жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, түзету және дамыту бағдарламаларын жасау болып табылады.

Кәсіби қызметінің нысандары:

5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығы білім бакалаврының кәсіби қызметінің нысандары болып:
- мектепке дейінгі оқыту мен тәрбилеу мекемелерінің барлық типтері;

- жалпы білім беретін орта мектеп жүйесі, соның ішінде лицейлер, гимназиялар, шағын комплектілі мектептер, санаторлік мектептер, спорт мектептері, балалар үйі;
- арнайы түзету мекемелері (ақыл-ой және дене дамуында кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерге арналған сыныптар мен мектеп-интернаттар);
- бастапқы кәсіби білім беру мекемелері (лицейлер);
- орта кәсіби білім беру мекемелері (колледждер, училищелер).

 Кәсіби қызметінің пәні

5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығы білім бакалаврының кәсіби қызметінің пәндері: оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, міндеттері, мазмұны, ұйымдастыру формалары; Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасы талаптарын жүзеге асыру жолдары; потенциалды мүмкіндіктерін дамыту мақсатымен психиканың тұлғалық және когнитивтік аймақтарын зерттеу; тұлғаға бағдарланған білім беруді жүзеге асыру.

Кәсіби қызметінің түрлері

5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы білім бакалавры төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін атқарады:
- ұйымдастырушылық-технологиялық (педагогикалық технология негізінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру);
- өндірістік және басқару («субъект-субъектінің» өзара әрекеті);
- жобалау (жалпы білім беретін орта мектептегі білім беруді моделдеу);
- ғылыми-зерттеу (түрлі ғылыми-зерттеу ұйымдарындағы ғылыми-зерттеу жобаларын модельдеу және жүзеге асыру, ұйымдастыру);
- білім беру (психология және педагогиканы оқыту, мамандарды дайындау және қайта дайындау).

Кәсіби қызметінің функциялары

5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығы білім бакалавры төмендегідей функцияларды атқарады:
- оқушылардың субъектілік іс-әрекетін ұйымдастыру және тұлғаның қалыптасуы мен даму процесін басқару;
- оқушылардың әлеуметтік және психологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жасауға ат салысу;
- білім беру мекемелерінде педагогикалық процесті ұйымдастыруға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;
- әлеуметтік бейімделуге кедергі тудыратын жағдайлардын алдын алу;
- ата-аналардың психологиялық-педагогикалық сауатын ашу.

Кәсіби қызметінің типтік міндеттері
5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығы білім бакалаврының кәсіби қызметінің типтік міндеттері:
- оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру мен дамытуда қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау;
- отандық және әлемдік стандарттардың талаптарына сәйкес Білім берудің сапалық деңгейін көрсету;
- озық педагогикалық технологияны меңгеру және оны тәжірбиелік іс-әрекетке ендіру;
- педагогика және психология саласында ғылыми-зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру және өткізу.

Кәсіби қызметінің мазмұны:
- оқушылардың әлеуметтік және психологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған психологиялық-педагогикалық іс-әрекет;
- психология, педагогика ғылымындағы өзекті мәселелерді зерттеуге бағытталған ғылыми-зерттеу іс-әрекет;
- тәрбиеленушілердің психологиялық-педагогикалық диагностикасы;
- педагогикалық ұжым мен ата-аналарды тәрбиеленушілердің әлеуметтік дамуы мен жеке тұлғалық мәселелеріне бағыттау мақсатында жүргізілген зерттеу жұмысының деректері бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасау.
- дарынды балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;
- педагогикадан және психологиядан алған теориялық білімдерді тәжірбиеде қолдану мәселелері бойынша тәрбиешілерге, педагогтарға кеңес беру;
- 12 жылдық бейіндік оқытуға көшуге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығы білім бакалаврының құзыреттілігіне қойылатын талаптар
5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығы білім бакалаврының педагогикалық процестің даму заңдылықтары туралы түсінігі болуы қажет.
5В010300 –Педагогика және психология мамандығы білім бакалавры Қазақстан Республикасының Конституциясын,        Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, «Қазаақстан Республикасындағы балалардың құқығы туралы» және басқа да білім беруге қатысты нормативтік-құқықтық актілерді, педагогика мен психологияның негіздерін білу керек.
Педагогика мен психологияның теориялық жағдайларын кәсіби іс-әрекетінде тәжірбие жүзінде қолдана білуі қажет.
  5В010300 – Педагогика мен психология мамандығы білім бакалавры білім беру мекемелерінде педпгогикалық процесті және психологиялық іс-әрекетті ұйымдастыру, оқу-тәрбие шараларының жоспарларының, жобаларын, бағдарламаларын жасап оларды мектепке дейінгі, жалпы орта, бастапқы кәсіби және орта кәсіби білім беру мекемелерінде жүзеге асыру дағдысын меңгеру қажет.
   Білім беру сапасын жақсарту мен көтеру, психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешуде құзыретті болуы қажет.

5В010300 - Педагогика және психология мамандығының білім беру бағдарламасын оқытуда бақылау және бағалау стратегиялары мен әдістері

  5В010300- Педагогика және психология мамандығының оқыту бағдарламасының жалпы нәтижелері келесі оқу іс-шаралар арқылы қол жетеді:
1) аудиториялық оқыту: дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар – оқытудың инновациялық технологиялары, технология мен ақпараттық жүйелер және ғылымның соңғы жетістіктерін пайдалана отырып интерактивті түрде өткізіледі;
2) аудиториядан тыс сабақтар: студенттің өзіндік жұмысы, оның ішінде оқытушының жетекшілігімен берілетін студенттің өзіндік жұмысы, жеке кеңес беру;
3) оқу және кәсіби тәжірибеден өткізу, дипломдық жұмысын дайындау.
   Мамандықтың білім беру бағдарламасының мазмұны студенттерге пәндік, пәнаралық, психолого-педагогикалық және әдістемелік жүйесін игеруге, педагогика және психология саласында осы алған білімдерін кәсіби деңгейде қолдануға мүмкіндік береді.
  Бағдарлама барысында дәрістер, семинарлар, пікірталастар, түрлі практикалық жаттығулар, студенттердің «5В010300 - Педагогика және психология» мамандығы бойынша негізгі және арнайы құзыреттіліктерін дамытуға кең мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда, педагогика және психологиядан алған теориялық білімдерін нақты әлеуметтік - педагогикалық жағдайларды ескере отырып, рациональды және шығармашылық қолдану, педагогикалық технологиялар мен ақпарат көздерін (мультимедиа оқыту бағдарламалары, электронды кітаптар, теледидар және интернет технологиялар) пайдалану.
  Профессор-оқытушылар құрамының басшылығы студенттердің өзіндік жұмыс, жеке кеңес беру, студенттердің оқу және ғылыми - зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бітіруші курс студенттері жетекшінің басшылығымен өздері таңдаған тақырыптары бойынша дипломдық жұмыстары бойынша жұмыс жасайды.
Бағдарламадағы білім беруге қойылған мақсаттарға стандартты (сызықтық, концентрлік) және стандартты емес (модульдік, кредитті, вариативті, инвариативті) түрлі жолдармен жеткізіледі.
   Заманауи оқыту технологияларын қолдана отырып өткізген сабақтар ең тиімді нәтижелер көрсетеді
• бейне дәрістер, слайд-дәрістер, презентациялар, аудио дәрістер, интерактивті тақтамен жұмыс
• ойын түрлері, тренингтер, медитация, рөлдік ойындар, педагогикалық және психологиялық жағдаяттар шешімін табу және т.б.
  «5В010300 - Педагогика және психология» - мамандығы бойынша бакалавр дайындауда студенттердің жетістікке жетуіне түрлі бақылау формалары қарастырылған: ағымдық және аралық бақылау (сабақ үстінде сауалнама жүргізу, оқу пәндері бойынша тест қабылдау, бақылау жұмысы, курстық жұмыс, пікірталастар, тренингтер, портфолио, эссе, кейс-стади, коллоквиум және т.б.), аралық аттестаттау(оқу пәндерінің бөлімдері бойынша тесттер, емтихан, практикадан өтуі бойынша есеп беру), қорытынды мемлекеттік аттестаттау (дипломдық жұмыс қорғау (жоба), мемлекеттік пәнаралық емтихан).

Бағалаудың критерийлерімен мен көрсеткіштері

Әріптік жүйе негізінде

Балдың сандық эквиваленті

Пайыздық көрсеткіш

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

Бағалау критерийлері

А

4,0

95-100

Өте жақсы

Студент өтіліп жатқан пән бойынша тек теориялық білімін жоғары деңгейде меңгеріп қана қоймайды, пәнаралық байланыстарын көре біледі. Практикалық жағдайларды талдай білу. Берілген материал нақты, түсінікті, дәлелденген. Ақпаратты және иллюстративті материалдар орынды қолданылған.

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

Студент, теориялық және практикалық білімін жеткілікті деңгейде көрсетеді, еркін санатты аппаратурамен жұмыс істейді. Практикалық жағдайларға талдау жасайды, бірақ кейбір жауабы қате. Материал жауабы логикалық тұрғыдан дұрыс ұсынылған.

В

3,00

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

Студент негізгі лекциялық және практикалық материалдан білімін көрсетеді.Жауап бергенде әрдайым логикалық тұрғыдан дұрыс бола бермейді. Студенттер практикалық мысалдар келтіруде қиындықтарды бастан  кешіреді.

С

2,00

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,00

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Студент теориялық білімнің төмен деңгейін көрсетеді, шынайы өмірден мысал келтіре алмайды. Материалды меңгермеген, логикалық реттілігі жоқ. Қосымша сұрақтарға жауап дұрыс емес немесе оларға жауап табу қиын.

 

Talk to us

87143072488